Жарияланған күні: 01.07.2015 19:36
Өзгертілген күні: 05.04.2022 10:24

 

ЖАДНАМА

Заңды және жеке тұлғалардың алкоголь өнімін сақтау бойынша лицензия алу үшін:

 

 

 

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек, көтерме саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме, бөлшек саудада сату саласындағы қызметі түрі үшін берілген лицензиялар

 

  Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек, көтерме саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме

 

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2018 жылғы 17 қаңтардағы №18-01-38.3 бұйрығымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары үнемі Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндірумен қатар, Жолдаудың бағыттарын жүзеге асыруда оның ішінде салықтық-бюджеттік саясат және цифрландыру саласындағы  енгізіліп жаңашылдықты күнделікті өндірісте пайдаланып, жаңа жұмыс бағдарламаларын  қарқынмен меңгеруде.

Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап кедендік рәсімдерді оңтайландыруға, экспорт пен импорт үшін құжаттардың санын және оларды өңдеу уақытын азайтуға бағытталған «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі экспорттық, импорттық кедендік рәсімінде кедендік декларациялау бөлігінде тәжірибелік пайдалануға енгізілді.

2018жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қазанға дейін Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің кеден бекеттерінде 31020кедендік декларация (бұдан әрі – КД), оның ішінде 26431 КД импорт кедендік рәсімі бойынша, 4589 КДэкспорт кедендік рәсімі бойынша ресімделді (2017 жылғы 9 айда ресімделген 25639 КД-ның  21722 КД импорт бойынша, 3917 КД экспорт бойынша). Яғни есепті кезеңде импорт бойынша 85,2% декларация, экспорт бойынша 14,8% декларация ресімделді.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі бойынша 22781КД, оның ішінде жасыл дәлізбен – 20241 КД (88,6%),   сары дәлізбен – 1847 КД (8,1%),  қызыл дәлізбен – 366 КД (1,6 %) және көк дәлізбен 327 КД (1,4%) ресімделді.

«АСТАНА-1»ақпараттық жүйесі бойыншакедендік декларацияларды тіркегеннен кейін КД автоматты түрде тәуекелді бағалаудан өтеді, одан кейін 4 дәліздің біреуіне жолданады:

            1) тәуекел бейіндері іске қосылмаған КД жасыл дәлізге жолданады. Мұндай КД жеке шотта ақшалай қаражат болған жағдайда жүйе арқылы автоматты түрде шығарылады.

            2) құжаттамалық бақылауды жүргізу үшін КД сары дәлізге жолданады.

            3) кедендік бақылау жүргізілетін не тауарларды шығарғаннан кейін аяқталған КД көк дәлізге жолданады.

            4) бақылау жүргізу талап етілетін КД қызыл дәлізге жолданады, мысалы, кедендік жете тексеру, кедендік қарап тексеру, кедендік сараптама.

            Сонымен қатар, тауарды шығару кедендік декларацияларды жасыл не көк дәлізге ауыстыру жолымен жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

            Көк дәліз арқылы шығарылғанан кейін бақылау аяқталатын тауар шығарылады.

Сонымен, іске қосылған «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі автоматты болып табылады, өте ыңғайлы, қазіргі заманғы бағдармаламалық камтамасыздандыру, яғни экспортерлердің бизнесін қолдауда экспорттық-импорттық рәсімде кедендік ресімдеуді жеңілдетеді, осыған байланысты, еркін халықаралық сауда үшін қолайлы жағдай жасайды.

 

Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасының Камералдық тексеру бөлімінің бас маманы

Б.Сугиралиева

тел. 31-60-45

 

 

Хабарландыру

Құрметті салық төлеушілер!

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық және кеден төлемдерді төлеуді, қайтаруды және есепке алуды жеңілдету мақсатында 208 бюджеттік сыныптау кодтары (бұдан әрі – БСК) 89 БСК-ға дейін қысқартылғанын, 2015 жылдың 7-ші шілдесінен күшіне енетіні жайлы мәлімдейді.

Осыған байланысты бюджетке төленетін төлемдерді төлеу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 420  «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы бұйрығын басшылыққа алуыңызды сұраймыз.

Дұрыс БСК айқындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтында «Қазақстан Республикасының Бірынғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелеры туралы» Қазахстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 420 бұйрығы атауымен орналасқан «Бұйрық» және Басты бет – Ақпараттық ресурстар – Аңықтамалықтар  бөлімінде «2014 жалдың БСК жаңадан енгізілген 2015 жылдың БСК сәйкестігі кестесі» пайдалану қажет.

 

Мемлекеттік кірістер органдарының

салықтық тексеру жүргізу туралы хабарлама табыс ету туралы

 

100 нақты қадам-Ұлт жоспарын  іске асыру шеңберінде, мемлекеттік кірістер органдарымен салықтық әкімшілдендіруде, сыртқыэкономикалық қызмет пен салық төлеушілердің қолайлы жағдайын жасау мақсатында барлық шаралар мен қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар, салық төлеушілерге ақпараттық түсіндерме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

 Бүгін біз  салықтық тексеру жүргізу туралы хабарламанытабыс ету туралы айтатын боламыз.

1. Мемлекеттік кірістер органдары ҚР Салық Кодексінің 631 бабы негізінде, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе:

1) резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына;

2) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;

3) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметінің тоқтатылуына;

4) салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүзеге асырылатын салықтық тексерулерді қоспағанда, ішінара кешенді және (немесе)  тақырыптық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын, салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе тапсырады.

2. Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жіберіледі немесе тапсырылады.

Тапсырысты хатпен хабарланатын етіп почта арқылы жіберілген хабарлама почта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, жоспарлы кешенді және (немесе) жоспарлы тақырыптық тексеру хабарландырусыз жүргізіледі.

4. Хабарламада салықтық тексерудің түрі, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеру жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.

5. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті салық салуға байланысты құжаттарды жасырып қалуының немесе жойып жіберуінің негізделген тәуекелі бар болған не тексеруді жүргізуді мүмкін емес ететін немесе оны толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайлар болған жағдайларда салық төлеушіге (салық агентіне) тексерудің басталуы туралы хабарламастан салықтық тексеруді бастауға құқылы.

Мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органының жазбаша рұқсатының негізінде салық төлеушіге хабарламастан жүзеге асырады.

 

Аудит басқармасының басшысы Қалихан Ержанов

 

 

Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің (бұдан әрі - Ұлыбритания салық қызметі) құзыретті органымен берілген резиденттікті растайтын құжаттарды қолдану бойынша келесіні хабарлайды.

 

Резиденттік сертификаттағы салық мерзіміне қатысты.

ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі) 212 бабы 3 тармағына сәйкес резидент емес Салық кодексі 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжатты салық агентіне табыс еткен кезде халықаралық шарт қолданылады.

Салық кодексі 219 бабының 4 тармағына сәйкес Саылқ кодексі 26 тарауының ережелерін қолдану мақсатында резидент еместің резиденттігін растайтын құжат табыс алушы резидент еместің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді.

Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылады.

Егер резиденттікті растайтын құжатта резидент еместің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің осындай құжат берілген күнтізбелік жыл ішінде резиденті болып танылады.

Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты табыс алушы резидент емес резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырады.

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның құзыретті органдарының арасында жасалған уағдаластыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлыбритания Салық қызметімен берілген резиденттік сертификаттарын тек сондай сертификатта көрсетілген мерзімге ғана қабылдайды.  

         Жоғарыда келтірілгенді ескере отырып, Ұлыбритания салық қызметімен берілген резиденттік сертификаты резиденттікті белгілі бір күнге растаған жағдайлардаондай құжаттың негізінде салық агенті халықаралық шартты календарлық жылдың 1 қаңтарынан бастап сол календарлық жылдың резидент еместің сертификатқа сәйкес резиденттігі расталатын мерзіміне қолдана алады.

    Мәселен, егер резиденттік сертификаты 2013 жылғы 16 желтоқсанда берілген және резиденттікті 2013 жылғы 16 желтоқсанға қарасты растайтын болса, онда мұндай сертификат 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 16 желтоқсанға дейінгі мерзімге қолданылады.

Серіктестік резиденттік сертификаттарына қатысты.

Салық кодексі 212 бабының 1 тармағына сәйкес егер резидент емес халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, мұндай резидент емеске табыс төлеу кезінде немесе резидент еместің есептелген, бірақ төленбеген табысын шегерімге жатқызу кезінде салық агентінің салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.

Әкімшілендіру барысында Ұлыбритания резиденттік сертификаты заңды тұлға - серіктестіктің емес оның сәйкес Ұлыбритандық серіктес - резиденттерінің резиденттігін растайтын жағдайлар да анықталды. Мұндай жағдайларда ҚР салық органдары аталған сертификаттарды олардың Салық кодексі 212 бабы 1 тармағының талаптарына сәйкес келмеуі салдарынан қабылдамаған.

Ұлыбритания құзыретті органының ақпараты бойынша, осындай ұйымдық - құқықтық нысандағы тұлғалар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қосқанда) дербес салық төлеушілер болып саналмайды.

Мұндай резиденттік сертификаттарында Ұлыбритания құзыретті органы сертификатқа олардық тізімін қоса отырып оның жеке серіктестерінің резиденттігін растайды (сертификат үлгісі қосылған).

Ұқсас жағдайларда, екі ел құзыретті органдарының уағдаластығы бойынша, резидент емес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолодануда талап етуге құықлы. Бұл ретте халықаралық шарттың ережелері ҚР көздері табыстарына Ұлыбритания резиденттерінің сондай серіктестіктегі қатысу үлесіне сәйкес қолданылады. Осылайша, аталған жағдайларда Ұлыбритания резиденті болып табылмайтын серіктестердің қатысу үлесін анықтап алу қажет.

Әрбір серіктестің қатысу үлесін анықтау мақсатында салық органдары ондай ақпаратты мекенжайы резиденттік сертификатында көрсетілген серіктестіктің өзінен сұрау салуға құқылы.

Ұлыбритания резиденттік сертификаттарын апостильдеу тәртібіне қатысты.

Ұлыбритания құзыретті органының ақпаратына сәйкес, қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттардың ережелерін қолдану мақсатында Ұлыбританияда резиденттік сертификаттарын апостильдеудің келесі тәртібі қолданылады.

Ұлыбритания салық қызметінен резиденттік сертификатын алған соң салық төлеуші апостиль қою үшін сертификатты Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің сәйкес бөліміне ұсынады. Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі олардық деректер базасына сәйкес резиденттік сертификатындағы салық органы инспекторының қолын куәландыратын апостильді қояды. Содан соң, апостиль қойылған резиденттік сертификаты сәйкес табысты төлейтін тұлғаға ұсыну үшін салық төлеушіге қайтарылады.

 

 

Тамақтарды  әкелуге  уақытша шектеу қабылданды

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 15 қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағына   құс еті және кейбір тауарларға әкелу және өткізуге уақытша шектеу қабылданғанын хабарлайды.

Ресей тауарларынан төмендегі тағамдар:

«Хохланд» ЖШҚ өндірген әртүрлі дәмі бар «HOCHLAND» балқытылған ірімшігі, «Преображенский» ЖШҚ МК өндірген әртүрлі дәмі бар глазурленген ірімшігі,«Кампина» ЖШҚ өндірген йогурт сусындары, «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген  «Славянские қант қосылған қойылтылған кілегей» құрамында сүт бар қойылтылған өнімі, «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ өндірген сосиска өнімі, «Яшкино» сауда маркасының вафлилері.

Сонымен қатар, Қырғыз Республикасынан  «Ак сут» АҚ өндірген «Шаруа»  сары майын;

Аталған шаралар  қазақстандық нарықты қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету  үшін  қабылданған.

 

Кедендік бақылау басқармасының басшысы

Асқар Сарсекенов

Тел. 30-64-90, 35-41-35

 

 

Салық кодексінің 301 және 304 баптарының қолданылуын көрнекі мысал негізінде қарастыру және осы баптарына түсініктемелер.

 

"Экспорт" ЖШС шикі мұнайды Кеден одағының шегінен тыс, Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласына уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып экспорттауды жүзеге асырды.

Тауарларға уақытша декларация 2014 жылғы желтоқсанда берілген, тауарларды жеткізу 2015 жылғы қаңтарда жүзеге асырылды, 2015 жылғы қаңтарда жеткізілген шикі мұнай үшін тауарларға толық декларация 2015 жылғы наурызда берілген (жеткізу уақытының кезеңі - "қаңтар" тауарларға толық декларацияның 31-бағанында көрсетілген).

Бұл реттетауарларға толық декларацияда көрсетілген мәліметтер бойынша «Брутто салмағы (кг)» деген 35-бағанда шикі мұнайдың брутто салмағы 80000 кг деп көрсетілген, «Нетто салмағы (кг)» деген 38-бағанда да осы көлем көрсетілген. Бұдан басқа, «Жүк орындары және тауарлардың сипаты» деген 31-бағанда 8-ші нөмірмен жеткізу шарттарына сәйкес сатып алушыға нақты берілген шикі мұнай көлемі жөніндегі мәліметтер 78000 кг көлемінде көрсетілген.

ТҰЖЫРЫМ

Тиісінше, экспортқа салынатын рента салығын есептеу мақсаттары үшін шикі мұнайдың тауарларға толық декларацияның 35-бағанында көрсетілген 80000 кг көлемі салық салу объектісі болып табылады. Бұл ретте шикі мұнайды жеткізу жүзеге асырылған кезең – 2015 жылғы қаңтар, яғни 2015 жылғы 1-тоқсан салық кезеңі болып табылады. 

Түсініктеме

 

  • Салық кодексінің 301 және 304-баптарында экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының, көмірдің көлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады деп белгіленген. Бұл реттекүнтiзбелiк тоқсан экспортқа рента салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.
  • Бапты қолданған кезде тиісті жылдардағы Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын басшылыққа алу қажет.
  • «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 316-бабының 1-тармағында Кеден одағының тауарлары Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және одан тысқары жерлерде тұрақты болуға арналған кездегі кедендік рәсім экспорт болып табылады деп белгіленген.

2008 жыл 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімнің 1-бабына сәйкес тауарлар экспорты - салықтөлеушілердің (төлеушілердің), сататын тауарларды кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына қатысушы екінші бір мемлекеттің аумағына әкетуі болып табылады.

«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 19) тармақшасына экспорт —  өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету.

Тиісінше, экспортқа салынатын рента салығын есептеу мақсаты үшін Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету экспорт деп түсініледі.

  • «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 294-бабының 1 және 3-тармақтарындатауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілген, сондай-ақ оларға қатысты саны және (немесе) кедендік құны туралы дәл мәліметтерді ұсыну мүмкін болмайтын жағдайларда, тауарларға уақытша декларация беру арқылы уақытша кедендік декларациялауға жол беріледідеп белгіленген.

Тауарлар жеткізілімінен кейін декларант толық декларацияны беру уақытша кедендік декларацияда мәлімделген тауарлар жеткізілімі үшін көзделген уақыт кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей уақыттың мәлімделген кезеңінде жеткізілген тауарларға толық декларация беруге міндетті.

Осылайша, тауарларға толық декларация мұнайдың Кеден одағының шегінен тыс экспортталғанын растайтын құжат болып табылады.

  • Кеден кодексі 294-бабының 2-тармағындаКеден кодексінің 449-бабынасәйкесҚазақстанРеспубликасыныңаумағындағынемесе оның шегінен тыс құбыржолкөлігіменөткізілетінтауарлардыесептеуаспаптарынорнатуорындарыжөнелтунемесеәкелуорындарыболыптабылады деп белгіленген.

Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың (бұдан әрі – Нұсқаулық) 15-тармағының 33) және 36) тармақшаларына сәйкес құбыржол көлігімен тасымалданатын тауарларды декларациялаған кезде «Нетто салмағы» деген 38-бағанда тауарға декларацияның 35-бағанында көрсетілген салмағы көрсетіледі. «Брутто салмағы» деген 35-бағанда тауардың «брутто» салмағы килограммен көрсетіледі, ол туралы мәліметтер тауарға декларацияның 31-бағанында көрсетіледі. Құбыржол көлігімен тасымалданатын тауарларды декларациялаған кездетауардың жалпы салмағы көрсетіледі.

Осылайша, Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес шикі мұнайдың, газ конденсатының тауарға толық декларацияның 35-бағанында көрсетілген, өндіріп алу кеден органдарына жүктелген кедендік баждардың, өзге де төлемдердің сомаларын есептеу не өзге де кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын көлемі экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі болып табылады.

  • Кеден кодексі 294-бабының 2 және 3-тармақтарында Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде кедендік операциялар жүргізілетін немесе тауарлар жөнелтілетін орыннан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келетін немесе әкелінетін орыннан мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарылған тауарлар жеткізілімі жүзеге асырылатын уақыт кезеңі күнтізбелік айдан аспауға тиіс деп белгіленген.

Осылайша, тауарларға уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, шикі мұнайды, газ конденсатын жеткізу жүзеге асырылған уақыт кезеңі экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес экспортқа салынатын рента салығын төлеу бойынша тиісті салық кезеңіне жатады.

  • Шикі мұнайдың, газ конденсатының экспортына салынатын рента салығын есептеу мақсатында өлшем бірліктерінбаррельден метрлік тоннаға ауыстыру үшін мұнайдың әрбір тиісті партиясы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы маршрут басындағы көліктік ұйымның мұнайды тапсыру және қабылдау пунктінің есепке алу аспабында ресімделген сапа паспортында көрсетілген баррелизация коэффициенттері қолданылады. Бұл ретте баррелизация коэффициенттері экспортталатын шикі мұнайдың, газ конденсатының техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес өлшеудің стандартты жағдайларына келтірілген нақты тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып белгіленеді.

 

 

Әзірше ойыншықсыз ойнаймыз

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 16-ПГВр қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағына  Ресей,  Беларусь, Қытай елдерінде жасалынған бірқатар  ойыншықтарды әкелу және өткізуге уақытша шектеу қабылданғанын хабарлайды.

Соның ішінде  «ООО Строим вместе счастливое детство»,ОАО «Аэлита»,  ОАО «Росигрушки», ООО «Пластмассы», ООО «Фокс», ОАО «Чебоксарское произведенное объединение им. В.И. Чапаева»і Ресейлік өндірушілердің ойыншықтарын әкелу шектелген. 

Сонымен қатар,  уақытша шектеу Беларусь Республикасы Кобрин қаласында жасақталған «Занимательная черепаха» ойыншығы, Кытайдан Disnep PIXAR Carz, JINHUAFENG PLASTISOL TOY FACTORY, JINHUAFENG PLASTISOL TOY FACTORY, KIDDIELAND TOY LIMITED фирмаларының кейбір өнімдеріне (мысалы, дабыл(бубен), сылдырауық(погремушка), «Музыкалық үзіліс», т.б.) таратылады.

Аталған шаралар  қазақстандық нарықты қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету  үшін  қабылданған.

