Жарияланған күні: 06.08.2018 09:15
Өзгертілген күні: 06.08.2018 09:19

 

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА

«Бюджет қаражатын жымқыру  қылмыстық  жауапкершілікке  әкеп соғады»

        

Жалпы жымқыру қылмыстық құқықта – мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті, сондай-ақ, бөтен біреудің мүлкін пайдакүнемдік мақсатпен немесе басқалай жеке мүддені ойлап, өзінің не басқа адамның пайдасына бола заңсыз алу, қайтарымсыз иелену, өзінің меншігіне айналдыру немесе өзінің меншігі ретінде билеу болып табылады.

            Кез келген материальдық құндылықтар (ақша, зат,тауар, шикізат, т.б.),сеніп тапсырылған мүліктер жымқыру заты болуы мүмкін. Яғни жымқыру Қылмыстық кодексімен айқындалады және олар  төмендегідей  түрлерге бөлінеді:

 

  1. ұрлық - біреудің мүлкін көрсетпей жымқыру,
  2. алаяқтық – алдау, сенімге ену жолымен біреудің мүлкін жымқыру,
  3. тонау – біреудің мүлкін ашық жымқыру, иемденіп кету немесе талан-таражға салу – біреудің өзіне сеніп тапсырылған мүлкін жымқыру,
  4. қарақшылық – біреудің мүлкін жымқыру мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен шабуыл жасап тартып алу,
  5. қорқыту - біреудің мүлкін оған қоқан-лоққы жасау жолымен жымқыру.

 

           Сондай-ақ, билігін немесе қызмет бабын асыра пайдалану,бопсалау арқылы жымқыру түрлері де ұшырасады.

 

Негізі, бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілерінің көпшілігі сыбайлас жемқорлық сипатына ие және оларды көбінесе лауазымды тұлғалар жасайды. Яғни, сеніп тапсырылған бөтен мүліктікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстары өзіне сеніп тапсырған тұлғалармен  жасалады. Олар өздеріне берілген мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жағдайларын теріс пайдалана отырып, олар заңсыз жолмен сол заттарға деген құқықтық меншікті өздері иеленеді немесе басқа тұлғаларға иелену құқығын береді. Ол мүлік әр түрлі формада болу мүмкін мемлекеттік немесе жеке меншік.

Көбінесе  бұл қылмыста иеленіп алу затына – ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар немесе материалдық құндылықтар жатады. Жалпы ақшалай қаражаттарға – мемлекеттік кәсіпорындармен бөлінетін қаржы, банктегі салымдар (азаматтардың, заңды тұлғалардың) салған ақшалары;зейнеткерлік жинақ корларының,сақтандыру компаниялары мен басқа да қорлардың, заңды түлғалардың және т.б. акшалай қаражаттары жатуы мүмкін. Жалпы олардың ішіне жер учаскелері, өндірістік комплекстер, рудниктер, техникалық және компьютерлік жабдықтар, шикізаттар, материалдар, дайын өнімдер сауда обьектілері, ғимараттар, пәтерлер жатады.                                 Жоғарыда аталған қылмыстық қол сүғушылық заттарының экономикалық және әлеуметтік аяда өз алдына ерекше орны бар.Олардың әрқайсысы белгілі бір қаржы-шаруашылық операциялармен және тиісті коғам шеңберімен байланысты болып келеді.                  «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу»Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің  189 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соғады.  Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бүгінгі танда сенімге кіру жолымен жасалған бөтеннің мүлкін иелену мен ысырап ету қылмыстары жалпы қоғамның - мемлекетке, үкіметке, құқық қорғау органдарына сенімсіздікпен карау қаупін тудырады. Бүгінгі танда бұл бағытта құқық қорғау органдардың жұмысы өте жоғары атқарылуда. Бірақ қазіргі танда өкінішке орай бұл қылмыстардың саны азаймай, көбеюде. Бұл бағытта құқық қорғау органдарының жұмысы жалғасуда.

А.ж. 1-ші жартыжылдығында  Атырау  облысы  бойынша Мемлекеттік  кірістер департаментің  Экономикалық  тергеу  қызметімен  бюджеттік  қаржыны жымқыру дерегімен  25  дерек  тіркелді, оның ішінде  квазмимемлекеттік секторда  9 дерек, мемлекеттік  сатып алу саласында 5 дерек, мемлекеттік  бағдарламаларды  жүзеге  асыру саласында  8 дерек, сонымен қатар  қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастырудың  (жылыстату)  3 дерегі  анықталды. Аяқталған қылмыстық іс бойынша  келтірілген  залал мөлшері 39 979 830 теңгеніжәне  өндірілген  залал мөлшері 24 225 697 теңгені құрайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу», оның ішінде  мемлекет қаржысын жымқыру немесе талан-таражға салу»деректері бойыншақұқықбұзушылықтар орын алғанжағдайда, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59телефон нөмірлері арқылы хабарлауыңыз сұралады.

 

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