Дата публикации: 11.08.2023 19:15
Дата изменения: 11.08.2023 19:18

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің басшысының орынбасары Еммат Атиғолла ұлы Ерекенов кеден саласының кәсіби маманы,зейнеткерлік еңбек демалысына  шықты.
             Кеден және салық органдарында жұмыс істеген жылдары ол өзін жауапты және жоғары білікті маман ретінде көрсетті.
             Еңбек қызметін 1995 жылы Атырау облысы бойынша Кеден  басқармасы «Аэропорт-Атырау» кеден бекетінде аға инспектор болып бастады.

Ал, 1999 жылдан бастап 2013 жылдар аралығында және 2019 жылдан бастап зейнеткерлік еңбек демалысына шыққанға дейін басшылық қызметтерді атқарды.
              Жалпы жұмыс өтілі 42 жылды  құрады, оның ішінде кеден органдарында 19 жыл, ал Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 9 жылдай жұмыс істеді.
             Еммат Атиголла ұлы білімді,  ұжымның арасында бедел-құрметке ие. Кеден және салық органдарында ұзақ уақыт бойы қызмет атқарғаны үшін Атырау облыстың мәслихатының және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен, кеден саласында үздік қызметі үшін 3-ші деңгейдегі төсбелгі, ескерткіш төс белгілерімен  марапатталды.

Сонымен қатар, Еммат Атиголла ұлы тамаша жар, әке әрі ата, бір ұл мен қыз үш немере тәрбиелеп отыр. Бос уақытын отбасымен табиғат аясында серуендеу мен тауларда демалуға арнайды.
⠀.