Кедендік бақылау басқармасының басшысы Асқар Сарсекенов

 

«Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы №124 және «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын берудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы №238 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтарына сәйкес Сізден, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің интернет ресурстарында төмендегі ақпаратты жариялауыңызды сұраймыз:

         Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алушы үміткерлерге емтихан 2015 жылдың  29 қазанда  сағат 10-00 Атырау қаласы, Абай көшесі 8, Оқу-әдістемелік ғимаратында өтетіндігін хабарлайды. Емтиханның өткізілуі туралы сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар  35-41-35, 35-42-09 (ішкі 134).

 

Оңалту және банкроттық туралы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы

 

2015 жылғы 13 қарашада Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды (заңды күшіне 2015 жылдың 1 желтоқсанынан бастап енеді).

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті оңалту және банкроттық туралы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы хабарлайды:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (қолданыстағы редакция) 33-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (жаңа редакция) 35-бабы жаңа нормамен толықтырылып, оған сәйкес, егер тараптарының бірі оңалту рәсімін қолдану немесе банкрот деп тану туралы шешім заңды күшіне енген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға болса, талап қоюды оған қатысты оңалту рәсімін қолдану немесе осындай тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім шығарған сот қарайды.

Бұл ретте сотты ауыстыру жағдайлары қарастырылған.

2. Қолданыстағы және жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі дереу қаралуға жатқызылған сот актілерінің тізбесі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімімен толықтырылды.

3. Қолданыстағы және жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың төлем қабілетсіздігін реттеу туралы істер бойынша, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімі шеңберінде туындаған даулар, оның ішінде борышкермен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап-арыздары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша шешімдері кассациялық шағымдануға жатпайды, деген өзгерту енгізілді. Прокурор тарапынан касациялық немесе қадағалайтын наразылық ету құқығы қалтырылды.

4. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жаңа «Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі»-атты 2-1-тарауымен толықтырылып, борышкер мен кредитор арасында төлем қабілетсіздікті реттеу туралы келісім жасасу негізінде төлем қабілетсіздікті реттеу механизмін қолдану шарттары мен тәртібі қарастырылған.

Төлем қабілетсіздігі белгілері орын алған жағдайда борышкер өзін банкрот деп жарияламай, төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.

Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі дереу орындалуға жатады және:

1) барлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуді тоқтатуға;

2) кредиторларға борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге тыйым салынуға негіз болады.

Бұдан әрі борышкерге кредиторлармен төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасуға 2 ай беріледі.

Борышкер және кредиторлармен қол қойылған келісім сотпен бекітілуге жатады және:

  • тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу тоқтатылады;
  • борышкердің шоттары бойынша шектеулер алынады;
  • сот шешімдерін орындау тоқтатылады;
  • борышкердің мүлкі мен шоттарына жаңа тыйым салулар мен шектеулер қоюға жол берілмейді.

Келісім 3 жылға дейінгі мерзімге жасалынады.

Егер, берешекті өтеу тәртібі бойынша кредиторлармен келісімге келмеген немесе сот тарапынан келісімді бекітуден бас тартылған жағдайда, борышкер бір жыл ішінде рәсімді қайта қолдана алмайды, ал кредиторлар үшін борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге құқық туындайды.

Рәсім, басқарушының қатысуысыз жүргізіледі.

5. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының «Банкроттық рәсімі» - атты 6-тарау, банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне көшу тәртібін қарастыратын жаңа 95-1-бабымен толықтырылды.

Осыған орай «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  банкроттықты басқарушының құзіретін белгілейтін 89-бабы борышкермен ұсынылып кредиторлар жиналысымен мақұлданатын оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытынды жасау міндетімен толықтырылған.

6. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  99-баптың 6 тармағына борышкердің мүлкін тікелей сату, мүліктің меншік иесі, борышкердің кұрылтайшысы (қатысушы) келісімімен жүзеге асырылатыны айқындалды.

7. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген банкроттың мүлкін сату тәсілдері кәсіпорынды сатумен толықтырылған. банкроттың кәсіпорыны ретінде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, борышктар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтарды қоса алғанда, мүліктің барлық түрлерін қамтитын мүліктік кешен деп түсініледі.

Кәсіпорынды сату банкроттықты басқарушы тарапынан тікелей сату арқылы жүзеге асырылады. Төлем жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы әкімшілік шығыстар сметасына сәйкес банкроттық рәсімін жүргізу барысында жұмсалған әкімшілік шығыстар сомасын шегеріп, сатудан түскен ақша қаражатын меншік иесіне немесе құрылтайшыға (қатысушыға) табыс етуге міндетті.

Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін шешімді шығарған сотпен күші жойылуы тиіс.

Сонымен қатар, Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 110 бабына толықтыру енгізіліп, оған сәйкес банкроттың кәсіпорнын сату жағдайында қорытынды есепке қоса тарату теңгерімі берілмейді.

8. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жаңа «Бітімгершілік келісім» - атты жаңа 6-1-тараумен толықтырылды.

Банкроттық рәсімін жүргізудің кез келген сатысында борышкер мен кредитор бітімгершілік келісімін жасауға құқылы. Бітімгершілік келісімге қол қоюға банкроттықты басқарушы да қатысады.

Бітімгершілшік келісімді бекіткенге дейін бірінші кезектегі кредиторлар талаптары толық көлемде өтелуі міндетті шарт болып табылады.

Оны сот бекіткен сәттен бастап банкроттық рәсімі тоқтатылады.

Егер бітімгершілік келісім жасасу кезінде кредиторлардың бірі болып мемлекеттік орган қатысқан жағдайда (мысалы мемлекеттік кірістер органы), онда бітімгершілік келісім мұндай мемлекеттік органның алдында бітімгершілік келісім бекітілген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге берешектерді өтеуді кейінге қалдыру шартында жасалуы мүмкін.

Салықтық берешектер және кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектер осы баптың бірінші бөлігіндегі талаптар сақталған шартымен банкроттың және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою, және (немесе) банк кепілдігімен өтеледі.

Кепілге қойылатын мүлік өтімді, жоғалудан немесе бүлінуден сақтандырылған болуы тиіс және оның нарықтық құны салықтық берешек сомасынан, сондай-ақ бюджетке төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардан кем болмауы тиіс. Мыналар:

1) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
         2) энергияның электр, жылу және басқа түрлері;
         3) тыйым салынған мүлік;
         4) мемлекеттік органдар шектеулер салған мүлік;
         5) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
         6) тез бұзылатын шикізат, тамақ өнімдері кепіл заттары бола алмайды.

 

Борыштармен жұмыс басқармасының

Оңалту және банкроттық бөлімі

 

 

 

ҚР-ның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) қосылуына байланысты ЕАЭО шеңберінде қозғалатын тауарларды әкімшілендіру шаралары.

Қазақстан Республикасы ресми түрде БСҰ-на енді. Соның нәтижесінде біздің еліміз 3877 тауар түріне Кедендік баж ставкасын төмендетуге қол жеткізді, оның ішінде дәл қазіргі уақытта 1347 тауар түріне кедендік баж ставкасы төмендетілген.

Еліміз ЕАЭО құрамындағы мемлекеттерге алыс шетелден арзан бағамен келген тауарларды тасымалдамауға міндеттенген. Ал егер ондай тауарлар біздің елден тасымалданған жағдайда төмен ставкамен алынған тауарлар бірыңғай кедендік тарифпен жіберілуі тиіс, яғни баға айырмашылығы теңестірілуі керек.

Төмендетілген бажбен тауар әкелінген жағдайда ЕАЭО мемлекеттеріне – ол Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь аумақтарына шығаруға құқылы болмайды. Шығару құқығы тауар тек қазіргі ЕАЭО Бірыңғай кедендік тариф бойынша әкелінген жағдайда пайда болады.

Яғни тауарлармен кез-келген рәсімдер кезінде (әкелу, сату,шығару) басты кезекте тауарларды Алу тізімінде бар екендігіне көз жеткізу керек.

Осыған сәйкес, кәсіпкерлер бастапқыда тауарлар әкелгенде олардың ақырғы тағайындалу мақсатын анықтау қажет. Егер тауар ҚР аумағында қалатын жағдайда, онда тауарларды төмендетілген кедендік бажымен әкелуге болады.

Ал егер, тауар кейін ЕАЭО елдеріне сатылатындығы ұйғарылса, онда тауарлар кедендік тазалау ЕАЭО БКТ көрсеткіштерімен жүзеге асу қажет.

Әрбір келесі контрагент өзінің сатып алушысына ЖКД туралы мәлімет көрсетілген Электрондық шот-фактура (әрі қарай-ЭШФ) жазып беруге міндетті.

ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына Тізімге енгізілген тауар шығарылған жағдайда, салық төлеушілермен аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына тауарға ілеспе құжат ретінде тауарға декларацияның және электрондық шот –фактуралардың көшірмелерінің куәландырылғандығы туралы өтініш табыс етіледі.

Табыс етілген өтініш негізінде Мемлекеттік кірістер департаменті:

  • Тауарға декларацияның және электрондық шот-фактуралардың тіркеу нөмірлеріне сәйкестігін;
    • ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша кедендік баждарды төлеуді айқындайтын «0» белгісі тауарларға декларациялардың нөмірінің болуын;
    • ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша кедендік баждарды төлеуді айқындайтын «БКТ» белгісі электрондық шот–фактураларда болуын;
    • тауарларға декларацияның және электрондық шот–фактуралардағы мәліметтердің Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының кодына сәйкес келуін тексереді;
    • Электрондық шот-фактурада көрсетілген шығарылатын тауарлар санының тауарларға декларация мәліметтерімен сәйкес келуін айқындайды.

            Хаттаманың күшіне енгенге дейiн әкелген тауарлар бойынша өтініш келіп түскен жағдайда тақырыптық салық тексеруі тағайындалады.

            Жіберілген құқықбұзушылықтар үшін салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік алады.

 

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасыҮшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімініңбас маманы Мөлдір Досқалиева

Телефон: 30-53-09

 

 

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) жүзеге асыру тәртібі

 

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) облыстар бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменттерінде (бұдан әрі-МКД) тіркелген жері бойынша кедендік декларациялау,тауарларды және көлік құралдарын кедендік алып жүру, алдын-ала шешім қабылданған қалалар бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі - МКБ) салық төлеушілердің берілген салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі.

    Әрі қарай, МКБ лауазымды тұлғасы өтініш алған күннен кейінгі бір жұмыс күннен кешіктірмей айқындалған нысан бойынша Растама қалыптастыру үшін МКД Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасына электрондық почтамен сұрау салу жібере отырып, қағаз тасымалдағышында жібереді.

    МКД Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының лауазымды тұлғасы сұрау салуды алған күннен бастап, алты жұмыс күні ішінде оны қарап және төлеушінің мәліметіне тексеру жүргізеді.

    Салыстыру акті қалыптастырылған соң, МКД Мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімшесінің басшысына қол қойғызылып және Растамаға МКД басшысының қолы қойылады.

   Қол қойылған Растама, Мемлекеттік кірістер басқармасына төлем тапсырмасын екі жұмыс күн ішінде қалыптастырып және қол қойып Қазынашылық органдарына жіберу үшін жолданады.  

         Қосымша ақпаратты Есептеу және дербес шоттарды жүргізу бөлімінен алуға болады, телефон 45-18-40.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік  кірістер департаменті

Есептеу және дербес шоттардыжүргізу бөлім басшысының

міндетін атқарушы Гүлмира Мүсрепова

 

 

Атырау облысының әділет департаментінде 2015 жылдың  29  желтоқсан нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3412 реттік санымен тіркелген

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ

19 ҚАРАШАДАҒЫ №309 ШЕШІМІ

 

 

 

Автотұраққа (паркингке), автомобильге

май құю станцияларына бөлінген

(бөліп шығарылған) және казино

орналасқан жерлерді қоспағанда,

салық салу мақсаты үшін жер

салығының базалық ставкасын

түзетумен жерлерді өңірлерге

бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы  Кодексінің 387 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы                                  1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

                1. Автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, салық салу мақсаты үшін жер салығының базалық ставкасын түзетумен жерлерді өңірлерге бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, кәсіпкерлікті дамыту, индустрия, сауда, салық және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С. Ерубаев).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

ХХХVІІІ сессия төрағасы                                                                   Б.Рысқалиев

 

 

Қалалық мәслихат хатшысы                                                             Б.Қазиманов

 

 

 

Атырау  қалалық мәслихатының
2015 жылғы 19 қарашадағы
№309 шешіміне қосымша

 

Автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, салық салу мақсаты үшін жер салығының базалық ставкасын түзетумен жерлерді өңірлерге бөлу жобасы (схемасы)

 

 

 

 

                                            Мүлікті  жария  ету  тағы  бір  жылға  ұзартылды

 

       Мүлікті жария етудің мерзімін 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

       Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.

       Бүгінгі күнге барлығы болып 5 360,7 млн. теңге  мүліктің  құны  жария етілді, оның ішінде: ҚР аумағындағы мүлік бойынша 506 объекті және сомасы  5 286,8 млн.теңгеге, ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлік бойынша 3 объекті және сомасы 73,9 млн. теңгеге  жария етілді;

          Мүлікті жария ету мен кепілдіктерді қамтамасыз ету процесін құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалаудан қорғау жағы   қарастырылған.

       Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы  заңына  сәйкес ақша, бағалы  қағаздар,  заңды  тұлғаның  жарғылық  капиталына  қатысу  үлесі,  ҚР Заңнамасына  сәйкес  мемлекеттік  тіркеуге  жататын, басқа  адамдарға ресімделген  жылжымайтын  мүлік (ғарыш объектілерінен және  магистральдық   құбырлардың  желілік  бөлігінен  бөлігінен  басқа),  ҚР аумағында  тұрған  үйлер (құрылыстар, ғимараттар),  ҚР  аумағының  шегінен  тыс  жерлерде  тұрған  жылжымайтын  мүлік  жария  етуге  жатады.

           Жария  ететін  ақша  сомасын, екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ағымдағы шотқа ақшаны салмай– жария етілетін ақшаның сомасынан алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілуге жатады.

      Бұл ретте алым мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырғанға дейін төленуге тиіс.

       Жария етілетін ақшаны ағымдағы шотқа енгізген (аударған) кезде екiншi деңгейдегi банк, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне осы Заңға сәйкес енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді.

           Ағымдағы шотқа ақша енгізілгенін (аударылғанын) растау туралы анықтаманың көшірмесі немесе ағымдағы  шоттан ақшаны  салмай, жария  етілетін  ақшаның  сомасынан – алым төленгені туралы түбіртектің көшірмесі қоса берілген арнайы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы қабылдаған күннен бастап ақша жария етілді деп саналады.

         Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрған, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген, арнайы декларацияда көрсетілген мүлік құнының он пайызы мөлшерінде төленеді.

           Жария ету субъектісіне немесе басқа тұлғаға құқығы ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы, сол сияқты одан тыс жерлерде орналасқан мүлік бойынша декларативтік түрде, тиісті комиссиясыз мемлекеттік кірістер органдарында өткізеді.

     Мүлікті жария ету туралы декларация– жария ету субъектілерінің осы Заңда белгіленген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарына қағаз жеткізгіште декларациясы  тапсырады.

      «Жария ету субъектілері арнайы декларацияны мемлекеттік кіріс органына:

  1. келу тәртібімен;

      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынуға құқылы.
      Арнайы декларацияны тапсыру тәсіліне қарай:
      1) келу тәртібімен – мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны алған күн;

      2) пошта арқылы – мемлекеттік кіріс органының пошталық хат-хабарды қабылдағаны туралы белгі қойылған күн мемлекеттік кіріс органына ұсынған күн болып табылады.

           Бұл ретте жария ету субъектісі осы Заңда белгіленген арнайы декларацияны тапсыру тәртібін, шарттарын және мерзімдерін, сондай-ақ жария етілетін мүлікке қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органы себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

      Мемлекеттік кіріс органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған болып  саналады.

      Жария ету субъектілері үшін кепілдік беру бөлігінде құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғау бөлігінде қылмыстық заңнаманың нормаларын нақтылау және қатаңдату көзделген.

     Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрған  жылжымайтын  мүлікті  жария  ету    өткізу  Атырау  қаласы  әкімдігі  жүргізеді.

Орналасқан  мекен  жай: Атырау  қаласы, Әйтеке би  көшесі, 77а, 1 қабат,105 кабинет, тел:35-40-95

      Ақшаны  жария  ету  ұйымдастыру  және  жүргізу  екінші  деңгейдегі  банктер,  Ұлттық  пошта  операторы, Ұлттық  Банк. тел: 32-20-04

     Қазақстан  Республикасы  аумағының  шегінен  тыс  жерлерде  тұрған жылжымайтын  мүлік,  шет  мемлекетте   тіркелген  заңды  тұлғалардың  жарғылық  капиталындағы  қатысу  үлесі, құнды  қағадарды жария  ету  өткізуді  Мемлекеттік  кірістер  органы  жүргізеді. Осы  жөнінде  сұрақтармен  Атырау  қаласы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  басқармасына  хабарласуға  болады. 

    Мекен-жайы: Атырау қаласы,  Азаттық  даңғылы, 94 а, 2 қатар, 20 кабинет. тел:45-13-74

 

Атырау  қаласы  бойынша Мемлекеттік  кірістер басқармасының

бас  маманы Нұрмира Орунбаева

 


 

 

Мүлікті жария ету дегеніміз не, және ол не үшін жүргізілуде?

 Жария ету - табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүліктер мен қаржыларды заңдастыру және жақын арадағы жылдарда табыстар мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялауға көшуге дайындық кезеңі. Мүлікті жария етудің осы кезеңі- Қазақстан Республикасында 2017 жылдан бастап енгізілетін жалпыға бірдей декларациялаудың қарсаңындағы- соңғы мүмкіндік. Ол кезде Заңмен шет елдерде орналасқан мүліктердің міндетті түрде декларациялануы және шет елдік шоттар туралы ақпараттарды жасырғаны үшін әкімшілік жазаны қатайту көзделген.

 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін жеке тұлға өзінің «көлеңкелі» жинағын жария етіп үлгерсе,  онда  декларациялау кезінде  кіріс көзі мен табу жолдары бойынша сұрақтар туындамайды.

                                                  Нені жария етуге болады және қайда жүгінеміз?

 

Жергілікті атқарушы органдар  - жылжымайтын мүліктер, үйлер (құрылыстар, ғимараттар).  Құқықтары рәсімделмеген, ҚР аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті заңдастыру жергілікті Әкімшіліктер жанындағы комиссияға тиісті құжаттарды жалғай отырып, бекітілген нысанға сәйкес өтініш табыс ету арқылы.

Мемлекеттік кірістер басқармалары - шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар, шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктер. ҚР аумағында орналасқан, құқықтары басқа тұлғаға рәсімделген мүліктерді заңдастыру, алым сомасын төлемей-ақ тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны табыс ету арқылы және  ҚР аумағынан тысқары жерлерде, оның ішінде басқа тұлғаға рәсімделген мүлікті алым сомасын төлей отырып тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны табыс ету арқылы.

