Жарияланған күні: 27.01.2023 19:45
Өзгертілген күні: 27.01.2023 19:50

Жеке тұлғалардың қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы

 

2022 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңды мақұлдады.

Заң ресми жарияланғаннан кейін алпыс күн өткен соң күшіне енеді. Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады.

Заң, үш түрлі – соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қарастырады.

Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық - соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.

         Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады: банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 миллион теңгеден (1600 АЕК) аспаса; өтініш берген күннен бастап қатарынан он екі ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс; мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болуы; банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу; банкроттық жеті жыл бойы қолданылмау қажет.

Сонымен қатар, Заң жобасымен: алты ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін; бес жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.

Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.

    Арыз берілген күнге дейін жеті жыл бойы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану фактісінің болмауы шарттарына сәйкес келуі сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады.

 

 

Екінші рәсім: Сот арқылы банкроттығы 1600 АЕК мөлшерінен яғни, 5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот арқылы банкроттығына жүгіне алады.

     Кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша осындай арыз берілген күнге қатарынан он екі ай ішінде өтеудің болмауы.

Сот арқылы банкроттығы мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы.

Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды.

Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады.

Сот арқылы  банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде: заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары, аудиторлар жатады.

    Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, төлем сот арқылы банкроттық рәсімінде қаржы басқарушысының сыйақысы борышкердің қаражаты есебінен (мүлікінен) төленеді.

Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында, мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.

Сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында береді.

     Қаржы басқарушысы ай сайынғы сыйақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір ең төмен жалақының мөлшерін құрайды.

    Бес жыл бойы қарыздар (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру жөнінде мәмілелер жасасуға  сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтату туралы шешімі шыққан күнен бастап тыйым салынады.

   Арыз берілген күнге дейін жеті жыл бойы сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану фактісінің болмауы шарттарына сәйкес келуі сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады.

 

 

Үшінші рәсім: ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (бес жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.

 1600 АЕК мөлшерінен, яғни 5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады.

    кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша осындай арыз берілген күнге қатарынан он екі ай ішінде өтеудің болмауы.

Сауықтыру жоспары қаржы бақарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.

Алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша берешектерді есептен шығарылмайды.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолдану туралы арызды азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында береді.

Сонымен қатар, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде:заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары, аудиторлар жатады.

    Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімінде қаржы басқарушысының сыйақысы борышкердің қаражаты есебінен (мүлікінен) төленеді.

    Қаржы басқарушысы ай сайынғы сыйақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір ең төмен жалақының мөлшерін құрайды.

 

   Банкроттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелері мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алименттерді алуға құқығы бар адамдарға оларды төлеу;

2) адамның өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;

3) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туындайтын талаптар;

4) қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін банкроттың тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелері болып табылады.