Екiншi деңгейдегi банктер  - ақша, банкте ашылған ағымдағы шотқа ақша салу және тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы, банк шотына ақшаны салмай- жария етілетін ақшаның сомасынан  алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы заңдастыруға мүмкіндігі бар.                                                                                                                                                                                                                                                                                       

Атырау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Өндірістік емес төлемдер бөлімінің

бас маманы  Гүлдана Кулова Мыңтұрғанқызы

тел:451500,307568 ,эл.адрес: gkulova@taxatyrau.mgd.kz

 


Салық төлеушілердің назарына жер салығы туралы

            Салық салу мақсатында барлық жерлер нысаналы тағайындалу мақсатына қарай санаттарға бөлінеді. Сонымен қатар, жер салығы салынуға тек қана ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, елді мекен жерлері және өндіріс жерлері тиесілі. Басқа жер санаттарына салық салынады, егерде тұрақты немесе бастапқы ақысыз уақытша жер пайдалану құқығы табыс етілсе. Осындай бөліну негізінде ауыл шаруашылыққа арнайы жерлердің 1 гектар жеріне балл бонитетке пропорциональды салық мөлшерлемелері бекітіледі.

            Атырау  қалалық мәслихатының V шақырылған кезектен тыс ХХХVIII сессиясының  «Жерді аймақтарға бөлу жобасын  (схемасын)    және салық салу мақсаты үшін жер салығының мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне сәйкес салық мөлшемелері:

 

Аймақ нөмірі

Жер салығының мөлшерлемелерін түзету коэфиценті

Аймаққа кіретін орамдырдың аталуы мен нөмері

І

1,5

Орам № 013, 014, 016, 030, 031, 032, 011, 012, 004, 015, 024, 025, 007, 010, 019, 002, 003, 028, 029, 032, 033, 017, 018, 019, 021, 022, 023, 005, 006, 008, 009, 020, 021, 023, 026, 027, 043, 044, 045, 001, 004, 034, 046, 047, 048, 049, 059, 060

Қаланы дамыту Бас жоспарынын шегіне кіретін бүкіл қала аумағы, Нұрсая мкр., Балықшы п., Лесхоз мкр., Көкарна мкр., Ширина, Ақжайық, Водниково, Мирный, Перетаска селолары, Жұмыскер п., мкр. Өркен, Ракуша с., Балауса мкр., Геолог, Бірлік селолары, Мирас, Мұнайшы мкр.

ІІ

1,3

№034, 035, 038, 039, 041, 042, 045, 046 орамдары және 001, 002 бөлімдері

Барлық өнеркәсіп нысандары

ІІІ

1,0

Акқсай, Ақжар, Атырау, Дамба, Еркінкала, Жаңаталап, Құрманғазы, Томарлы, Бесікті, Аспа, Тасқала, Зарослый, Талғайран селолары

 

         Мысалы, 2015 жылы  Химпоселок салық салу мөлшемелеріне 0,8  түзету коэффицентін пайдаланса, 2016 жылы  - 1,3 пайдаланады.

         Жұмыскер п. 1,0 мөлшемелерін пайдаланса, ал 2016 жылы - 1,5 пайдаланады.

         Ақсай, Ақжар, Атырау, Дамба, Еркінқала, Жаңаталап, Құрманғазы, Томарлы, Бесікті, Аспа, Тасқала, Талғайран селолары 2015 жылы 0,5 коэффицентін пайдаланса, 2016  жылы  - 1,0 коэффицентін пайдаланады.

         Жер салығын дұрыс есептеу үшін Қалалық жер қатынастар бөліміне жүгініп, салық төлеуші қандай аймаққа қарайтыны жөнінде мәлімет алу қажет.

 

Нұрлыбек Базарбеков, Атырау қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы

 

Тел.451866

 


Корпоративтік табыс салығы бойынша бойынша өзгерістер мен толықтырулар.

Корпоративтік табыс салығы мемлкеттік бюджеттің кірістер бөлімінің маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар, көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.

Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:

1) салық салынатын табыс;

2) төлем көзінен салық салынатын табыс;

3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы.

Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстің 198-бабында көрсетілген табыстардан тұрады.

Резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынатын табыстары және Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.

Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады.

Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді.

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді  ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді.

Алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеуді тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.

Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке , айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешіктірмей, әрбір ай үшiн енгізуге міндетті.

 Ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынған табысқа, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.

Бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.

Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.

            Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.

Қазақстан Республикасының Заңдарымен енгізілген Салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, мыналарды назарға жеткізеді.

Салық кодексінің 96-бабына, оған сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылатын толықтыру енгізілді;

Салық кодексінің 99-бабының 1-тармағына, оған сәйкес жылдық жиынтық табысынанмемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістеріалып тасталуға жататынөзгерістер енгізілді. Сондай-ақ арнайы қаржы компаниясының мұндай табыстары аванстық төлемдерді есептеу және төлеу үшін жылдық жиынтық табысын айқындау кезінде есептелмейді;

Салық кодексінің 99-бабының 1-тармағы, оған сәйкесжылдық жиынтық табысынан трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған, Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың кірісі алып тастауға жататын 17) тармақшамен толықтырылды;

Салық кодексінің 111-1-бабының редакциясы, шегерімге жататын шығындарды (шығыстарды) айқындау, сондай-ақ коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды                  өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдерге жатқызу тәртібін айқындау бөлігінде нақтыланды;

Кеме және теңіз салаларын дамыту мақсатында Салық кодексі Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген және халықаралық жүк тасымалы бойынша қызметін жүзеге асыратын теңіз кемелері үшін ерекше салық салу тәртібін енгізуді көздейтін жаңа 135-4-бабымен толықтырылды. Салық кодексінің 135-4-бабына сәйкес салық төлеушi Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген Кодекстiң 139-бабына сәйкесесептелген теңіз кемесімен жүк тасымалдау қызметі бойынша корпоративтік табыс салығын100 пайызға азайтады.Бұл ретте мұндайсалық төлеушінің басқа қызметті жүзеге асырудан түскен кірістері жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады;

Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi мұндай қызмет түрі және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді, сондай-ақ осындай қызмет бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін Салық кодексінің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес;

 Салық кодексінің 133-бабының 1-тармағына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес салық кезеңінде ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрған салық төлеушілерден басқа, салық төлеушілер үшін азайту жағына қарай салық салынатын кірістің түзету мөлшері 3 пайыздан 4 пайызға дейін ұлғайтылды.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік

кірістер  Департаментінің

камералдық бақылау басқармасы

№2 камералдық бақылау бөлім басшысы

Г.О.Әжіғалиева

 


 

Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөнінде

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мерзімінде төленбеген айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894 бабына сәйкес жүргізілетіндігін хабарлайлы.

Сонымен қатар жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату үшін айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл ұстап қалу алты айдан аспайтын мерзiмде жүргізіледі. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

Жауаптылыққа тартылған адам жұмыстан босатылған не оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл өндіріп алу мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босатылған немесе өндіріп алуға мүмкiндік бермеуге әкеп соғатын оқиға басталған күннен бастап он күндік мерзiмде, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жауаптылыққа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), өндiрiп алуға мүмкіндік бермеген себептердi көрсетiп, сондай-ақ жүргiзiлген ұстап қалулар (егер мұндай жүргiзiлсе) туралы белгi соғып, қаулы шығарған сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарады. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де кірістерінен өндiрiп алу мүмкiн болмаса, қаулы шығарған сот, уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы заңнамада көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi. Салық қызмет органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметі органдары орындайды.

Сонымен қатар заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату шаралары ҚР ӘҚБтК-нің 895 бабында көзделген. Яғни, айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен заңды тұлғаның банктік шотынан оның келiсiмінсiз ақшаны алып қою үшiн сот орындаушысына жiбередi.Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды. Банк немесе банк операцияларының өзге түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда, сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алуды қолданады.

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының

Құқықты қамтамасыз ету және салық заңнамасын түсіндіру

бөлімінің басшысы Гүлмира Қалжанова

 Тел.45-15-67

 


Емтихан  өткізіледі

 

         Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алушы үміткерлерге емтихан 2016 жылдың 11 наурызда сағат 10-00 Атырау қаласы, Абай көшесі 8, Оқу-әдістемелік ғимаратында өтетіндігін хабарлайды. Емтиханның өткізілуі туралы сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар  35-41-35, 35-42-09 (ішкі 134).

Кедендік бақылау басқармасы


 

                                                     Тауарлардың кедендік құнын бақылау 2010 жылғы №376 «Тауарлардың кедендік құнын бақылау тәртібі туралы» Кеден Одағы комиссиясының шешіміне сәйкес қамтамасыз етілдеді

Кеден ісі саласындағы тауарлардың кедендік құнын бақылау және кедендік құнды түзету сұрақтары бойынша жалпылама тәсілі Кеден Одағы Кеден Кодексінің 8-тарауымен анықталған.

Тауарлардың кедендік құнын бақылау Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауар номенклатурасы және кедендік құн басқармасымен 2010 жылғы №376 «Тауарлардың кедендік құнын бақылау тәртібі туралы» Кеден Одағы комиссиясының шешіміне сәйкес қамтамасыз етіледі (бұдан әрі - КҚТ шешімі).

Осы Тәртіп Кеден Одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылайтын уәкілетті Мемлекеттік кірістерінің кеден қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетін және декларанттардың тауарлар бойынша кедендік құнын бақылау  жұмыстарының жүзеге асырылуын анықтайды.

Тауарлардың кедендік құнын бақылау Мемлекеттік кірістерінің кеден қызметі органдарымен кедендік бақылау жүргізу шеңберінде тауарларды шығарғанға дейін, шығарғаннан кейін де тәуекелді басқару жүйесін қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

Тауарлардың кедендік құнын бақылау декларанттардың Кеден Одағы заңнамасының және Кеден Одағына мүше-мемлекеттің заңнамасымен белгіленген талаптарының, соның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерінің дұрыс таңдалып және қолданылуын, оның структурасын және мөлшерінің, орындалуын сонымен қатар, берілген тауарлардың кедендік құнын растайтын құжаттарын тексеру мақсатында, қамтамасыз етілдеді.

Тауарларды шығарғанға дейін, кедендік құнын бақылау кезінде кеден қызметімен тауарларға берілген мәліметтердің дұрыс емес немесе берілген мәліметтер тиісті жағдайда расталмай, көрсетіліп берілгені анықталса, кеден КҚТ шешіміне сәйкес, қосымша тексеріс жүргізіледі.

Тауарлардың берілген кедендік құны дұрыс емес болған жағдайда, лауазымды тұлға декларанттың берілген тауарлар кедендік құнын айқындау әдістеріне және пайдаланылған деректер мәліметтеріне қарамай, қосымша тексеріс жүргізеді.

Кеден қызметінің лауазымды тұлғасы қосымша тексеріс жүргізу бойынша шешім қабылдайды және декларанттың (кеден өкілінің) қосымша тексеріс жүргізудің себебін және қосымша құжаттарының ұсынылуының мерзімін назарына жеткізеді.

Осыған орай, осы шешімде лауазымды тұлға тауарларды шығару үшін, толтырылған нысандағы ТДТ (тауарларға арналған декларацияға түзетуді) және кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз етілуін көрсетеді.  

Қазақстан Республикасындағы «Кеден ісі туралы» Кодекстің 16-тарауындағы 144-бабына сәйкес, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуінің 5 (бес) тәсілдерімен қарастырылған: ақшамен, банк кепілдігімен, кепілгерлікпен, мүліктік кепілмен.   Төлеуші көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгенін таңдауға құқылы.

Қосымша ақпаратты 8(7122)32-32-34 телефон арқылы алуға болады.

Ғалия  Кұлмұратова, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Тауар номенклатурасы және кедендік күн басқармасының жетекші маманы

 


Мүліктік табысқа қатысты

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 01.01.2017 жылдан бастап мүліктік табысқа салық салу бойынша сұрақтардың туындауына байланысты мынаны хабарлайды.

2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен Салық кодексінің «Жеке табыс салығы»  6 бөлімінің құрылымы өзгерген.

Осылайша, жеке тұлғаның табысына нақты алынған табыс қосылады, соның ішінде өткізу кезіндегі құн өсімі. Бұл ретте, табысты салық салудан босату жағдайлары Салық кодексінің 156 бабында көзделген.

Осыған орай, жеке тұлға Салық кодексінің 156 бабымен ұштастырылған мүлік табысына салық салу тәртібі бойынша нормаларын қолдануы тиіс.

Салық кодексінің 180-1 және 180-2 бабының 1 тармағының 1), 2), 7) тармақшаларына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 01.01.2017 жылдан бастап  «меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт» сөздері алып тасталынған.

Бұл ретте, Салық кодексінің 156 бабының 1 тармағының 51), 52), 53) тармақшаларына сәйкес жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады (бұдан әрі – жеке табыс салығы бойынша түзету):

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жататын және меншік құқығында бір жыл және оданда ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

меншік құқығы тіркелген күннен бастапбір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі.

Жазылғандар негізінде, Салық кодексінің 180-1 бабының 1 тармағының 1), 2), 7) тармақшаларында көрсетілген өткізу кезіндегі құн өсімінен табыс, берілген мүлік меншік құқығында бір жыл және одан да ұзақ уақыт болған жағдайда салық салудан босатылады. Бұл ретте, мұндай табыстың соммасы соның ішінде салық салудан босатылатын, 2017 жылғы міндеттемелері бойынша кірістері мен мүлкі туралы декларациясындакөрсетілуі тиіс.

Мемлекеттік кірістер департаменттері осы хатты, сонымен қатар ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтарындағы ақпараттық стендтерге, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының web-сайттарына орналастыру жолымен, салық төлеушілердің назарына жеткізу бойынша шаралар қолдансын.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті Салық салудың әдіснама

департаментінің хаты бойынша

 


Резидент еместердің  назарына!

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 01.01.2016 жылдан бастап, резидент емес резиденттікті растайтын құжатты салық агентіне резидентке кіріс төленген немесе резидент еместің төленбеген кірістері шегерімге жатқызылған, салық кодексінің 148 бабына сәйкес айқындалған салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Осылайша, егер резидент еместен резиденттікті растайтын құжатты салық агентіне резидент емеске табыс төленген немесе резидент еместің төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етуі талап етілген болса, 01.01.2016 жылдан бастап аталған құжат салық кодексінің 148 бабына сәйкес айқындалған салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді. Сонымен қатар, аталған талап 2015 жылға резиденттікті растайтын құжатқа қолданылады.

 Эльмира Сисенова, Атырау қ.бойынша МКБ Резидент еместермен жұмыс бөлімінің басшысы, тел. 8(7122) 451511


 

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары! Назар аударыңыз!

 

    2016 жылдың 20 сәуірінде Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау науқанына орай  «Ашық есік күнін» өткізеді.     Сіздерді қатысуға шақырамыз!

 

 Мекен-жайымыз: Атырау қ, Азаттық даңғылы, 94а, 2 қабат, 20 кабинет.Тел:45-13-74.

 

        Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

 


 

Алдын ала шешімді қабылдап, тауарларды  Кеден одағы Сыртқы экономикалық қызметінің  Тауар номенклатурасына сәйкес жіктеу туралы

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 27.04.2015ж. №284  «ҚР мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту»  туралы бұйрығына сәйкес, сыртқы экономикалық көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға болады.

Ол үшін, «Алдын ала шешімді қабылдап тауарларды  КО СЭҚ ТН сәйкес жіктеу» мемлекеттік қызмет көрсету  түрін алдын ала шешімді қабылдау туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің  ( бұдан әрі - Кодекс) 79-81баптарына сәйкес, жүгінген арызды  Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсыру арқылы алуға болады. Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Абай  көшесі,8;  телефон: 8 (7122) 32-32-34.  

         Сонымен қатар, Кодекстің 80-бабына сәйкес, алдын ала шешімді қабылдауға арызыңызға қосымша тауар ілеспе құжаттар және де коммерциялық құжаттар (сыртқы сауда келісімшарты соның қосымшасы, толықтырулары мен келісімдері, есеп шоты), сонымен бірге фото суреттері, сызбалары, бұйымдарының паспорттары, (техникалық паспорттары, қолдану басшылығы),   тауарлардың сынамалары мен үлгілері және де басқа да құжаттар арызданушының мөрімен куәландырылғанын ұсынылады. 

      

Ләззат Жұмашева, Тауар номенклатурасы және кедендік  кұн басқармасының басшысы    

 

 

 

Қазақстан Республикасынан тыс жердегі орналасқан мүліктерді заңдастыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз

 

Мемлекеттік органдардың түсіндіру жұмыстарын жүргізуіне қарамастан, халықта әлде де заңдастыру тәртібі бойынша сұрақтан туындап жатыр.

Бүгінде мынандай сұрақтарға жауап бергіміз  келеді: неге және қандай жағдайларда шетелде орналасқан мүлікті заңдастыру қажет?

Бірінші кезекте, мүлікті жария ету - табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиесілі емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі екендігін атап өту қажет.

Аталған науқанға сәйкес, жария ету нысандарына ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, Қазақстандағы және Қазақстаннан тысқары аумақтардағы жылжымайтын мүліктер жатады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылатындығын атап өткен жөн.

Осылайша, жария ету науқаны жоғарыда атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасынан тысқары аумақтарда жылжымайтын мүліктері бар тұлғаларға қатысты, ал Атырауда Түркия, Біріккен Араб Эмираты, Ресей және басқа да мемлекеттерде, сонымен қатар оффшорлық аймақтарда пәтерлері, үйлері, зәулім үйлері бар тұлғалар аз емес. Осы науқанның аяқталғаннан кейін (31.12.2016ж.), бүкіл әлем бойынша шетелдік шоттар мен жылжымайтын мүлік туралы барлық ақпарат қайтадан тексерілетін болады.

Мүлікті жария ету қолда бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Біріншіден, алдағы уақытта ортақ декларациялау енгізілуіне байланысты, азаматтарға декларацияда мүліктерін көрсету үшін бүгінгі таңда мүлкін жария етуге құқық беріледі. Екіншіден,  шет елдерде орналасқан мүлікті жария ету, жария етілетін мүліктің құнынан 10 % мөлшерінде  мемлекеттің бюджетіне алым түседі, және де декларацияны бес (5) жұмыс күн ішінде қарастырылады.

Көріп отырғанымыздай, заңдастыру еліміздің барлық дерлік тұрғындарына қатысты, және де заңдастырылған жағдайда болашақта қудаламаудың кепілі болып келеді. Алайда, заңдастыру мерзімі ағымдағы жылдың отыз бірінші желтоқсанында аяқталады.

 

Эльмира Сисенова, Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы

т. 451511


Кедендік декларациялау жөніндегі маманның емтиханы

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алушы үміткерлерге емтихан 2016 жылғы  20 мамырда  сағат 10-00 Атырау қаласы, Абай көшесі 8, бұрынғы Оқу-әдістемелік орталығы ғимаратында өтетіндігін хабарлайды.

Емтиханның өткізілуі туралы сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар  8(7122)35-41-35, 35-42-09 (ішкі 334).


Әкімші ретінде тіркелу туралы

 

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) банкроттық рәсімін немесе оңалту рәсімін             өткізу кезеңінде уәкілетті органда тіркелген әкімшіні тағайындау қарастырылған.

Әкімші ретінде тіркелу үшін біліктілік емтихан тапсыру және Заңның 12-бабының 4 тармағында белгіленген рұқсат ету талаптарына сәйкес келу негіз болады.

Әкімші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін ниет білдірген адамдарға қойылатын талаптар мыналар:

1) жоғары заңгерлік немесе экономикалық бiлiмiнiң болуы;

2) экономикалық, қаржылық немесе заң қызметі салаларында кемінде үш жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

4) наркологиялық немесе психиатриялық диспансерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;

5) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болмауы;

6) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығаны туралы мәліметтердің болмауы.

«Әкімші (уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік қызмет Комитетпен жүзеге асырылады.

Өтініштерді қабылдау Комитеттің кеңсесінде немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырылады және мына құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жоғары заң немесе экономикалық білім туралы диплом көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);

3) экономикалық, қаржы немесе заң саласындағы қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Біліктілік емтиханы бір күн ішінде екі кезеңде өтеді:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне компьютерлік тест тапсыру;

2) үміткердің емтихан билеттері бойынша білімін тексеру.

Тестілеу және (немесе) емтихан сұрақтарына жауап беру нәтижелері бойынша Комиссия біліктілік емтиханын тапсырғаны (тапсырмағаны) туралы дәлелді шешім шығарады.

Біліктілік емтиханды  сәтті тапсырған үміткер уәкілетті органда «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы тіркелуіне құқылы.

Үміткерлер тіркелу үшін өтінішке мына құжаттарды қосымша ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) біліктілік емтиханды тапсырғаны туралы Комиссия шешімінің көшірмесі;

3) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген өтелмеген немесе алынған соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

4) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамалар

5) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын соттың әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп тануы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама.

 

Атырау облысы бойынша МКД

Оңалту және банкроттық бөлімі

Тел.45-15-90

 


Электронды шот-фактуралар

 

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылуына орай «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттамасы» (әрі қарай-Хаттама) 2016 жылдың 11 қаңтарында күшіне енді.

Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 14.10.2015 жылғы №59 «Қазақстан Республикасына қатысты ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде қабылданған міндетттемелерге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифінің баж мөлшемелерімен және сондай баждардың мөлшемелерімен салыстырғанда, анағұрлым төмен болатын мөлшерлемелер қолданылатын тауарлардың тізбесі туралы» шешімі (тауарлар тізбесі) қабылданды.

Хаттама тізбеге енгізілген тауарларлардың қозғалысын реттеу тәртібін қамтамасыз етеді.

Хаттаманың 3-бабының 11-тармағын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 09.12.2015 жылғы №640 «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін  ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы (әрі қарай-Бұйрық) қабылданған (бұйрыққа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 718 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді).

Жоғарыдағыларды негізге ала, осы нұсқаулықтың 7-тармағына сәйкес, салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы №77 бұйрығымен бекітілген, Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында белгіленген тәртіпте:

бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

мыналарды:

бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды;

ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды;

бір заңды тұлғаның шегінде тауарларды беруге байланысты, ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен кезде 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап шот-фактураларды электронды түрде жазып береді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 3 желтоқсан 2015 жылғы № 432-V Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізіліп, салық төлеушілер шот-фактураларды электронды түрде жазуға міндеттеу кезекпен кезек көшу қарастырылған, нақтырақ шот-фактураларды электронды түрде:

         -2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап уәкілетті экономикалық операторлар;

         -2016 жылдың 1-шілдесінен бастап кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, кедендік қоймалардың иелері болып табылатын салық төлеушілер;

         -2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап барлық қосылған құн салығын төлеушілері жазады.

 

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы                                                           А. Тойбазарова

 


Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алушы үміткерлерге емтихан 2016 жылғы 24 маусымда сағат 10-00 Атырау қаласы, Абай көшесі 8, бұрынғы Оқу-әдістемелік ғимаратында өтетіндігін хабарлайды. Емтиханның өткізілуі туралы сұрақтар бойынша 35-41-35, 35-42-09 (ішкі 134) телефондар арқылы хабарласуға болады.


Ақшаны жария ету үшін не қажет?

 

Мүлікті заңдастыру мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып 2016 жылдың 31 желтоқсаны аралығында. Ақшаны жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталады және заңдастыру мерзімі өткенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады, яғни 2016 жылдың 26 желтоқсанына дейін.

Ақша келесі тәртіппен жария етіледі:

  1. Банкте ашылған ағымдағы шотқа ұлттық және (немесе) шетел валютасында ақша салу «аудару» және тұратын жері бойынша мемлекеттік кірістер органына мүлікті жария ету туралы декларацияны (бұдан ары-арнайы декларация) ұсыну арқылы. Жария етілген ақшалар жеке ағымдағы банктік шотқа (бұдан ары-ағымдағы шот) ұлттық және (немесе) шетел валютасында салынуы (аударылуы) мүмкін. Ақшаны заңдастыру мақсатында және мүлікті заңдастыру бойынша бір реттік акция өткізу кезінде Сіз Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, кез-келген филиалында ұлттық валютада, АҚШ долларымен, еуромен және ресей рубльдерімен ағымдағы шот аша аласыз.
  2. Банктегі ағымдағы шотқа ақша салмай (аудармай)-жария етілген ақша сомасымен алымдарды төлеу және тұратын жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны ұсыну арқылы, бұл орайда алымдар мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны ұсынғанға дейін төлеуге жатады.

Заңдастыру субъектілері жария етілген ақшаны өз қарауы бойынша жұмсай алады, оның ішінде оларды келесілерге инвестициялау арқылы:

  1. Қазақстан қор биржасына салынған құнды қағаздарға;
  2. «Астана» Халықаралық қаржы орталығының аумағында орналасқан қаржы құралдарына;
  3. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа активтерге.

Осыған орай, заңдастыру мақсатында ағымдағы шотқа салынған ақшаны пайдалану жөнінде қандай болмасын шектеулер заңда қарастырылмағандықтан және ағымдағы шотта ақшаны сақтау мерзімі белгіленбеумен байланысты, ақша алынуы немесе ағымдағы шоттан кез-келген уақытта аударылуы мүмкін.

Сонымен, легализация субъектісі ағымдағы шотқа салынған ақшаны жұмсау құқығымен шектелмейді.

Дегенмен, банктің анықтамасы қосыла берілетін, мемлекеттік кірістер органының арнайы декларациясын қабылдағаннан кейін ғана ақша заңдастырылған болып саналатындығын ескеру қажет.

Ақша ағымдағы шотқа ақшаны салғаны (аударғаны) туралы Банктен анықтама көшірмесін немесе алымдарды төлеу туралы түбіртектің көшірмесін ұсыну арқылы тұратын жері бойынша мемлекеттік кірістер органының арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап заңдастырылған болып саналады. Ағымадағы шотқа заңдастырылған ақшаны салғанда немесе аударған кезде Банк заңдастыру субъектісіне заңдастыру үшін ағымдағы банктік шотқа ақшаны салуды /аударуды растау туралы анықтама (бұдан ары-Анықтама) береді.

Шот бойынша кіріс операцияларының саны шектеусіз, заңдастыру мақсатында ағымдағы шотқа ақша заңдастырудың бүкіл мерзімінде есептелуі мүмкін, бұл ретте Анықтама ағымдағы шотқа әрбір салынған (аударылған) сома бойынша беріледі.

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының

                   бөлім басшысы Э.Метенова

тел.45-18-66


POS-терминалдарын қолдану туралы

 

POS-терминалдарды қолдану міндеттемесі Қазақстан Республикасының заңымен тәртіптеледі.

         Қолданыстағы телекомуникация сеттері қарастырылмаған аймақтарда орналасқан дара кәсіпкерлер және жекелеген қызмет түрімен айналысатын, ҚР Салық заңнамасына сәйкес жалпыға бірдей салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, қалған салық төлеушілер өздерінің қызмет  жүргізу орындарында төлемдерді, төлем карточкаларын қолдану арқылы есеп айырысу үшін арналған  құрылғылармен  жабдықтауға міндетті.

Жекелеген қызмет түрінің және төлем карточкаларын қолдану арқылы есеп айырысу үшін арналған  құрылғыларды қолдануға міндетті тұлғалардың тізімі ҚР-ның үкіметімен бекітілген.

        

исп: Изжанова А.

Тел: 30-54-76


 

2016 жылдың1 сәуірінде  568 бабтың 6 тармағына енгізілген өзгерістер.

ҚҚС-на тіркеу есебі  ҚР резидент заңды тұлғаның, ҚР қызметін филиалдар арқылы жүргізетін резидент емес заңды тұлға, өкілдік, дара кәсіпкерлердің тұрғалақта жері бойынша Салық органына бірінші басшысының келу тәртібі арқылы табыс етіледі.

         ҚҚС-на тіркеу есебі не тұру туралы Салықтық өтіінішінті қабылдау кезінде Салық органы резидент ЗТ және ДК-тің  бірінші  басшысын  фотоға  түсіруді жүзеге асырады. Осы бабтың 1 тармағында көрсетілген тұлғалар өтініш тапсырған айдан, кейінге айдың 1 күнінен бастап  Қосылған құн салығы төлеушісі болып тіркеледі.

         Салық органы  Салықтық өтініш қабылдаған күнен бастап  бес жұмыс ішінде ҚҚС  төлеушісі есебіне қоюға жүргізеді.

 

Орын: М.Жанбатырова

Тел: 30-54-76

 


Салық төлеушілердің назарына!

 

Салық төлеушінің қаперіне, ҚР Салық кодексінің 608-бабының 1-3 тармағы бойынша, хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі бойынша, Салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 4) – 9) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), хабарламаның қайтарылу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады деп көрсетілген.

2015 жыл мерзім аралығында 231 жіберілім бойынша келесідей хабарламалар қалыптастырылған.

       

Наименование НП

РНН

ИИН

Код НО

Номер  уведомления

Дата

Наименование уведомления

Дата возврата уведомления

1

ТОО "Абдир Сауда"

151000075577

150340005655

1510

№151023100753

25.05.2016

Уведомление по результатам камерального контроля

07.06.2016

№151023100754

26.05.2016

Уведомление по результатам камерального контроля

07.06.2016

 

 

 

                                               

      Атырау облысы бойынша

                                                              Мемлекеттік кірістер департаментінің

                                                                       №1 камералдық бақылау басқармасының

                бас маманы

                                                      Кабдолова Раушан Амангазиевна

    


Облагается ли НДС безвозмездно полученное имущество?

 

          На основании  пункта 2 статьи 238 Налогового кодекса при безвозмездной передаче товаров, размер облагаемого оборота определяется исходя из уровня цен, сложившегося на дату совершения оборота по реализации, без включения в них налога на добавленную стоимость, но не ниже их балансовой стоимости. При этом  балансовой стоимостью является стоимость товаров, отраженная в бухгалтерском учете, на дату их реализации.

        Дополнительно сообщаем, что согласно статье 96 Налогового кодекса стоимость любого имущества, в том числе работ и услуг, полученного налогоплательщиком безвозмездно, является его доходом. Стоимость безвозмездно полученного имущества, в том числе работ и услуг, определяется по данным бухгалтерского учета в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности.

        Согласно пункту 2 статьи 84 Налогового кодекса стоимость имущества, полученного в качестве вклада в уставный капитал, в целях налогообложения в качестве дохода не рассматривается.

        Таким образом, со стоимости полученного в таком порядке имущества ТОО не будет уплачивать корпоративный налог.

        В соответствии с подпунктом 1) пункта 3 статьи 231 Налогового кодекса передача имущества в качестве вклада в уставный капитал не является оборотом по реализации товаров.

        Следовательно, юридическое лицо, являющееся участником ТОО, при передаче имущества в качестве вклада НДС не уплачивает.

 

Главный специалист Управления государственных

доходов по г.Атырау Л. Тумашева

 


ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың 27 маусым 2016 жылы          сағ.   11-00  Астана қ. Қонаев к, 4 «Қазмедиаорталығы»  (Киноконцерт залы – 1 қабат) мекен - жайы бойынша жұртшылықпен кездесуі өтеді

Қаржы министріне қойылатын сұрақтарды мына электронды minfin@minfin.gov.kz мекен-жайға алдын-ала жіберуге болады. Кері байланыс үшін өзіңіздің деректеріңізді және байланыс телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.

Сіздің сұрағыңызға жауап жұртшылықпен кездесу өткеннен кейін Қаржы министрінің сайтында www.minfin.gov.kz  орналастырылатын болады

Call center: 8 (7172) 71-78-80, 71-78-81

Барлық тілек білдірушілерді  кездесуге қатысуға шақырамыз!


Экспортқа рента салығы бойынша өзгерістер

 

Экспортталатын энергия ресурстарына салық салу принциптерін біркелкі қолдану мақсатындаренталық салықсалу объектісіне 2709 00 9009Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша жіктелетін тауарлардың түрлері жатқызылған. Осылайша 01.01.2016 жылдан бастап, рента салығының төлеушілері болып шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерінің экспортын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Салық салу мақсаттары үшін баррельді метрикалық тонна өлшем бірліктеріне аудару формуласы енгізілген. Осыған байланысты, рента салығының базасы 1 баррель мұнай және тоннамен анықталған мұнай экспортының жеке көлемінің әлемдік бағасы негізінде анықталады. Өлшем бірліктерге аударудың бірыңғай тәртіптерін белгілеу мақсатында, шикі мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру орташа өлшемді баррельдеу коэффициентінің формуласын қарастыратын Салық кодексінің 302 бабына өзгеріс енгізілген болатын. Барлық экспорттаушыларға осы аталған өзгерісті ескере отырып, міндеттемелер туындаған жағдайда рента салығы бойынша декларациясын табыс ету керек.

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының

бөлім басшысы  Э. Сисенова,  тел.45-15-11

 


Салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
(Салық кодексі) 37-2-бабына сәйкес бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) таратылатын заңды тұлғаның немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің осы Салық кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңіндегі түзетулер ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 60000 еселенген мөлшерінен аспайтын;

2) салық органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындысы бар таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктерін белгілейді.

Бұл ретте, егер салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаса, таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер мұндай міндеттемелерді аудиторлық ұйым салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны осындай салық төлеушіге тапсырған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орындауға тиіс.

 Резидент заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, дара кәсіпкер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда өзі орналасқан жердегі салық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

3) таратудың салық есептілігін;

4) аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны;

7) Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді (егерде  бақылау-кассалық машина салық органында есепке қойылған жағдайда таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер ұсынады.)

Салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.

 Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайларда, салық органы мұндай салық төлеушіге қатысты анықталған, құжаттық салықтық тексеруді тағайындау үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар бойынша аталған тексеруді жүргізеді.

Салық кодексінің 37-2 бабының 4, 5 және 6-тармақтарында белгіленген ережелер орындалған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болмаған жағдайларда, сондай-ақ салық органы жүргізген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған кезде таратылатын заңды тұлға орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде тарату балансын, және банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.

Салық кодексінің 37-2 бабының 8-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға Салық кодексінің 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді жiбередi.

Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болмаған немесе өтелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда камералдық бақылау жүзеге асырылғаннан кейін орындалды деп есептеледі.

Салық кодексінің 37-2 бабының 13 тармағына сәйкес салық органы осы баптың 6-тармағында белгіленген, салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеу (аудару) мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Дара кәсіпкердің Салық кодексінің 37-2 бабында белгіленген ережелерді орындамауы да дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Атап айтқанда таратылу үшін таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлер жоғарда көрсетілген салық заңнамасын сақталу керектігін ескертіледі.

 

Жеңілдетілген таратуды  жүргізу бөлімінің басшысы    

З.Б. Сағынғалиева

Тел:45-19-67


Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жолаушы тасымалдауды жүзеге асыратын жеке тұлғалардың меншiгiндегі автокөлік тәркiленеді.

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  салық органына тіркелмей жеке автокөліктерімен жолаушы тасымалдауды жүзеге асырып жүрген жеке тұлғаларға жүйелі түрде тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Тақырыптық тексерулер барысында 2015 жылы 87 жеке тұлғаға және 2016 жылы 38 жеке тұлғаға салық органына тіркелмей жолаушы тасымалдаумен айналысқандығы үшін акт жасақталды.

Сонымен қатар, 2015 жылы жүргізілген визуалдық бақылау барысында мемлекеттік кірістер органына тіркелмей 895 тұлға жолаушы тасымалымен айналысып жүргені анықталып, 2015 жылы 167 салық төлеуші 2016 жылы 47 салық төлеуші өз еркімен жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылды. Қазіргі уақытта қала аумағында жеке автокөліктерімен жолаушы тасымалымен айналысып жүрген 150 тұлға анықталып, салық органына жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Салық төлеушілердің назарына!

Салық төлеуші - салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

         Мемлекеттік кірістер  органына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жолаушы тасымалдауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы болып табылатын құқық бұзушының меншiгiндегі автокөлік сот шешімімен тәркiлеуге әкеп соғатынын қаперіңізге береміз.

Осыған орай, тәркілеу түріндегі әкімшілік жазаға кезікпес үшін алдымен тіркеуден өтуіңізді, яғни мемлекеттік кірістер  органында жеке кәсіпкер ретінде  салық есебіне тұруыңыз сұралады.

 

Атырау қаласы бойынша тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау (мобилді топ) бөлімінің басшысы А.Базарбаев

Телефон: 45-16-95


ЕАЭО шеңберінде тауарларды өткізуді әкімшілендіру және электрондық шот-фактураларды рәсімдеу

 

           Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы төмендегіні хабарлайды.

           Қазақстан Республикасы 2016 жылдың 11 қантарынан бастап ресми түрде Бүкіләлемдік сауда ұйымына енді.

           Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы 3877 тауар түріне кедендік баж ставкасын төмендетуге қол жеткізді. Оның ішінде, бүгінгі күнге 1347 тауар түріне кедендік баж ставкасы төмендетілген.

           Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына төмендетілген бажбен әкелінген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше – мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Армения Республикасы, Қырғызстан Республикасы) аумақтарына шығаруға болмайды.

           Егер, ондай тауарлар шығарылған жағдайда, төмен ставкамен есептелінген тауарлар бірыңғай кедендік тарифпен қайта есептелініп, баға айырмашылығы теңестірілуі керек.

Жоғарыдағыларды негізге ала, салық төлеуші 2016 жылдың 11 қантарынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 09.12.2015 жылғы №640 «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін  ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы №77 бұйрығымен бекітілген, Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында  белгіленген тәртіпке сәйкес электрондық түрде шот-фактура жазып береді:

бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД) коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

мыналарды:

бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды;

ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды;

бір заңды тұлғаның шегінде тауарларды беруге байланысты, ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен кезде электрондық шот-фактураны жазып беруі қажет.                  Яғни тізбеге енгізілген тауарларды өткізген кезде әр-бір келесі контрагент өзінің сатып алушысына тауарларға декларациялар және тауар әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00 нысан), сонымен қатар тауар Қазақстан Республикасында өндірілген жағдайда ТС-1 (тауардың шығарылған жері туралы сертификаты) мәліметтерін көрсете отырып, электрондық шот–фактура жазуға тиіс.

Осыған орай салық төлеушілер шот-фактурасын электронды түрде толтыруға дайын болуы қажет. Ол үшін бизнес өкілдері электронды сандық кілтке ие болуы керек.

Шот-фактураның электрондық нұсқасын даярлау 2014 жылғы 1 шілдеден басталды. Шот-фактураның электрондық нұсқасы ақпараттық жүйеде тегін жүзеге асырылады. Электрондық шот-фактураны алу үшін электрондық шот-фактура  ақпараттық  жүйеге тіркеліп,  электрондық сандық кілт алу керек. Электрондық сандық кілтті салық төлеушілер халыққа қызмет көрсету орталығынан алады.

Туындаған сұрақтар бойынша Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына 8(7122) 451542 телефон арқылы хабарласуға болады.

 

Атырау қаласы бойынша МКБ

           Кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі                

басшысының м.а. Дармия Даулетиярова


ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН

ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

 

Жер үсті көздерінен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін арнаулы жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы алынады.Арнаулы су пайдалануы  уәкілетті мемлекеттік орган берілетін  рұқсат  құжаты бойынша  жүзеге асырылады.Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады. Су пайдаланудың арнаулы түрлері Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленеді.

 Төлемақы төлеушілерге келесі жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар жатады:

1) жер үсті көздерінен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;

2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;

3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;

4) су көлігі мұқтаждары үшін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.

 Салық салу объектілері келесілер болып табылады:

1) бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттеуші құрылғыларға шоғырландырылатын су көлемін;

ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететін, су шаруашылығы жүйелерінің жобалық деректері негізінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған су шығындарын;

су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемін;

су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған суару жүйелеріне мәжбүрлі түрде су жинау көлемін қоспағанда, жер үсті су көзінен алынған судың көлемі;

2) өндірілген электр энергиясының көлемі;

3) су көлігімен тасымалдау көлемі;

2. Төлемақы кеме тіркемесінсіз сүректі ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға қолданылмайды. 

Төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгілейді.Су алудың нақты көлемі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен жағдайда, көзделген төлемақы мөлшерлемелері  бес  есе ұлғайтылады.Төлемақы сомасын су пайдаланудың нақты көлемі мен белгіленген мөлшерлемелерді негізге ала отырып, төлеушілер дербес есептейді.Төлеушілер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемі үшін ағымдағы төлемақы сомаларын су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ай сайынғы су пайдалану лимиттерінің негізінде есепті тоқсаннан кейін екінші айдың 25-інен кешіктірмей бюджетке төлейді.Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленеді.

 Жеке және заңды тұлғалар тірек гидротехникалық және суды реттейтін құрылыстары бар су объектілерінде су көліктерімен тасымалдау көлеміне жүк тасымалының тонна/километрі үшін төлемақы төлейді.

  Жылу энергетикасы кәсіпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттеріне жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын су үшін төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшін көзделген мөлшерлемелер бойынша айқындайды.Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшін технологиялық қажеттерге су алу лимиті шегінде су алатын жылу энергетикасы кәсіпорындары төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшін көзделген мөлшерлемелер бойынша айқындайды. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшері өнеркәсіп кәсіпорындары үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша айқындалады.

   Төлемақы төлеушілер тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей декларация табыс етеді. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.Декларациялар  мемлекеттік кірістер органына табыс етілгенге дейін cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады.

                

Атырау қаласы  МКБ өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы

Ж.Т.Бокаева


Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару

 

Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 548 бабына сәйкес төленген мемлекеттiк баж сомасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға жатады.
      Талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;
арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан; iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған; мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаған органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан Салық органы мемлекеттiк бажды қайтару үшiн негiз болып табылатын тиiстi мемлекеттік органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжатты салық төлеушiден алғаннан кейiн, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттiк баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзiм өткенге дейiн табыс етiлген болса, төленген мемлекеттiк баж сомасын қайтару туралы салықтық өтiнiштi қарайды.

Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды салық органдары оның мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжаты қоса берілген салықтық өтінішінің, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізеді.

     Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органдары, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есебіне жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан жүргізеді.

     Мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін салық органы салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалғандығы туралы хабарлама жібереді.    

    

 Атырау қаласы бойынша МКБ

Есепке алу және талдау бөлімінің бас маманы К.Амангалиева

тел:45-15-49


Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алушы үміткерлерге емтихан 2016 жылғы 28–29 қыркүйек айында сағат 10-00 Атырау қаласы, Абай көшесі 8, бұрынғы Оқу-әдістемелік орталығы  ғимаратында өтетіндігін хабарлайды. Емтиханның өткізілуі туралы сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар:  35-41-35, 35-42-09 (ішкі 334).


Мемлекеттік баж төлеушілер, төлеу және қайтару тәртібі.

 

          Уәкілетті мемлекеттік органдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін   алынатын міндетті төлемдер мемлекеттік  баж болып табылады

 Құжаттарды беру заңдық мәні бар іс- әрекеттерге теңестіріледі.

Заңдық мәні бар іс-қимылдар және құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға өтініш   жасаған  жеке  және   заңды  тұлғалар  мемлекеттік  баж төлеушілер болып табылады.

Мемлекеттік баж алынады:

   1) сотқа берiлетiн талап-арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу  арыздарынан,   ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан
   2) нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн; 
    3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәлiктер бергені және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн; 
    4) шетелге тұрақты тұруға баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн; 
   5) шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза бергенi үшiн; 
    6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін; 
    7) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн; 
    8) аңшы куәлiгiн (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшiн;
    9) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн; 
   10) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін; 
   11) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар бергені үшін;

 11-1) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар бергені үшін;
  11-2) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшін;
   12) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн; 
   13) Қазақстан  Республикасы  ратификациялаған  халықаралық  шартқа  сәйкес   Қазақстан Республикасында жасалған  ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн; 
   14) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін;
  15) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның осы Кодекстiң 539-бабында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жасағаны үшiн;
  16) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін;
   17) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін;

      Мемлекеттiк  баж  банктер  немесе   банк  операцияларының  жекелеген  түрлерiн     жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша аудару жолымен төленедi. 

      Төленген  мемлекеттік баж қайтарылады:
        талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;
        іс төрелікке берілген;
        іс бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған жағдайда – толық көлемде, кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде;

Төленген мемлекеттік  баж қайтаруға жатпайды:
      1-1. Мемлекеттік баж:
      1) талапкер талап қоюдан бас тартқан;
      2) талапкер өз талаптарын азайтқан;
      2-1) сот бұйрығы күшін жойған жағдайларда, қайтарылмайды.

          Мемлекеттік баж қалай  және қандай құжаттар бойынша қайтарылады?

      Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды мемлекеттік кірістер басқармасы оның мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжаты қоса берілген салықтық өтінішінің, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізеді. 

       Мемлекеттік баж сомасын қайтару құжаттары мемлекеттік кірістер басқармасына мемлекеттік баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.

 

 

Ж.Т.Бокаева,

Атырау қаласы  МКБ өндірістік емес төлемдерді

әкімшілендіру бөлімінің бас маманы


Жер қойнауын пайдаланушылар назарына!

01.01.2016 жылғы жағдайына қолданысқа енген Салық кодексінің 342 бабына енгізілген өзгерістер бойынша, соның ішінде, жер асты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу, «Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық есептілігінің» (590.00 нысаны)3 қосымшасын толтыру кезінде келесіні ескеру қажет:

590.03.001жолында жер асты суларының салық кезеңі үшін физикалық өндірілген көлемітекше метрде көрсетіледі.590.03.003 жолында белгіленген салық мөлшерлемесінің пайыз (%) мөлшері көрсетіледі, мысалы, егер 590.03.001 жолында көрсетілген көлемге 1 АЕК мөлшерінде салық мөлшерлемесі қарастырылған болса, онда 590.03.003 жолында 1 саны көрсетіледі. 590.03.004 жолында 590.03.001  және 590.03.003 жолдарының және АЕК, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген  және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған, туындысы ретінде айқындалатынПайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы көрсетіледі. 590.03.014 жолының қорытынды сомасы 590.00-нысанының 590.00.001 жолына көшіріледі.


Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салуды енгізу туралы

 

            Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 588 «Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, алты ай мерзімге легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ЕЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0) қоспағанда, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204) әкетуге тыйым салу енгізілді.

Осыған сәйкес, бүгінгі күні мыналарға жол беріледі:

- кез-келген елге кез-келген көлік түрімен түсті металдар сынығы мен қалдықтарын әкетуге;

- кез-келген көлік түрімен Еуропалық одақтың елдеріне легирленген болат сынықтары мен қалдықтарын, оның ішінде коррозияға төзімді және басқа болаттарды (СЭҚ ТН 7204 21 100 0, 7204 21 900 0, 7204 29 000 0 коды), сонымен қатар бұрын пайдаланылған рельстер, теміржол қабатының және жылжымалы құрамның элементтерін (СЭҚ ТН 7302, 8607 коды)  әкетуге;

- тек темір жол мен теңіз көлігінің түрімен Еуразиялық экономикалық одақтың елдеріне одақтың елдеріне қара металдың сынықтары мен қалдықтарын (ЕАЭО СЭҚ ТН 7204 коды), оның ішінде коррозияға төзімді және басқа болаттарды (ЕАЭО СЭҚ ТН 7204 21 100 0, 7204 21 900 0, 7204 29 000 0), сонымен қатар бұрын пайдаланылған рельстер, теміржол қабатының және жылжымалы құрамның элементтерін (ЕАЭО СЭҚ ТН 7302, 8607 коды)  әкетуге.

 

А.Тойбазарова,  Жанама салықтарды әкімшілендіру

басқармасының басшысы

тел. 451788


Тауарлардың бағалық ақпараттары

ҚР ҚМ МКК сайтында бар екендігі хабарланады

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті барлық мүдделі тұлғаларға хабардар етеді, Кеден одағы Кеден кодексінің 64-ші бабына сәйкес, егер тауарлар кедендік шекарадан іс жүзінде кесіп өтсе және осындай тауарлар кедендік шекарадан кесіп өткеннен кейін кедендік транзит кедендік  рәсімін қоспағанда, алғашқы рет кедендік рәсімге орналастырылса, Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлардың кедендік құны анықталады. Тауарлардың кедендік құнына бақылау,  тауарларды шығарғанға дейін және шығарғаннан кейін, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізу аясында кеден органы жүзеге асырады.

Тауарлардың кедендік құнына бақылауды жүзеге асыру тәртібі  2010 жылғы 20 қыркүйектегі №376 Кедендік одақ коммиссиясының шешімімен белгіленеді.

Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру барысында кеден органының иелігіндегібар ақпарат пайдаланылуы мүмкін.

Кедендік орган Одақ мүше мемлекеттің заңнамасына тыйым салынбайтын кез келген тәсілмен, және де Интернет желісін қолдануымен ақпарат алуы мүмкін.

Бақылау нәтижесінің дұрыстығын табу үшін, талдау жасалғанкелісім талаптарымен салыстырмалы түрде барынша мүмкіншілігі бар ақпарат пайдаланылуы керек.

Осыған байланысты, Атырау облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменті тауарлардың бағалық ақпараттары, жалпы рұқсат  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - МКК) сайтында «Кедендік әкімшілендіру»  қосымшасында бар екендігін хабарлайды.

 

ҚР ҚМ  МКК сайтына кіру әрекетінің тәртібі:

      Интернет желісіндегі шолушының мекен-жайы көрсетілген жерге ҚР ҚМ МКК-нің https://kgd.gov.kz /ru сайтын теру, кіргеннен кейін пайдаланушыға «ҚР ҚМ МКК ресми  Интернет-ресурсі» терезесі ашылады → әрі қарай,  негізгі терезеде «Қызметі» тармағын таңдау → «Кедендік әкімшілендіру» → «Кедендік бақылау» → «Бағалық ақпарат» Exсel  форматында бағалық ақпарат көрсетіледі.

 

Атырау облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменті

Тауар номенклатурасы және кедендік кұн басқармасы

Анықтамалар үшін телефон  8(7122)32-32-34


2016 жылғы 18 қазандағы №101 Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кеден тарифіне өзгерістер енгізу туралы» шешімі

 

        Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы Дуниежүзілік кеден одағымен басқарылатын тауарларды сипаттау мен сыныптаудың үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық Конвенцияға негізделген. Конвенцияға әлемнің барлық елдермен қолданылатын тауар номенклатурасы кіреді.

Ұлттық тарифтермен статистикалық номенклатураларды құруға арналған негіз ретінде «халықаралық тіл сауда» деп аталатын үйлестірілген

жүйе туралы Конвенция тауар айналымын ықшамдау мен жеделдету үшін қолданылады.

         Халықаралық тауар ағымының үнемі өзгеріп отыратын құрылымы, жаңа тауарлардың пайда болуы, кеден қызметтерінің және  басқа да үйлестірілген жүйе пайдаланушыларының үйлестірілген жүйе қолданушыларының қажеттілектерін артуы себепті, Дүниежүзілік кеден одағы осы құралды кері қарастыру бойынша үнемі жұмыстар жүргізіп, әр бес жыл сайын үйлестірілген жүйе  номенклатурасын жаңа басылымын бекітеді.

        2012 жылдан 2017 жылға дейін ЕЭО-ның кедендік аумағында 2012 жылғы 1 қаңтарынан  бастап күшіне енген үйлестірілген жүйенің бесінші басылымына негізделген ЕЭО СЭҚ   тауар номенклатурасы әрекет еткен болатын. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап үйлестірілген жүйе алтыншы басылымына негізделген ЕЭО СЭҚ күшіне енді.

        2017 жылы үйлестірілген жүйе енгізілген өзгерістер 233 түзету бар, оның ішінде 85- агроөнеркәсіптік сектор тауарларына, 45- химиялық өнеркәсіптік өнімдеріне, 13- ағашөңдеу өнімдеріне, 15- тоқыма өнеркәсіптік өнімдеріне, 6- қымбат емес металлдарға, 25- машинажасау, 18- көлік құралдарына және 26 өнеркәсіптің өзге де салаларына қатысты.

        Бұл өзгерістердің негізгі бөлігі үйлестірілген жүйе номенклатурасына әлеуметтік мәселелерді шешуде (мысалы,азық-түлікпен қамтамасыз ету ) және қоршаған ортаны қорғауда маңызы бар тауарлардың халықаралық саудасын бақылау қажеттілігін көрсететін ережелерді қосу нәтижесі болып табылады.

        Үйлестірілген жүйе  алтыншы басылымына негізделген  ЕЭО СЭҚ ТН ресми сайтында «www.eurasiancommission.org» және ҚР ҚМ МКК  сайтында «https://kgd.gov.kz» жарық көрген.

        Сондай –ақ ҚР ҚМ МКК сайтында үйлестірілген жүйе бұрынғы және жаңа басылымның кодтарының арасындағы сәйкестігі белгіленген ауыспалы кестелер орналыстырылған. Ауыспалы кестелерге тек қана үйлестірілген жүйе алтыншы басылымы енуімен байланысты өзгерген тауар кодтары үшін сәйкестіктер қосылған.

 


 

Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын есптеу және төлеу тәртібіне «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  01.01.2017жылдан бастап енгізілген өзгерістер туралы.

 

Салық органдары жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.

Жеке тұлғалардың бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

Яғни, жеке тұлғалардың 2017 жыл үшін есептелген мүлік және жер салықтары 2018 жылдың 01 қазанынан кешіктірілмей төленуі тиіс.

 

Жеке тұлғаларда салық міндеттемелерінің болуы туралы мәліметтерді ұсынудың жаңа тәртібі қарастырылған.

Салық органдары жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салық міндеттемелерінің сомаларын және бар салықтық берешектің сомасы туралы мәліметтерді:

1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;

2) коммуналдық қызметтерді берушілерге есептеу үшін қолданылатын құжаттарда көрсету;

3) салық төлеушінің электрондық поштасына жолдау;

4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне СМС-хабарламаларды жолдау арқылы ұсынады.

Осы көрсетілген қызметтерді алу үшін, 01.01.2017жылдан бастап жеке тұлға тұратын жері бойынша салық органына, жазбаша нысанда, электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін беруге құқылы.

    Жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегі туралы жаңа хабарлама түрі белгіленген. Бұл хабарлама салық органымен салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегінің сомаларын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінер алдында 30 жұмыс күнінен кем емес уақытта жеке тұлғаға жолдануы тиіс.

    Хабарламаны жеткізу және алған күнін белгілеу туралы жаңа норма енгізілген. Осы нормаға сәйкес, хабарлама «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - келу тәртібімен оны алған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл ретте, есепті салық кезеңінде есептелген салықтардың сомасы туралы хабарламаны жеке тұлға есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 шілдесінен басталатын кезеңде алуға тиіс.


 

Хабарлама «Казпошта» АҚ арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлген жағадайда байланыс ұйымы мұндай хабарламаны пошта немесе өзге д


е байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жеткізуге тиіс.

 

Одан басқа, 01.01.2017 жылдан бастап мерзімді қызметті өткеру немесе оқу кезеңіндегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері  мүлік салығын төлеуші болып табылады.

Аяқталмаған құрылыс объектілері мүлік салығын салу объектісі болып табылмайды.

Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде 3 топтағы мүгедектерге де жеңілдіктер қолданылады.

 

Атырау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

бөлім басшысы

Гүлжан Қатақызы Кабдрахманова

тел. 318432


 

ҚҰРМЕТТІ   САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР!

2017 жылдың 15 ақпанында 2016 жылдың 4 тоқсанына салық декларацияларының және 2017 жылға мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етілетін мерзімі аяқталатынын ескертеміз, соның ішінде:

1. Қосылған құн салығы бойынша декларациясы (300.00 нысаны),  яғни қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алынған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;

2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығының декларациясы (200.00 нысаны);

3. Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларациясы (710.00 нысаны),  яғни ойын автоматтар залы; тотализатор; букмекерлік кеңсе, боулинг және бильярд қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;

4. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларациясы (870.00 нысаны), яғни ластаушы заттар шығарындыларының; ластаушы заттар төгінділерінің; өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының;  мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін сияқты салық салу объектісі болып табылатындар және ластанудың қозғалмалы көздері бойынша (таксистер, көлікті жалға берушілер).

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Тел. 451541

 


 

200.00 және 210.00 нысандары бойынша

 салық есептілігін тапсыру туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыста басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 26-VІ заңымен Салық кодексінің 67, 162 және 364 баптарына 2017 жылғы 1 қаңтарданкүшіне енетін өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Сонымен қатар, «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 579 бұйрығымен Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық бойынша декларациясы ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларациясына өзгертіліп шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бойынша ақпарат қөрсетілетін қосымшасымен толықтырылды, яғни 200.00 және 210.00 нысандары 2017 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енетінбір ортақ ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларациясына(СЕН 200.00) нысанына біріктірілді.

Бұл ретте, кәзіргі уақытта «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығының (әрі қарай – Бұйрық) біріктірілген СЕН 200.00  және оны толтыру ережелерін қолданысқа ену мерзімі бөліміне өзгертулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының  «Құқықтық актілер туралы» Заңының 11 бабының 3 тармағына сәйкес егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады.

Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылады

Жоғарыда жазылғанга сәйкес, Бұйрыққа енгізілетін өзгерістердің күшіне енгенге дейін, салық агенттерінің Қазақстан азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша салық есептілігін ұсыну міндетерін орындау мақсатында Бұйрықпен бекітілген 200.00 және 210.00 нысандарын тапсыруы, Салық кодексінің 584-бабына сәйкес салық агенттерінің міндетерінің орындалуы деп саналады.

Бұйрыққаенгізілетін өзгерістердің күшіне енгеннен кейін салықтық міндеттемені орындағанда, біріктірілген СЕН 200.00 тек қана салық есептілігін ұсынбаған салық төлеушілермен тапсырылады, аталған міндеттеме салық есептілігін 200.00 және 210.00 нысандарындатапсырып қойған салық агенттеріне таратылмайды.

Жазылғанды ескере отырып, жоғарыда аталған салықтық есептіліктерді қайтаруға жол берілмесін және мұндай салық төлеушілерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданбасын.

Жоғарыда аталған жаңа өзгерістерді Мемлекеттік кірістер басқармалар жұмыскерлерін және салық төлеушіліерді жедел түрде ақпараттандыру, мына ақпарат ресми сайттарда жариялансын.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті материалдары бойынша дайындалған

 


     Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ақ Жайық – Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті Атырау қаласы Азаттық даңғылы, 94 А мекен-жайында орналасқан Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратына 2017 жылғы 23 қаңтардан бастап қоныс аударды.

«Ақ Жайық – Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті Кеден Одағы кедендік аумағына әкелінетін және кеден аумақтан әкетілетін тауарлар мен көлік құралдардың кедендік тазарту бойынша мемлекеттік қызметін атқарады.

Кедендік ресімдеуді жеделдету және тауарлармен көлік құралдардың кедендік тазарту кезінде ақпараттың ашықтығы үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға, кедендік өкілдергеорын бөлініп және онлайн режимінде тауарлардың кедендік құны туралы бағалық ақпараты жөнінде табло орналастырылған. 

Атырау облысы бойынша МКД

 


Салық төлеушілердің жекелеген санаттарымен табыс етілетін хабарлама мен мәліметтердің мерзімдері туралы

 

Атырау қаласы бойынша, мемлекеттік кірістер басқармасы, орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы табыс етілетін мәліметтердің мерзімі жақындағандығын ескертеді. Мұндай мәліметтерді,  қызметтің мынадай  түрлерін:

заңдық көмек көрсету, оның ішінде құқықтық ақпарат беру, азаматтардың және ұйымдардың құқығын қорғау және өкілі болу, және де оларға консультативтік мағлұмат беру;

қоғамдық, социологиялық ойлар бойынша сұхбат алу және зерттеу (коммерциялық мақсатта жүргізілген қоғамдық, социологиялық ойлар бойынша сұхбат алу және зерттеулерден басқа), және де олардың қорытындысын тарату және жария ету;

мағлұматтарды жинау, талдау және тарату, көрсетілген қызмет коммерциялық бағытта жүргізілгенінен басқа көрсететін тұлғалар табыс етеді.

19.10.2016 жылғы №553 санды бұйрыққа сәйкес, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді.

017.00 нысанының табыс етілу мерзімі мәміле жасалған күннен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде; 018.00 нысаны алынған ақша және (немесе) мүлік толық жұмсалғанға дейін есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етіледі.

А.Галимов, Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары

 


Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы                                 11 қаңтардағы  №12 бұйрығымен «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Аталған бұйрыққа сәйкес шекара арқылы өткізуге болатын жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізімі қысқартылып, тізімнен киiм және киім заттары, төсек - орын керек -жарақтары, кілемдер және басқа еденге жаятын тоқымалар, бас киiмдер, аяқ киiм, былғарыдан жасалған бұйымдар, дәретханалық керек - жарақтар мен парфюмериялық - косметикалық бұйымдар,тамақ өнiмдерi, тұрмыстық техника және электр аспаптары сияқты тауарлар алынып тасталды.

Жаңадан белгіленген тәртіп бойынша,

  1. Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға мыналар жатады, егер:
  1. Олардыңсаны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

ұялы телефон, смартфон - бір адамға 2(екі) бірлік;

планшет - бір адамға 2 (екі) бірлік;

портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) - бір адамға 1 (бір) бірлік;

зергерлiк бұйымдар - бiр адамға 5 (бес) зат;

велосипед - бiр адамға 1 (бір) дана;

бала арбасы - бiр адамға 1 (бір) дана;

2) Кеден одағының кедендік шекарасы  арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.

2. Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

         3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

         Бұйрық 2017 жылғы 9 ақпанда«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттеріндересми жарияланды және 2017 жылғы 14 ақпанда қолданысқа енгізілді.


Бизнесті сақтай механизмдері.

«Банкроттық» деген сөз қазақстандықтарға «қаржылық күйреу», «кредиторлармен есеп айырысу үшін мүліктен айырылу» және «бизнестің міндетті түрде таралуы» ұғымдарын білдіреді.

Бүгінгі күнге дейін заң шығару базасы, банкрот деп танылған кәсіпорын үшін қайта жандандыру көздері табылған немесе қалпына келтіру жоспары әзірленген жағдайда банкроттықты тоқтатып, оны «жандандыру» мүмкіндігін қарастырмаған.

 Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиясы тарапынан 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт Жоспары шеңберінде  бизнесті сақтап қалу тетіктері мақұлданған.

Осыған орай, Мемлекет басшысы, 2015 жылдың қараша айында, Үкіметтің кеңейтілген отырысында тапсырмалар бере отырып, осыған ерекше көңіл аударып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

Аталған Заңда рәсімдерді оңтайландыруға және мерзімдерді қысқартуға бағытталған шаралармен қатар елеулі кәсіпкерлерге өз бизнесін сақтау үшін жаңа тетіктер қарастырылған.

Бұл механизмді бизнес өкілдері борышкерге қатысты бұрын оңалту рәсiмi қолданылмаған және банкроттық рәсімі барысында бизнесті жандандыру көздерін тауып, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетін оңалту жоспарын әзірлеген жағдайда қолдануы мүмкін.

Бұл мәселе кредиторлар жиналысында мақұлданған жағдайда келісілген оңалту жоспары сотқа жолданып, оның негізінде сот борышкерге оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарады.

Сот шешімі негізінде банкроттық рәсімі тоқтатылады, ал кәсіпорынға әзірленген жоспар шеңберінде оңалту шаралары қолданылады. Бұл түрлі, қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін шаралар болуы мүмкін. Атап айтқанда: берешекті өтеудің мерзімін ұзарту (кейінге қалтыру) немесе бөліп өтеу, кәсіпорынның өндірісін және құрылымдық бөлімшелерін оңтайландыру, жаңа инвестицияларды тарту және тағы сол сияқты.

Әрине, оңалту рәсімін қолдану, қаржылық қиыншылықтардан құтылу жолы болып табылмайды, алайда, кеше ғана банкрот деп саналған мекемеде бес жыл ішінде өзінің қиын жағдайын түзетудің және әдеттегі әрекетіне оралуға нақты мүмкіндігі пайда болады.

Бұдан басқа, Заң, борышкерге банкроттықтың кез келген сатысында барлық кредиторлармен бітімгершілік келісім жасасуға мүмкіндік береді. Міндетті шарт: алдын ала еңбекақы бойынша берешек толық көлемде өтелуі тиіс.

Бітімгершілік келісімді сот бекіткен сәттен бастап банкрот деп тану туралы сот шешімі орындалуға жатпайды.

Қабылданған Заңға сәйкес банкрот-кәсіпорынды тұтас мүліктік кешен ретінде, атауы және сауда белгісімен сатып алып, оның жаңа иесіне айналуға болады.

Кредиторлармен есептескеннен кейін мекеме банкрот деген статусынан айырылады.

Сондай-ақ, кәсіпорында қарыздар болған жағдайда, ол банкроттыққа баруға міндетті емес. Заң, борышкерге кредиторлармен қарыздарды қайтару жолдары мен мерзімі туралы келісімге келуге мүмкіндік береді.

Бұған 2 ай уақыт беріледі. Бұл ретте тұрақсыздық айыбын есептеу тоқтатылады және ешкім борышкерді банкрот деп тануға жүгіне алмайды.

Келісім сотпен бекітіледі және борышкер әдеттегі қызметіне кіріседі. Кредиторларға төлемдер, кестеге сәйкес жүргізіледі. Келісім 3 жылға дейінгі мерзімге жасалынады.

Бүгінгі күнгі қиын экономикалық кезеңде, төлем қабілетсіздіктің қазақстандық жүйесі бизнес субъектілер үшін дағдарыс салдарын жеңудің қосымша мүмкіндіктерін ұсынуға ұмтылуда.

 

                                               Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

Борыштармен жұмыс басқармасының бас маманы М.Досхожаева

 


Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету

 

Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға:

      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

      2) елдi мекендер жерлерiне;

      3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi) бөлінеді.

Жеке меншiк құқығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы және бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда келіссідей мөлшерде белгіленеді:

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

5.

Атырау

8,20

0,58

Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін Салық Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 309 «Автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, салық салу мақсаты үшін жер салығының базалық ставкасын түзетумен жерлерді өңірлерге бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешімі келісідей.

 

Аймақ нөмірі

Жер салығының мөлшерлемелерін түзету коэфиценті

Аймаққа кіретін орамдырдың аталуы мен нөмері

І

1,5

№ 013, 014, 016, 030, 031, 032, 011, 012, 004, 015, 024, 025, 007, 010, 019, 002, 003, 028, 029, 032, 033, 017, 018, 019, 021, 022, 023, 005, 006, 008, 009, 020, 021, 023, 026, 027, 043, 044, 045, 001, 004, 034, 046, 047, 048, 049, 059, 060 орамдар

Қаланы дамыту Бас жоспарынын шегіне кіретін бүкіл қала аумағы, Нұрсая мкр., Балықшы п., Лесхоз мкр., Көкарна мкр., Ширина, Ақжайық, Водниково, Мирный, Перетаска селолары, Жұмыскер п., мкр. Өркен, Ракуша с., Балауса мкр., Геолог, Бірлік селолары, Мирас, Мұнайшы мкр.

ІІ

1,3

№034, 035, 038, 039, 041, 042, 045, 046 орамдары және 001, 002 бөлімдері

Барлық өнеркәсіп нысандары

ІІІ

1,0

Акқсай, Ақжар, Атырау, Дамба, Еркінкала, Жаңаталап, Құрманғазы, Томарлы, Бесікті, Аспа, Тасқала, Зарослый, Талғайран селолары

Мысалы, «Бірлік» ЖШС-нің Геолог ауылында орналасқан 1000 кв.м. жерінің жер салығы келісідей есептеледі: 1000кв.м.*8,2(базалық салық мөлшерлемесі)*1,5(коэффициент)=12 300 тенге.

Әлеуметтiк салада қызметiн және Дербес бiлiм беру ұйымдарында қызмет асыратын заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициентiн қолданады.

Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін бөлінген жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 319 шешіміне сәйкес, Атырау қаласы бойынша автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын он есеге ұлғайту белгіленді.

 

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің

бас маманы И.К.Тажаяков

45-18-66

 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қадамдар

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бөлігі ретінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғандығы бізге мәлім. Мемлекеттік кірістер органдары және лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті. Мемлекет қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидасы,  және де этикалық мінез-құлық нормалары қатал сақталуы біздің жұмысымыздың басымдығы болып табылады.

         Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен (әрі қарай – Басқарма) 34 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, оның ішінде 22 қызмет түрін электрондық нысанда алуға болады. Осылайша, қызметтің 65% астам түрін салық төлеушілер, Басқармаға келмей – ақ, өз үйінен немесе кеңсесінен, және де «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы электронды нысанда ала алады.

         Сонымен қатар, әр қызмет түрі бойынша оны ұсыну уақыттары сақталуы тиіс, мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде, салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы ақпарат, бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзіндісі екі жұмыс күні өткеннен кейін ұсынылады, осылайша салық төлеушілермен шешімнің «балама» жолдарын іздеу қажеттілігі болмайды. 

         Сондай-ақ, 1 мамырдан бастап ҚҚС қою тәртібі жеңілдетіледі, өтінішті «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» порталы, Басқармадағы қызмет көрсету Орталығы арқылы беруге болады.  ҚҚС бойынша тіркеу туралы өтінішін электронды түрде өңдеу мүмкіндігі, салық өтінішімен бірге ұсынылуы тиіс растау құжаттар (пайда болған асып түсуді растайтын және орналасқан орнын растайтын құжаттар) тізімін алып тастауға және осы мемлекеттік қызмет түрін көрсету уақытын бір жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

         Жоғарыда аталған барлық шаралар, мемлекеттік кірістер басқармасы жұмысшыларының салық төлеушілермен байланысын азайтуға әкеледі, ол теріс пайдалану және сыбайлас жемқорлық қаупін азайтады.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       Атырау қ.б.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             МКБ орынбасарының м.а 

                                                                                                                      Э.Сисенова

                                                                                           тел.45-15-11


 

Тауардың кедендік құнын бақылау тәртібі

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының назарына Кеден одағы Кеден кодексінің 64-бабына сәйкес егер тауарлар кедендік шекарасынан іс жүзінде кесіп өтсе және осындай тауарлар кедендік шекарадан кесіп өткеннен кейін кедендік транзит кедендік  рәсімін қоспағанда, алғашқы рет кедендік рәсімге орналастырылса, кеден одағының  кедендік аумағына әкелінген тауарлардың кедендік құны анықталатынын хабарлайды. Тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу,  тауарларды шығарғанға дейін және шығарғаннан кейін, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізу аясында кеден органы жүзеге асырады.

Тауарлардың кедендік құнына бақылауды жүзеге асыру тәртібі  Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №376 шешімімен белгіленеді.

Кеден одағы Кеден кодексінің 69-бабына сәйкес, кеден органы тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізген кезде тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтердің дұрыс болмау мүмкіндігі немесе жарияланған мәліметтердің тиісті дәрежеде расталмағандығын көрсететін белгілерді, оларды шығарғанға дейін анықтаған жағдайда, кеден органы осы Кеден одағы Кеден кодексінесәйкес қосымша тексеру жүргізеді, оның мерзімі мен тәртібі Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №376 шешімімен бекітілген. Осыған орай, «ҚР кеден ісі туралы» ҚР Кодексінің 144-бабында қарастырылғандай төлеушімен таңдалған тәсілмен салықтар мен баждарды төлеуді қамтамасыз етіп, декларантпен немесе құзыретті өкілмен тауар мемлекеттік кірістер органына жеткізіледі.

Қосымша тексеру жүргізу кезінде тауардың кеден құнымен ұсынылған  мәліметтерді растайтын қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.   

Қосымша тексеру жүргізу кезінде кеден органымен сұратылатын қосымша құжаттар мен мәліметтердің үлгілік тізімі Кеден одағы комиссиясының 20.09.2010 ж. №376 шешімімен бекітілген Кедендік құнды бақылау тәртібіне №3 қосымшадакөрсетілген, бірақ лауазымды тұлға нақты тізімді тауардың кедендік құны туралы мәлімделген мәліметтердің анықталған жалғандығы белгілерін, сондай-ақ шарттың талаптары мен әкелінетін тауарлардың физикалық сипаттамасын, сапасы мен нарықтағы беделін ескере отырып айқындайды.

Тауарлардың кедендік құны туралы жарияланған мәліметтерді қосымша тексеру қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшесінің лауазымды тұлғасытауарлардың кеден құнына қатысты келесі шешімдердің бірінқабылдайды:

  1. кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасын қайтару жүзеге асырылатын тауарлардың мәлімделген кедендік құнын қабылдау;
  2. тауарлардың мәлімделген кеден құнына түзету жүргізу туралы.

Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшесінің лауазымды тұлғасы тауарлардың мәлімделген кеден құнына түзету жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасы мемлекеттік бюджетке аударылады.

 

Кеден құнын бақылау мәселелері туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауар номенклатурасы және кедендік құн басқармасына 8(7122)32-32-34 телефоны арқылы жүгінуге болады.

 

Тауар номенклатурасы және кедендік құн

басқармасының басшысы

Жұмашева  Л.Қ.


Алкоголь өнімдеріне жыл сайынғы төленетін лицензиялық алымы туралы

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңының (Салық кодексі) 472-бабы 3-тармағына сәйкес алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге лицензия алған тұлғалар тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін төлейтіні белгіленген.

Лицензиялық алым әр қызмет нысанына төленіп, көтерме сатушыларға 200 АЕК-ті құрайды, ал бөлшек сатушыларға әкімшілік-аумақтық бірлігіне байланысты сараланады:

  • Облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (226900 теңге);
  • Ауылдық жерлерде – 30 АЕК (68070 теңге).

Лицензиялық алым 105402 БЖК-на төленеді.

Жыл сайынғы лицензиялық алымды төлемеген жағдайда туындайтын әкімшілік жауапкершілік жөнінде

Салық кодексінде көрсетілген жыл сайынғы лицензиялық алымды уақытында және толығымен төлемеген жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 282 бабының 8 тармағы бойынша әкімшілік айыппұл төленіп, оған қоса қызмет түріне алынған лицензияның әрекетін тоқтату жүргізіледі.

2016 жыл үшін лицензиялық алымды төлемеген салық төлеушілер тізімі туралы  ақпаратты Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Акциздерді әкімшілендіру бөлімінен (27-кабинет) немесе  45-15-01 телефоны арқылы білуге болады.

 


ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН

ТӨЛЕМАҚЫ ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА

 

«Салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2008  жылғы   10 желтоқсанындағы № 99-IVКодексінің (бұдан әрі-Салық Кодексі)  478  бабына  сәйкес,жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Салық  Кодексінің 481 бабына  сәйкес,төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған шарттарының негізінде есептеледі.

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді.

 Салық кезеңі басталғаннан кейін уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан  заңды тұлғалар мен дара  кәсіпкерлер, шарт жасалған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей 851.00  нысанындағы  салық  есеп-қисаптарын табыс етеді.

  Салық  Кодексінде  белгіленген  мерзімінен  кешіктіріліп  табыс  етілген  салық  есеп-қисаптары  үшін  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы»  Кодексінің  272  бабының  1  және 2 бөліктерімен  көзделген  әкімшілік жаза қолданылады.

Заңды тұлғалар мен  дара  кәсіпкерлер 851.00 нысанының  деректерін  толтыру  кезінде толық  және  дұрыс  толтыруы  қажет.

  Айта  кететін  болсақ,  салық  төлеушілердің  басым  бөлігінен  851.00  есепті  жасау  кезінде 851.01 қосымша  нысанындағы  деректерді  толық  немесе  дұрыс толтырылмай, кемшіліктер жіберіледі.

   851.01 қосымша нысанын  уақытша  өтеулі  жер  пайдалану  құқығындағы  әрбір жер  учаскесі  үшін  бөлек  толтырылады.

        851.01 қосымша  нысанын  толтыру  кезінде жер заңнамасына сәйкес жер учаскесінің тиісті санаты, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, жалға алу шартының қолданылу мерзiмi, жер учаскесін нысаналы пайдаланудың тиісті түрі, салық кезеңінде жер учаскесін пайдаланған күндер саны, жер учаскесінің жалпы ауданы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасының мөлшері, бюджетке төлеуге жататын жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының сомасы көрсетілуі  қажет.

Салық  есептілігін толық  немесе  дұрыс  толтырылмаған  жағдайда, Салық  кодексінің  587 бабының  2 тармағына  сәйкес камералдық  бақылау  нәтижелері  бойынша анықталған  бұзушылықтар  туралы  хабарлама  рәсімделіп, салық төлеушіге жолданады.  Осы  хабарламаны  алған  күннен  бастап  отыз жұмыс  күн  ішінде  салық  төлеуші орындауы  тиіс.  Хабарлама  орындалмаған  жағдайда Қазақстар  Республикасының Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  Кодексінің 288 бабының 1 және 2 бөлігінде  көзделген  әкімшілік  жаза  қолдануға  әкеп соғады.

 Жеке  тұлғалар  төлемақы  сомаларын  есепті  салық  кезеңінің  25 ақпанынан  кешіктірмей  төлейді.

Н.Орунбаева, Атырау  қаласы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  басқармасының бас  маманы

 тел.451374

 


Құрметті салық төлеушілер!

 

Астана мен Алматы қалаларында  төмендегі тақырыптарда өткізілетін  семинарларымызға шақырамыз:

  1. Халықаралық салық салу
  2. Шот-фактура электрондық жүйесінде жұмыс жасағаудағы салықтөлеушілердің негізгі қателері. ЭШФ ақпараттық жүйесіндегі жұмыс істеу қадамдары. Вертуалды қойма.
  3. New in the Customs Code of the Union. IS Astana-1
  4. Қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартар туралы жане олады колдану
  5. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Салық базасын азайтуға қарсы күрес бағдарламасының талаптары (BEPS ұсынымдары)
  6. Электрондық шот-фактура. Ірі салықтөлеушілер мониторингі.
  7. Қазақстанның Салық төлеуден жалтарудан  қарсы ережелері (трансферттік баға белгілеу, жұқа капиталдандыру, бақыланатын шетелдік компания)
  8. Трансферттік баға белгілеу. Теория мен практика, әрі соттық практика
  9. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу. Арнайы экономикалық аймақтар.
  10. 2017 жылдың 1 шілдесінен басталатын Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру

 

Қатысу үшін тапсырыстарыңзды мына электрондық мекен –жәйға жіберу сұралады seminar@iriska.kz, факс 8727-395-33-98


2016 жылғы 30 қарашадағы № 26-VІ Қазақстан Республикасының Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне түзетулер енгізілгендігін атап өткен жөн, оған сәйкес 2017 жылдың1 шілдесінен бастап салықтық/кедендік тексерулердің нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды (бұдан әрі - шағымдар) қарастыру уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте, аталған тәртіп салық төлеушімен (салық агентімен), сондай-ақ  сыртқы экономикалық қызметке қатысушысымен 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап берілетін шағымдарға қатысты қолданады.

 

Кедендік тексеру нәтижелеріне шағым беру құқығы туралы

жадынама

бұл жадынама кеден ісі саласындағы уәкілетті органға

(Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі) кедендік тексеру нәтижелеріне шағым беруге қойылатын негізгі талаптар туралы ақпаратты қамтиды

 

Кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз оның нәтижелеріне сотқа шағымдануға немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға (бұдан әрі - хабарлама) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым беруге құқылысыз (Кеден кодексінің19-тарауы).

Сотқа шағым Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіпте беріледі.

Шағым хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде кеден ісі саласындағы уәкілетті органға берiледi (Кеден кодексінің 175-бабы).

Шағым жазбаша нысанда беріледі және шағым берген тұлға не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды(Кеден кодексінің 176-бабы).

 

Шағымда:

1) шағымға қол қойылған күн;

2) шағым берілетін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның атауы;

3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы;

5) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін (Кеден кодексінің 176-бабы).

 

Шағымға:

1) актінің және шағым берілген хабарламаның көшірмелері;

2) шағым беретін тұлғаның өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі (Кеден кодексінің 176 бабы).

Шағымның көшiрмесi хабарламаны шығарған кеден органына жiберілу тиiс (Кеден кодексінің 175-бабы).

Шағымды қарастыру тәртібі туралы ақпарат және шағым үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kzинтернет-ресурсында орналастырылған.

 

Заң басқармасы

Ә.Қарабалина, Тел.318422


Кедендікбаждар мен салықтардытөлеуді қамтамасыз

етукарточкасын беру тәртібі

 

Кедендікбаждардың, салықтардыңтөленуінқамтамасызетудітіркеуүшінҚР Қаржыминистрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 659 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес төлеушікедендікбаждардың, салықтардыңтөленуінқамтамасызетудіңтаңдағантәсілінебайланыстымемлекетіккірістерорганынаөтінішжолдайды.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 1 тармағына сәйкес, кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:

  1. ақшамен;
  2. банк   кепілдігімен;
  3. кепілгерлікпен;
  4. мүлік кепілімен;
  5. сақтандыру шартымен.

 Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу мемлекетік кірістер органында өтініш тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу туралы Қағиданың1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету Карточкасын ресімдеу арқылы жүргізіледі.

Карточка мемлекеттік кірістер органдарының кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуін есепке алу мақсатында ресімделеді және мемлекетік кірістер органдары үшін, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын құжат болып табылады.

Карточка екі данада ресімделеді:

- карточканың бірінші данасы оны тіркеген мемлекетік кірістер органының бөлімшесінде қалады;

- екінші данасы карточка тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік операциялар жасалатын мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне немесе кедендік операцияны жасауды жүзеге асырушы лауазымды тұлғаға беріледі және (немесе) жолданады.

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету Карточкасын ресімдеуден бас тартқан кезде мемлекеттік кірістер органы бас тарту себептерін негіздей отырып, төлеушіні бұл туралы жазбаша хабардар етеді.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Атырау облысы бойынша МКД Тарифтік реттеу және посткедендік бақылау басқармасына тел. 31-60-90 хабарласыңыз.

 

Тарифтік реттеу бөлімінің бас маманы Ермашева С.

 


 

Жеке тұлғалардың мүлкiне, жеріне салынатын 
салықтарының 2017 ж төлеу мерзімі

 

         Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) 2017 жылда жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық және жеке тұлғалардан алынатын жер салықтарына еңгізілген өзгерістері туралы келесіні хабарлайды.

   Салық кодексінің 391 бабының 1,3 тармақ тарымен 409 бабының 1,7 тармақтарына сәйкес жеке тұлғалардың жер салығының және жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салығы бойынша салық органдары салықты есептеуді , есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, ал салық төлеу мерзімі есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

             Осыған орай,2017 жылға аталған жеке тұлғалардың салықтары 2018 жылы төленуге тиіс. Бұл өзгерістер бір жыл ішінде мүлік және жер иелері өзгерген жағдайда, салық сомаларын қайта есептеу қажеттілігі болмайтынын хабарлаймыз. 

Көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі бұрынғыша- ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.                         

Атырау  қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

 


 


 

ТІРКЕУ АЛЫМДАРЫН ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА!!!!!

 

«Салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2008  жылғы   10 желтоқсанындағы № 99-IVКодексінің (бұдан әрі-Салық Кодексі)   453 бабына  сәйкес, тіркеу алымдары- тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.

 Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар  жүзеге асырады.

 Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады:

 заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;

 жылжымайтын мүлікке құқықтарды;

 жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін;

  ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды;

  көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

  дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

  авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды, сондай-ақ оларды қайта тiркегені;

  теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);

       Алым  мөлшерлемелері  республикалық  бюджет  туралы  заңда  белгіленген  және  алымдарды  төлеу  күні  қолданыста  болған  айлық  есептік  көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК) мөлшері  негізге  алына  отырып  есептеледі.

     Осы кодекстің 458 бабына сәйкес, алымдардың сомалары белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.

      Алымдарды төлеген тұлғалар тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін тіркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымдардың төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

      Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды тапсырмағанын растайтын, тиісті тіркеу органы берген құжаттарды олар тапсырғаннан кейін олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.

 

 

Н.Д.Орунбаева

Атырау  қаласы  бойынша 

Мемлекеттік  кірістер  басқармасының

бас  маманы

 


 

                                                    ХАБАРЛАНДЫРУ!

         Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алушы үміткерлерге емтихан  2017 жылғы  27 қарашада сағат 10:00 Атырау қаласы, Абай көшесі             8 үй мекенжайы бойынша орналасқан Департамент ғимаратында өтетіндігін хабарлайды. Емтиханның өткізілуі туралы сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар 31-87-25, 35-42-09 (ішкі 334).

 


 

Тұрақты мекеме құру туралы

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 212 бабының 4 тармағына сәйкес Салық агенті табыс етілген құжаттардың және қызметтер көрсетуге немесе жұмыстар орындауға арналған шарттың (келісімшарттың) негізінде бейрезиденттің осындай шарттың (келісімшарттың) және олар болған кезде байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құру фактісін айқындайды.

Салық кодексінің 191 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес, егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп қызметін жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметін сол арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы орындары болып танылады.

Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 1-тармағында көзделмеген қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау кезінде, егер мұндай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасының аумағында бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген келесі он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен астам жалғасатын болса, осындай мақсаттар үшін бейрезидент жалдаған қызметші немесе басқа персонал арқылы қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау орны тұрақты мекеме деп танылады.

Бұл ретте, салық кодексінің 191 бабының 8 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстiң 562 бабында белгiленген тәртiппен салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.

Қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиент-заңды тұлғаларға салық салу тәртібі салық кодексінің 198 бабымен белгіленген.

Салық кодексінің 198 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес, егер осы Кодекстiң 198 және 200 баптарында өзгеше белгiленбесе, бейрезидент заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, оның Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетiн табысынан корпоративтiк табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстiң осы бабының және 83 - 149-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi. Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық кірісін тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) кіріс түрлері Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алатын осы бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес табыстары құрайды.

Салық кодексінің 200 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға тұрақты мекеме құрылған күннен бастап корпоративтiк табыс салығын осы Кодекстiң 198 және 199 баптарына сәйкес ретроспективтi тәртiппен есептейдi және тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша салық органына көрсетiлген табыстарды қоса отырып, корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс етедi.

Осылайша, тұрақты мекеме қызмет көрсетілетін тұрақты орын арқылы қызмет көрсеткен сәттен бастап қызмет ете бастайды. 

Бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құру фактісі анықталған кезде, салық агенті Қазақстан Республикасында бейрезиденттің табыстарын салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес. Салық кодексінің 193 бабына сәйкес, егер бейрезиденттің қызмет көрсетуі ҚР аумағында тұрақты мекеме құруға әкеп соқпаса, төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыстар салығын есептеу мен ұстау салық агентіне жүктеледі.

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Тел.30-34-32

 


 

Жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау бойынша

өткізілетін семинарға шақырамыз

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірігіп жаңа Салық кодексінің нормаларын талқылау бойынша өткізетін жергілікті семинарға қатысуға шақырады. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1. Салық кодексінің  жаңа тәсілдері туралы (ҰЭМ)

          2. Жаңа Салық кодексіндегі салықтық әкімшілендіру

3. Өңірлік ерекшелігін ескере отырып қосымша баяндамалар (АӨК және ШБС, жер қойнауын пайдалану)

4. Сұрақтар-жауаптар

 

 

Өткізілетін жері мен уақыты: Ақтөбе қаласы, 2018 жылғы 18 қантар (бейсенбі).

 

Қосымша ақпаратты Атырау облысы бойынша МКД-ң Түсіндіру жұмыс басқармасынан 318438, 303329 телефондар арқылы алуға болады.

 


 

Салық төлеушілердің назарына!

Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру
шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы
кооперативтері үшін арнаулы салық режимі

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының (әрі қарай - Заң жобасы) 1-бабы 3-тармағының 26) тармақшасына сәйкес үлестес тұлғаларға 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін (бұдан әрі – АСР) қолдану кедергілерін жою туралы қарастырылатын Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер енгізілген.

        Бұл ретте, Заң жобасының 1-бабы 3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес:

       «1. Егер осы тармақтың екінші бөлігімен өзгеше белгіленбесе, жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен ауысу кезінде арнаулы салық режимiн немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.

         Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелерінде, Салық кодексінің 448-бабы 3-тармағы 3) тармақшасы нормасының жойылуына байланысты арнаулы салық режимiн қолдану құқығы пайда болған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігімен көрсетілген хабарламаны арнаулы салық режимін қолданылатын бірінші жылдың 29 желтоқсан айынан кешіктірмей тапсыруға құқылы...».

         Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелерінің назарына осы  АСР  2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдану үшін қағаз тасығышта ағымдағы жылдың 29 желтоқсанына дейінгі мерзімде табыс ету керек екендігін хабарлайды.

 

Атырау қаласы бойынша МКБ

 


 

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын

салық төлеушілер назарына

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік крістер департаменті келесіне хабарлайды.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы заң актілерімен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін (БЖС) және патент негізіндегі арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер үшін әлеуметтік салықты жоюдың, және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеудің 2020 жылға көшіру қарастырылғанын назарларыңызға жеткіземіз.

Осыған байланысты, «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің Бұйрығы бекітілгенге дейін, 2018 жылғы салық міндеттемелері бойынша 910.00, 911.00, 920.00 СЕН – дарының мына жолдарын толтырмау немесе «0» көрсеткішін көрсету қажет:

911.00 СЕН-да:

- «Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы» 911.00.004 жолын;

- «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының сомасы»  911.00.008 жолын;

- «Әлеуметтік салық» және «міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары» 911.00.010 жолын.

910.00 СЕН-да:

- «Дара кәсіпкерлерүшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының сомасы» 910.00.014 жолын.

 920.00 СЕН-да:

- «Әлеуметтік салықты есептеу» бөлімін;

- «Шаруашылық басшысының және мүшелерінің төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының сомасы» 920.00.025 жолын.

            Егер де 911.00 СЕН-ын өңдемеуі туралы хабарлама 911.00.002; 911.00.003; 911.00.004 және 911.00.008 жолдарына (жеке немесе жиынтығында)  байланысты болған жағдайда, бұл СЕН-дары кешірек өнделіп, патент берілетін болады (СЕН-ын  қайта жіберу талап етілмейді). Ал егерде қателердің басқа да түрлері бар болған жағдайда 911.00 СЕН-ы табыс етілмеген деп есептеледі.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің материалдары бойынша дайындалған

 


 

Алкоголь өнімдеріне

лицензиялық төлемақының төлеу мерзіміндегі өзгерістер

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңының (Салық кодексі) 555-бабы 1-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы), тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі және алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде алынады.

Лицензиялық төлемақы әр қызмет нысанына төленіп, көтерме сатушыларға 200 АЕК-ті (481 000 теңге) құрайды, ал бөлшек сатушыларға әкімшілік-аумақтық бірлігіне байланысты сараланады:

  • Облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (240 500 теңге);
  • Ауылдық жерлерде – 20 АЕК (48 100 теңге).

Лицензиялық төлемақы 105402 БСК-на төленеді.

Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.

Толық ақпаратты Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Акциздерді әкімшілендіру бөлімінен (27 кабинет) немесе  30-35-32 телефоны арқылы білуге болады.

 


 

Аванстық төлемдер туралы

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдың 1 тоқсанына аванстық төлемдер  сомасының 101.01 нысанды есеп-қибаның табыс ету мерзімі 20 қаңтар күні екендігін ескертеді.

 Салық кодексінің 305 бабының 2 тармағына сәйкес, алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан асатын салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеушісі болып табылады.

Осылайша, 2016 жылға түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табысы 689 325 000 теңгеден асатын салық төлеушілер 2018 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезеңде төленуге жататын аванстық төлемдер сомасының 101.01 нысанды есеп-қисабын табыс етуге міндетті.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 306 бабының 2 тармағына сәйкес, салық төлеушілер Салық кодексінің корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке 305-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешiктiрмей, әрбір ай үшін енгізуге мiндеттi.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 278 бабымен көрсетілген әкімшілік жазаны болдырмас үшін, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есеп-қисаптарын уақытылы табыс ету керек екендігін хабарлаймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Резидент еместерді, жер қойнауын пайдаланушыларды және  ірі салық төлеушілерді әкімшілендіру бөлімінен түсінік алуға болады (23 кабинет), телефон 8(7122) 30-34-32.

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

 


 

Тауарлармен электрондық сауда

 

Тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 1-бабының 65) тармақшасымен айқындалған.

Тауарлармен электрондық сауда бұл – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Салық кодексінің 1 баптың 29) және 30) тармақтарымен интернет-алаң және интернет-дүкен тұжырымдары берілген:

интернет-алаң – тауарлармен электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша делдалдық қызметтер көрсететін, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе;

    интернет-дүкен – тауарларды өз интернет-ресурсында өткізуге арналған, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе;

Сонымен бірге Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 88 бабы 4 тармағымен айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 89 және 90-баптарында белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру, сондай-ақ оларды тіркеу туралы жазбалардан шығару тәртібі белгіленген.

Салық кодексінің 293 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылдың 25 желтоқсандағы № 121-VI ЗРК Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы заңының 357 баптың 2 тармағы 2020 жылдың 01 қантарына дейін келесі редакциясында әрекет етеді: «жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

дара кәсіпкердің осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі,

алу тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі,

алу осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, кірісті түзету сомасы,

алу осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген мөлшерде және тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы.

Дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, егер осындай қызмет операциялары бойынша пайда болған теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуі ескеріле отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алған кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, жүргізіледі. Бұл шарт сақталмаған кезде дара кәсіпкер осы тармақтың бірінші бөлігі үшінші және төртінші абзацтарының ережелерін қолдануға құқылы емес».

Сондай-ақ Заңның 48-бабының сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер патент құнына кіретін жеке табыс салығының сомасын есептеуді, 1 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынатын кірістерді қоспағанда, салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшерінде мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді деп анықталған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде тіркелген СТ-лерге Салық кодексінің нормаларына сәйкес салықтық преференциялар беріледі.

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

8 (7122) 303492

 


 

Тауарлардың электрондық саудасы

 

Тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 1-бабының 65) тармақшасымен айқындалған.

Тауарлармен электрондық сауда бұл – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Салық кодексінің 1 баптың 29) және 30) тармақтарымен интернет-алаң және интернет-дүкен тұжырымдары берілген:

интернет-алаң – тауарлармен электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша делдалдық қызметтер көрсететін, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе;

    интернет-дүкен – тауарларды өз интернет-ресурсында өткізуге арналған, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе;

Сонымен бірге Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 88 бабы 4 тармағымен айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 89 және 90-баптарында белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру, сондай-ақ оларды тіркеу туралы жазбалардан шығару тәртібі белгіленген.

Салық кодексінің 293 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылдың 25 желтоқсандағы № 121-VI ЗРК Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы заңының 357 баптың 2 тармағы 2020 жылдың 01 қантарына дейін келесі редакциясында әрекет етеді: «жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

дара кәсіпкердің осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі,

алу

тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі

алу

осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, кірісті түзету сомасы,

алу

осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген мөлшерде және тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы.

Дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, егер осындай қызмет операциялары бойынша пайда болған теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуі ескеріле отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алған кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, жүргізіледі. Бұл шарт сақталмаған кезде дара кәсіпкер осы тармақтың бірінші бөлігі үшінші және төртінші абзацтарының ережелерін қолдануға құқылы емес».

Сондай-ақ Заңының 48-бабының сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер патент құнына кіретін жеке табыс салығының сомасын есептеуді, 1 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынатын кірістерді қоспағанда, салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшерінде мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді деп анықталған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде тіркелген СТ-лерге Салық кодексінің нормаларына сәйкес салықтық преференциялар беріледі.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы

 


 

2018 жылдың 1қаңтарынан бастап жер салығы бойынша бюджеттік сыныптама кодтары өзгертілді

 

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 514 бұйрығына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттік сыныптама кодтары бойынша бюджет түсімдерінің сыныптамасы өзгертілді:

104302 БСК – елді мекендердің жерлеріне жер салығы;

104309 БСК – елді мекендердің жерлеріне жер салығын қоспағанда, жерсалығы.

Осылайша, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап  жеке, заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден «елді мекендердің жерлері» санаты бойынша төлемдер 104302 БСК-на түсуі тиіс.

104309 БСК-на елді мекендердің жерлеріне жер салығын қоспағанда, жер салығы (жерлердің санаттарына – ауыл шаруашылығы мақсатындағы, өнеркәсіп, орман және су қорының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары кіреді) бойынша төлемдер түсуі тиіс.

Сонымен қатар, салық төлеушілер 2017 жылы 104309 БСК-на есепке жатқызу мен төлемді жүргізгенін, бұл ретте бюджетпен түпкілікті есеп айырысу мерзімі 2018 жылғы 10 сәуірден кешіктірілмейтін болып белгіленген, сондай-ақ дербес шотында заңсыз бересінің қалыптасуын болдырмау мақсатында, ол өз кезегінде өндірудің әкімшілік шараларына әкеп соғатынын ескере отырып, 2017 жыл үшін көлік құралы салығы, жер салығы бойынша және мүлік салығы бойынша декларация бойынша мүмкін болатын есепке жатқызу мен төлемді жергілікті өзін-өзібасқару бюджетіне (бюджеттің 4-деңгейі) түсуі тиіс төлемдер бойынша объектілер мен салық төлеушілерді қоспағанда, 104309 БСК-на төленуі қажет.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне (бюджеттің 4-деңгейі) түсуі тиіс төлемдер бойынша объектілер мен салық төлеушілердің төлеміне қатысты,
4-деңгейдегі дербес бюджетпен жергілікті өзін-өзі басқару жерлеріне жатпайтын басқа елді мекен аумағында тұрған жерлердің болуына қарамастан, елді мекендердің жерлеріне жерсалығын төлеу 104302 БСК-на жүргізілуі қажет.

2018 жыл үшін жер салығын төлеуді бекітілген бюджеттік сыныптамаға сәйкес жүргізу қажет:

104302 БСК – елді мекендердің жерлеріне жер салығы;

104309 БСК -   елді мекендердің жерлеріне жер салығын қоспағанда, жер салығы.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің материалдары бойынша дайындалаған


 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Zakon KZ интернет-ресурсында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, арнайы салық режимі, салықтық әкімшілендіру бойынша бөлігінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Кодексі (Салық кодексі) жөнінде вебинарлар курсы орналастырылған, nk2018.zakon.kz.сілтемесі бойынша өтіп көре алатындығын хабарлайды.

Ағымдағы жылдың ақпан айының аяғына дейін халықаралық салық салу, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, ірі салық төлеушілер мониторингі, жергілікті салықтар және бюджетке төленетін басқа төлемдер, электрондық сауда бойынша вебинарлар орналастырылады.

ҚР ҚМ МКК материалдары бойынша дайындалған

 


                                                                              Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініңМемлекеттік Кірістер Комитетінің

   Сайтына кіру керік
                                                                        

     Сенімсіз салық төлеушілерді іздестіру  
                                                                 
                                                                    
  ЖСН немесе БСН – ді еңгізу

                                               
Суретте қандай код тұр соны еңгізу
    

Әрі қарай іздеу басу

Егерде Сіз немесе Сіз басқарып отырған заңды тұлға әрекетсіз салық төлеушілер  қатарына енгізілген болса Сіз Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына яғни Атырау қаласы Азаттық 94 А 3 қабат 30 бөлмеге немесі 1 қабат 3 терезеге және 30-35-65 телефонына қоңырау шалып толық мәлімет алуыңызға болады. Егер келем деген жағдайда өзіңізбен бірге жеке куәлік немесе сенімхат көшірмесін алып келуіңізді өтінеміз.  
 
Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

 


 

ҚҰРМЕТТІ   САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР

Салық есептіліктері  салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етілуі тиіс

 

Квартал, жарты жылдық, жылдық

Салық есептіліктер

Салық есептіліктер атауы

Тыбыс ету уақыты

 

1 тоқсан

 

 

 

жылдық

300.00

200.00

 

710.00

 

870.00

 

 

 

701.01

 

 

700.00

 

 

100.00

Қосылған құн салығы

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы

Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация

Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық бойынша есебі

Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша Декларация

Корпоративті табыс салығы

15 мамырға дейін

 

 

 

 

 

 

 

15 ақпанға дейін

 

 

31 наурызға дейін

 

2 тоқсан

 

 

 

1 жарты жылдық

300.00

200.00

 

710.00

 

870.00

 

 

910.00

Қосылған құн салығы

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы

Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация

Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация

15 тамызға дейін

 

3 тоқсан

 

 

 

жылдық

300.00

200.00

 

710.00

 

870.00

 

 

701.00

Қосылған құн салығы

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы

Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация

Көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есебі 

15 қарашаға дейін

 

 

 

 

 

 

5 шілдеге дейін

 

4 тоқсан

 

 

 

 

 

 

 

 

2 жарты жылдық

300.00

200.00

 

710.00

 

870.00

 

 

 

910.00

Қосылған құн салығы

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы

Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация

Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация

15 ақпанға дейін

 

 


 


 


 

ҚҰРМЕТТІ   САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР

Наурыз айы салық төлеушілерге ең күрделі ай, себебі осы айда жылдық салық есептіліктерін табыс ету мерзімі аяқталатынын ескертеміз;

                                                      Салық есептіліктері

24

ф. 870.00 - Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларациясы 100-сі   АЕК

31

ф.100.00, 110.00, 130.00, 150.00 -  по корпоративтік табыс салығы бойынша декларация 

ф. 700.00 – мүлiк, жер және көлік салығы бойынша декларациясы

ф. 220.00, 230.00, 240.00 - Жеке табыс  салығының декларациясы

ф. 920.00 – Бірынғай жер салығы бойынша декларациясы

 

 


 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес Жалпыға бірдей декларацияландыру бір кезенге 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.ҚР «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі)630-бабы Кірістер мен мүлік туралы декларация

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың 1 қаңтарында мынадай:

1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мынадай адамдардың бірі:

Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;

оралман;

тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті;

2) осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайларда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

3) осы баптың 5-тармағында айқындалған жағдайда кәмелетке толмаған адам болып табылатын жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.

 

30-34-99

 


 

ХАБАРЛАНДЫРУ !

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Мемлекеттік қызметкерлер үшін 2017 жылға тапсырылатын (230.00нысанды) жеке табыс және мүлік салығы бойынша декларациясының табыс ету мерзімінің 31 наурызында аяқталатындығын  хабарлайды. Егер мерзімінде табыс етпеген жағдайда ҚР Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы кодексінің 274-бабына сәйкес:

1. Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекет -

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

тел.30-34-99

 


 

ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

105434 ББС-НА ТӨЛЕНЕДІ

 

Алкоголь өнімдерін көтерме және/немесе бөлшек саудада жүзеге асыратын тұлғалар, жыл сайын жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға берілген лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға берілген лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы 105434 ББС-на төленеді.

Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.

            Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.

Лицензиялық төлемақы әр қызмет нысанына төленіп, көтерме сатушыларға 200 АЕК-ті (481 000 теңге) құрайды, ал бөлшек сатушыларға әкімшілік-аумақтық бірлігіне байланысты сараланады:

  • Облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (240 500 теңге);
  • Ауылдық жерлерде – 20 АЕК (48 100 теңге).

            Толық ақпаратты Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Акциздерді әкімшілендіру бөлімінен (27-кабинет) немесе  30-35-32 телефоны арқылы білуге болады.

 


 

Электронды шот фактураны жазып беруге  кезең – кезеңмен көшу

 

Элестрондық шот фактураны жазу міндеттемесі:

- 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап - уәкілетті экономикалық операторларында;

- 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап - кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, кеден қоймаларының иелері болып табылатын салық төлеушілерде туындайды.

Қазақстан Республикасының 11 қантар 2016 жылдан бастап ДСҰ-на қосылуына байланысты Тізбеге жататын тауарларды өткізетін барлық салық төлеушілер ЭШФ жазуға міндетті.

- 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап - Мемлекеттiк сатып алуға қатысушы салық төлеушілерде;

- 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – мониторингке жататын ірі салық төлеушілерде;

- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап - қосылған құн салығын төлейтін барлық төлеушiлерде туындайды.

 

 

ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы

Алмагүл Асланбекқызы Нұржанова

 


 

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою

 

Салық төлеушілер Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне өз еркімен тіркеле алады.

         Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне өз еркімен тіркелудің келесідей түрлері қарастырылған:

- Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі жөнінде салықтық арыз беру жолымен (қағаз жүзінде келу тәртібімен немесе  электронды түрде);

- Резидент- заңды тұлғаның бизнес – сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық реестріне мемлекеттік тіркелу жолымен.

Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды салықтық өтiнiш берілген күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде жүргізеді.

 

 

ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы

Нұржанова Алмагүл Асланбекқызы

Телефон: 30-34-87

 


 

 

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою

 

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға ең төмен айналымы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асқан резидент заңды тұлғалар, қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер жатады.

Резидент заңды тұлғалар, қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер салық төлеушілер болып табылады

Ал мемлекеттік мекемелерді, резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін, тиісінше ойын бизнесі салығы мен тіркелген салық салуға жататын тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.

             Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:
           1) жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, бейрезидент солар арқылы қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер – әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;
           2) салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар – салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;
           3) ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған салық төлеушiлер – салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған күннен кейiнгi күннен бастап;
           4) өзге де салық төлеушілер ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.

            Егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кетсе, салық төлеушілер, ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен беруге міндетті.

Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды салықтық өтiнiш берілген күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде жүргізеді.

2018 жылға қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға АЕК 2405*30000=72 150 000 теңге.

 

 

ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы

Нұржанова Алмагүл Асланбекқызы

Телефон: 30-34-87

 


 

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмағаны үшін әкімшілік жауаптылық

 

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмағаны үшін жауаптылық көзделген.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 269 бабының 3 тармағына сәйкес, салық төлеушiнiң мемлекеттік кіріс органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы елу айлық есептік көрсеткіш айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы

Нұржанова Алмагүл Асланбекқызы

Телефон: 30-34-87

 


 

              Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі

                 тәртіппен тоқтату ерекшеліктері

 

        Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)-не 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес резидент-заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге:

         1.Мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

        1)күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің
48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзіміненкем болмайтын мерзімде:

     салықтық есептілікті ұсынбаған;

    экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;

    егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының 12 еселенгенең төмен мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын,сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;

      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

      2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:

      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

      осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;

       жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;

        әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

        салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері,  қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады.

         Осы тармақтың ережелері:

         1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын;

        2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

        2. Салық органдары жыл сайын:

        1) осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін субъектілердің бастапқы тізбесін 1 наурыздан кешіктірмей қалыптастырады;

          2) мынадай мәліметтерді:

          сәйкестендіру нөмірін (ол болған жағдайда);

          салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

          жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не субъектінің атауын;

           субъектінің орналасқан жеріндегі салық органының атауын;

кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайын көрсете отырып, мәжбүрлі түрде таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылған тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 сәуірден кешіктірмей орналастырады;

3)субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей, мәліметтер алу үшін:

екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің  1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы;

уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы;

әділет органдарына – Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді.

3. Қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттар қоса берілген, кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін қабылдайды.

4. Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер алынған жәнекредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

5. Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген тізбеге қосылған субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап қою арыздарын сотқа күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жібереді.

Осыған байланысты мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің қалыптастырылған тізімдері салық төлеушілердің тіркелген мемлекеттік кірістер органдары көрсетіле отырып мына мекен жайларда: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz  web порталы орналастырылған.

Салық төлеушілерге қатысты талаптар туындаған жағдайда, тіркеу орны бойынша төмендегі Мемлекеттік кірістер органдарына өтініштермен хабарласуға болады.

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы-Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 94 А.

Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Құлсары қаласы, Жылқышы Ізтұрғанов көшесі, 7 үй.

 

 Салық кодексінің 93 бабына сәйкес салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктеріне сәйкес салық төлеушілердің тізімі

 

 

  Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


 

http://www.minfin.gov.kz/irj/portal/anonymous?NavigationTarget=ROLES://portal_content/mf/kz.ecc.roles/kz.ecc.anonymous/kz.ecc.anonymous/kz.ecc.anonym_services/services/audit_organs орналасқан аудиторлық уйымдардың толық тізімін мемлекеттік кірістер  департаментінің сайтында орналастыруды тапсырады.


 

Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі

                 тәртіппен тоқтату ерекшеліктері

 

        Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)-не 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес резидент-заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге:

         1.Мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

        1)күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің
48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзіміненкем болмайтын мерзімде:

     салықтық есептілікті ұсынбаған;

    экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;

    егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының 12 еселенгенең төмен мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын,сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;

      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

      2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:

      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

      осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;

       жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;

        әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

        салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері,  қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады.

         Осы тармақтың ережелері:

         1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын;

        2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

        2. Салық органдары жыл сайын:

        1) осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін субъектілердің бастапқы тізбесін 1 наурыздан кешіктірмей қалыптастырады;

          2) мынадай мәліметтерді:

          сәйкестендіру нөмірін (ол болған жағдайда);

          салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

          жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не субъектінің атауын;

           субъектінің орналасқан жеріндегі салық органының атауын;

кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайын көрсете отырып, мәжбүрлі түрде таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылған тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 сәуірден кешіктірмей орналастырады;

3)субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей, мәліметтер алу үшін:

екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің  1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы;

уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы;

әділет органдарына – Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді.

3. Қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттар қоса берілген, кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін қабылдайды.

4. Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер алынған жәнекредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

5. Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген тізбеге қосылған субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап қою арыздарын сотқа күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жібереді.

Осыған байланысты мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің қалыптастырылған тізімдері салық төлеушілердің тіркелген мемлекеттік кірістер органдары көрсетіле отырып мына мекен жайларда: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz  web порталы орналастырылған.

 

Салық кодексінің 93 бабына сәйкес салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктеріне сәйкес салық төлеушілердің тізімі

Салық төлеушілерге қатысты талаптар туындаған жағдайда, тіркеу орны бойынша төмендегі Мемлекеттік кірістер органдарына өтініштермен хабарласуға болады.

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы - Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 94 А.

 

  Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

 

 

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі

тәртіппен тоқтату ерекшеліктері

 

 

              Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)-нің 93 бабына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес резидент-заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге:

      1. Мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

      1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:

      салықтық есептілікті ұсынбаған;

      экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;

      егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;

      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

      2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:

      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

      осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;

      жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;

      әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

      салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады.

      Осы тармақтың ережелері:

      1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын;

      2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

      2. Салық органдары жыл сайын:

      1) осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін субъектілердің бастапқы тізбесін 1 наурыздан кешіктірмей қалыптастырады;

      2) мынадай мәліметтерді:

      сәйкестендіру нөмірін (ол болған жағдайда);

      салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

      жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не субъектінің атауын;

      субъектінің орналасқан жеріндегі салық органының атауын;

      кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайын көрсете отырып, мәжбүрлі түрде таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылған тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 сәуірден кешіктірмей орналастырады;

      3) субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей, мәліметтер алу үшін:

      екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы;

      уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы;

      тіркеуші органға – Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді.

      3. Қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттар қоса берілген, кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін қабылдайды.

      4. Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер алынған және кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

      5. Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген тізбеге қосылған субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап қою арыздарын сотқа күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жібереді.

      Осыған байланысты мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің 2022 жылға қалыптастырылған тізімдері салық төлеушілердің тіркелген мемлекеттік кірістер органдары көрсетіле отырып мына мекен жайларда: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz  web порталында орналастырылған.

            Салық төлеушілерге қатысты талаптар туындаған жағдайда, тіркеу орны бойынша төмендегі Мемлекеттік кірістер органдарына өтініштермен хабарласуға болады.

  • Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы - Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 94 «А»;
  • Атырау облысы, Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Мақат ауданы, Сатпаев көшесі 18/1;

         - Атырау облысы, Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Исатай ауданы, Аққыстау с., Егемен Қазақстан көшесі 15 үй;

          - Атырау облысы, Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Құрманғазы селосы, Ш.Сәтеков көшесі, 1 үй.

 

Салық кодексінің 93 бабына сәйкес салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктеріне сәйкес салық төлеушілердің тізімі

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті