Жарияланған күні: 19.03.2015 17:56
Өзгертілген күні: 03.03.2020 16:42

 

 

СЭҚ-ке қатысушылардың, кедендік тасымалдаушылардың және кеден өкілдерінің назарына!

 

Атырау облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаменті Сіздерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының кейбір мәселелері бойынша хабарландырады.

2013ж. 4 шілдесінде Ресей Федералды кеден қызметі 2013 жылдың қазанына бастап ХЖТ конвенциясының қызметін нақты тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын, яғни Ресей Федерациясының кедені ХЖТ кітапшасымен  кедендік транзит кедендік рәсімін ашу барысында қосымша ұлттық кепілдеме талап етеді.

Нәтижесінде, ХЖТ Конвенциясы тек екі – Брянск және Воронеж кеденінде қолданады. Бұл кеден органдарымен өткізілетін қазақстандық автокөліктедің үлесі өте төмен немесе жалпы тасымалдың 10 % ғана құрайды.

Сонымен қатар, РФ Үкіметінің 2014ж. 7-тамыздағы №778 Қаулысына және РФ Президентінің 2014ж. 6-тамыздағы №560 Жарлығына сәйкес Ресей Федерациясы шығарушы АҚШ, ЕО және кейбір басқа елдерден әкелінетін ауылшаруашылық өнімдерін, шикізатын және тамақ өнімдерін әкелуге тиым салған болатын.

Тауарлардың кейбір санаттарының Ресей Федерациясына әкелуге тиым салу қазақстандық сыртқыэкономикалық қызметке қатысушыларға да әсер етті. Беларусь Республикасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тиым салынған тауарлардың кейбір санаттарына 2014 жылдың 30-қарашасынан бастап Ресей Ауылшаруашылық министрлігінің ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау бойынша Федералды қызметтің тиым салуы проблемалық мәселе болып отыр.

Бұл тауарларды қазақстандық алушылар және үшінші елдер алушыларға  Ресей аумағы арқылы транзитпен әкелу тек кейбір Ресей өткізу пункттері арқылы рұхсат етіледі:   

МАПП «Ивангород» (Ленинградская область),

МАПП «Бурачки» (Псковская область),

MAПП «Торфяновка» (Ленинградская область),

МАПП «Троебортное» (Брянская область),

МАПП «Шумилкино» (Псковская область),

МАПП «Пыталово» (Псковская область),

ЖДПП «Скангали» (Псковская область),

ЖДПП «Валуйки» (Белгородская область),

ЖДПП «Суземка» (Брянская область) и российские порты.

Бұдан басқа, ресейлік ведомствалар өзінің нұсқауында өзінің аумақтық құрылымдық бөлімшелері басшыларына осындай тауарларды транзитпен өткізу барысында Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Кеден одағының сыртқы шекарасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан бақылау өткізу пункітін көрсете отырып, рұхсаты негізінде өткізілетіндігін тапсырды, ал үшінші елге транзитпен өткізілетін болса Россельхознадзордың рұхсаты негізінде жүзеге асырылады.

 

Шартты түрде  босатылған тауарлар тұрақты бақылауда

 

Атырау облысы Республика бойынша мұнай саласы бойынша қарқынды дамып келе жатқан аумақтардың қатарында.

Мұнай саласында жұмыс жасап жатқан мекемелерге тауаралар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде халықаралық келісімдер мен  инвестициялық шарттарға сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жеңілдіктер берілуде.

 Мұндай тауарлардың статусы Қазақстан Республикасы «ҚР Кеден ісі туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 301-бабымен қаралған. Шартты түрде шығарылған тауарларды әкелінген мақсатта пайдалануына Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бақылау жүргізеді.

         Осы бақылаудың көкейтестілігі «Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметнің 2010 жылғы 3 қарашадағы №1150 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы №1447 қаулысының күшіне енуіне байланысты күшейе түсті. (2012 жылдың 5 желтоқсанында «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.)

         Жоғарыда көрсетілген қаулыға сәйкес, шартты босатылған тауарлардың есебі шетел тауарларын қолдану есебімен кеден органдарының электрондық жүйесінің мәліметтер базасына байланысты құралады.

         Шетелдік тауарларды пайдаланатын (немесе) иенелетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайданала отырып, есептілікті ұсыну қағидасы Кодекстің 210-бабына сәйкес әзірленді және шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иелентін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

         Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар, қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (рәсімдеу) жүргізілген кеден органына, аталған кеден органының жазбаша талабы бойынша осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.

         Кеден органы есепті алу үшін осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес шетелдік тауарларды пайданылатын және (немесе) иеленетін тұлғаларға талапты тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімімен жолдайды.

         Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің (болуы) болмауы туралы анықтаманы алу өтінішімен бірге аталған тұлғалар, оның қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (рәсімдеу) жүргізілген кеден органына қайта ұйымдастырылған немесе таратылған күнгі жағдай бойынша шетелдік тауарлар бойынша есепті ұсынады.

         Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар, кеден органының талабында белгіленген мерзімде кеден органына есептілікті ұсынбағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады. Жауапкершілік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген.

                                                                                                      

         С. Түменов  Атырау облысы бойынша МКД АБ №2 Пост-кедендік бақылау  бөлімінің басшысы

 

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

жеке тұлғалардың  жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібіне байланысты  мәлімдемесі

 

2015 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін бекіту туралы» № 250 бұйрығы күшіне енді.

Осы  бұйрықтың жекелеген ережелерін дұрыс түсіндірмеген материалдардың шығуына және жеке тұлғалардың сұрақтарына байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мынадай түсіндірме ұсынады.

Аталған бұйрық Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды алып жүретін және алып жүрмейтін багажда өткізуімен байланысты ғана туындайтын құқықтық қатынасты реттейді.

Бұйрықтың нормалары тасымалдаушы жеке тұлғаның мекен жайына жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға және Кеден одағының кедендік аумағына халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.  Бұл ретте мынадай заңнамалық нормалар негізге алынады.

2010 жылы 18 маусымда Санкт-Петербург қаласында Кеден одағы бойынша әріптестерімен Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге қол қойылды.

Осы Келісімге сәйкес кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып, кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар үшін мынадай критерийлер белгіленген.

 

   Р\с

Тауарлар санаты

Нормалар

(салмақтық және құндық)

 

1

   Алып жүретін және алып жүрмейтін багажда Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар

Әуе көлігімен:

кедендік құны 10 000 евроға барабар сомадан аспайтын және жалпы салмағы 50 килограмнан аспайтын

 

көліктің өзге түрлері:

кедендік құны 1500 евроға барабар сомадан аспайтын және жалпы салмағы 50 килограмнан аспайтын

 

2

  Көлік құралдарын қоспағанда, тасымалдаушы бір алушының атына күнтізбелік бір ай ішінде әкелетін, жеке тұлғаның мекен жайына жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

 

кедендік құны 1000 евроға барабар сомадан аспайтын және салмағы 31 килограмнан * аспайтын

3

   Кеден одағының кедендік аумағында жеке тұлға болып табылатын бір алушының атына күнтізбелік бір ай ішінде жіберілетін (бөлінбейтін тауарларды қоспағанда),  жеке пайдалануға арналған тауарлар

кедендік құны 1000 евро барабар сомадан аспайтын және салмағы 31 килограмнан аспайтын

(салмақтық және құндық нормалар бойынша кесте шартты жалпыланған түрде келтірілген)

 

Сонымен бірге, көрсетілген Келісімнің 3-қосымшасында жеке пайдалануға арналған тауарды сандық критерийге жатқызу бекітілмеган, аталған критерийлер ұлттық заңнамада айқындалған.

Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V Заңымен  «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 464-бабының 3-тармағына мынадай мазмұнда толықтырулар енгізілді:

«Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында реттелмеген бөлігінде жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауарлардың сипаты мен санын, жеке тұлғаның Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту және (немесе) оның осы шекара арқылы тауарларды өткізу жиілігін негізге ала отырып айқындайды».

             Осыған сәйкес, жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін бекіту туралы» шығып, ол  Норматитвтік-құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 10738 болып тіркелді.

Келісімнің 3-бабына сәйкес жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуды кеден органы тауарлардың сипаты мен санына, жеке тұлғаның кедендік шекара арқылы өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігін негізге алып, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүзеге асыратындығын ескеру қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша Атырау облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеден бекеті мен басқармаларына хабарласуласуға болады:

- «Әуежай-Атырау» кеден бекеті, тел. 20-93-36, 20-92-94.

- Кедендік ресімдеу басқармасы,  тел. 32-20-89, 32-20-91.

- Кедендік бақылау басқармасы,   тел. 30-64-90, 35-41-35.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

 

 

Алдын-ала кедендік ақпараттандыру.

 

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен жеке тұлғалардың сұраныстары түсіүне байланысты Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әкелетін тауарларды алдын-ала ақпараттандыру тәртібі бойынша түсініктер береді.

2014 жылғы 1 қазанынан  бастап, «Кеден одағы аумағына темір жол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпарат беруді енгізу туралы» Еуразия экономикалық комиссиясының 17.09.2013ж. №196 Шешімінің күшіне енгенін хабарлайды.

Аталмыш шешім тасымалдаушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды әкелетін тауарларды алдын ала ақпараттандыруды міндетті ұсынуды анықтайды. Темір жол көлігімен әкелінетін тауарға қатысты ақпаратты алдын ала Кеден одағының кедендік аумағы өткізу пункті орналасқан орынға әкелінгенше  міндетті түрде 2 сағатқа дейін уақыттың ішінде ұсынылады.

Осыған байланысты Кеден одағына мүше елдердің кеден органдары теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлар бойынша алдын ала ақпаратты қабылдап, өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

09.12.2011ж. қабылданған және 17.06.2012ж. күшіне енген №899 Кеден одағының кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелінетін тауарларды алдын ала ақпараттандыру туралы осындай шешім қазіргі уақытта жұмыс жасауда.   

Қазақстандық тарап алдын ала ақпаратты қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер комитетінің pi.customs.kz Web-порталының көмегімен қабылдап, тіркеледі, қызметтер кез келген СЭҚ-ке қатысушыларға тегін ұсынылады.

Алдын ала ақпарат берудің пайдалы жақтары:

  • Транзиттік декларациялардың электронды көшірмелері ретінде алдын ала ақпаратты қолдану;

- транзиттік декларация ретінде көлік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарды қолдану арқылы, транзиттік декларацияның қағаз нұсқасының қажеттілігін жою;

- Қазақстан Республикасы кеден органдарының WEB-декларант арқылы тауар алушы СЭҚ-ке қатысушылардың кез келген уақытта алдын ала ақпараттың мәртебесі жөнінде ақпаратты («қарауға қабылданды», «транзитті декларация тіркелді») білу мүмкіндігінің болуы.

Алдын ала ақпараттандыруды ұсыну туралы толық мәліметті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің (www.kgd.gov.kz), Ресей ФКҚ-нің (www.customs.ru) және БР МКК-нің (www.gtk.gov.by) ресми сайттарында орналасқан.

 Сонымен қатар сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлардың жеткізілімін бақылау бөліміне 35-41-35 телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

                                                                            Атырау облысы бойынша МКД баспасөз қызметі

 

 

                                                                 СЭҚ қатысушыларға мәлімет үшін

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) 2015 жылғы 26 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетіндігін хабарлайды. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 10874 болып тіркелді және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген Бұйрық әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір ай мерзімінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысының күші жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің акт жобасы енгізілетінін қосымша хабарлаймыз.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңымен «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 271-бабына Қазақстан Республикасының Үкіметінен кеден органдары лауазымды тұлғаларының тауарларға кедендік тазартуды жасау тәртібін айқындау жөніндегі өкілеттіктерін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның деңгейіне белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Атырау облысы бойынша МКД

 

 

                                                              СЭҚ қатысушылары мен кеден өкілдерінің назарына!

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 124«Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы» және 2015 жылғы 31 наурыздағы № 238«Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын берудің кейбір мәселелері туралы» бұйрықтарына сәйкес,кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктік емтиханын жүргізу және кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктік аттестаты, бейдж  жеке нөмірлік мөрді беру аумақтық Мемлекеттік кірістер органдары құқылылы екендігінСЭҚ қатысушылары мен кеден өкілдерінің назарына хабарлайды.

Туындаған сұрақтар бойынша  Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік бақылау басқармасына  35-41-35 және  35-42-09(ішкі 134) телефондар бойынша жүгінуге болады.

 

Демалыс маусымы қарсаңында есте ұстаңыз

 

Егер сіз шет елге баруға жиналған болсаңыз, шекара арқылы тауар өткізудің тәртібін білгеніңіз жөн.

Жеке  тұлға  қолма - қол ақша қаражатын және  жол чектерін Кеден одағының  аумағына әкелуді және одан шығаруды   шектеусіз  жүзеге  асыра  алады.      Жалпы сомасы  10 мың АҚШ  доллары баламасынан   аспайтын   ақша қаражаты   жазбаша   нысанда    кедендік декларацияланбайды.

Кедендік құны  25 мың АҚШ долларына балама сомадан аспайтын бағалы металдар және асыл тастарды (бұған дейін Кеден одағына әкелінгеннен, сондай - ақ Кеден одағынан уақытша әкетілетіннен басқа) әкетуге болады.

Балық пен теңіз өнімдерін әкетуге шектеу қойылған. Азаматтар салмағы 5 килограмнан аспайтын балық, теңіз өнімдерін әкете алады.

 Қару мен патрондарды, дәрі - дәрмектерді, мәдени құндылықтарды шығару шектелген, текуәкілетті органдар беретін рұқсат құжаттары болса ғана мүмкін.  Мысалы, дәрі - дәрмектердің Сізге қажеттілігі дәрігердің мөр қойылған анықтамасымен шандырылуы керек. Мәдени құндылықтарды шығару үшін, оларды әкетуге тыйым салулардың жоқтығы туралыМәдениет министрлігінің не оның аумақтық органдарының рұқсаты болуы тиіс. Ал мәдени құндылықтар болып табылмайтын тауарларды (картиналар, мүсіндік туындылар, иконалар, т. б.) шығару кезінде аталған органның тиісті қорытындысы ұсынылады.

Жойылып кету алдында тұрған жануарлар мен өсімдіктерді әкету үшін арнайы рұқсат құжаттары талап етіледі.

Өзінің жеке көлігімен сапарға шығатын адамдар автомобиль багынан басқа бөлек ыдыстарда алып шығуға болатын жанар май мөлшері 10 литрден аспауы керек екенін білгендері жөн.

Шетел сапарынан Қазақстанға, Кеден одағы елдеріне қайтып оралғанда мынадай кеден заңдылығы талаптарын есте ұстау міндетті. Кедендік құны әуе көлігімен әкелінсе 10 мың евроға, басқа көлік құралдарымен әкелінген жағдайда 1500 евроға баламалы сомадан  және жалпы салмағы  50 килограмнан аспайтын жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік декларациялаудан және кедендік төлемдерден босатылады.

Алкогольді  ішімдіктер және сыра әкелуге қойылатын шектеулерге ерекше назар аудару қажет. Олардың мөлшері  18 жасқа толған бір адамға шаққанда  3 литрден асып, бірақ  5 литрден артық болмаса, 3 литрден асатын бөлігінде бір литр үшін 10 евро кедендік төлем алынады. Ал 5 литрден артық алколь ішімдігін Кеден одағының аумағына әкелуге тыйым салынған.

Кәмелет жасына жеткен бір жеке тұлға  200 сигарет не 50 сигар (сигарилл), немесе 250 грамм темекі, не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын олардың ассортиментін кедендік төлемдерден босатылып әкелуге құқылы. Көрсетілген мөлшерден артық темекі әкелуге тыйым салынған.

Қатерде болатын мәселе, жоғарыда аталған тәртіп тек жеке пайдалануға арналған  (жеке адамдардың жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге мұқтаждарына арналған) тауарларға қатысты қолданылады.

Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі, «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу  және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау туралы»Кеден одағы елдерінің 2010 жылғы 18 маусымда жасалғанКелісіммен реттеледі.

Кеден шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуге қатысты, Келісімнен басқа,  қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығымен Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері бекітілді. Критерий бойынша киiм және киім заттары, бас киiмдер, аяқ киiм - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат, басқа да тауар түрлеріне бір адамға бір, екі, үш  зат, зергерлік бұйымдарға бес зат ,тамақ өнімдеріне 10 килограмм мөлшерінде шектеу қойылған. Сондай-ақ кедендік шекара арқылы жеке тұлғаның тауарларды өткізу жиілігі айына бір рет болып белгіленген.

Аталған критерийлер жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден шекарасы арқылы алып жүретін және алып жүрмейтін багажда өткізуімен байланысты туындайтын құқықтық қатынасты ғана реттейді, тасымалдаушы жеткізген немесе халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілген  жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібіне қатысты қолданылмайды.

         Құны немесе салмағы аталған нормадан  асып кететін тауарлар, мәдени құндылықтар, Кеден одағы елдерінің ақша қаражаты мен жол чектері, тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлар, тағы басқа заңдылықпен белгіленген тауарларКеден одағының кеден шекарасынан өткізу кезінде  міндетті жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жатады.  Кеден заңдылығымен белгіленген мөлшерде кедендік төлемдер алынады.

Есірткі құралдары және психотропты заттарды, қару мен патрондарды(тиісті рұқсаты бар қорғануға арналған қаруды қоспағанда),   әкелуге тиым салынған.

Он алты жасқа толмаған жеке адамның жеке пайдалануға арналған тауарларын декларациялауды оны алып жүретін адам (ата-анасының бірі, осы адамның асырап алушысы, қамқоршысы немесе қорғаншысы, тасымалдаушының өкілі, ал ата-анасының, асырап алушылардың, кәмелеттік жасқа толмаған адамдар тобының ұйымдасып шығуы не кіруі кезінде топ жетекшісі) жүргізеді.

Кеден заңдылығымен Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және осы аумақтан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын жеке пайдалануға арналған тауарлар, сол сияқты жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар белгіленген. Бұндай тауарларды шығаруды кеден органдары шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар негізінде іске асырады.

Бұл көрсетілген нормалар Кеден одағына мүше елдердің заңдылығымен белгіленген. Басқа елдердің өзінің кеден ережелері бар, олармен жолға шығар алдында мұқият танысып алған дұрыс.

Кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.      

Кедендік шекарадан өту кезінде кедендік декларациялауға жататын тауарларды жеке тұлғаның белгіленген нысанда декларацияламау фактісі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Егер де жеке тұлға өткізетін декларацияланбаған тауарлардың құны 5 000 айлық есептік көрсеткіштен асса (1айлық есептік көрсеткіш  - 1982 теңге) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабының  1 - бөлігінің санкциясымен мүлікті тәркілеумен 90 тәулікке дейін тыйым салу түрінде қылмыстық жаза көзделген.

Декларацияланбаған тауар құны 10 000 айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  234-бабының 2-бөлігінің санкциясымен мүлікті конфискациялаумен 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.

         Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңдылығының ережелері туралы қосымша ақпаратты кеден бекеттеріндегі ақпарат тақталарынан, кеңес беру пункттерінен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Сall - center»-не 1412 номері  бойынша тегін қоңырау шалу арқылы алуға болады.  Ақпараттар сонымен бірге Мемлекеттік кірістер комитетініңkgd.gov.kz , Евразиялық экономикалық комиссияның www.eurasiancommission.org. сайттарында да орналастырылған.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

«Атырау- Әуежай» кеден бекеті дайындаған

Байланыс телефондары  20-92-94, 20-93-36

 

Қырғызстанның Еуразия экономикалық одаққа қосылу

мәселелері туралыбаспасөз релизі

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қырғыз Республикасын Еуразия экономикалық одақ туралы шартқа қосу туралы шартты ратификациялау туралы» 2014 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Көрсетілген Шарттың 1-тармағына сәйкес Қырғыз Республикасы оған, сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың құқығына кіретін басқа да халықаралық келісімдерге қосылады және Шарт күшіне енген күннен бастап Еуразия экономикалық одақтың мүшесі болады.

Шарттың 11-тармағында аталған акт дипломатиялық арналар бойынша депозитарийді оның күшіне енуіне қажетті Тараптардың мемлекетішілік ресімдерді орындалуы туралы соңғы жазбаша хабарламаны    алған күннен бастап күшіне енеді.

Қырғыз Республикасы Одаққа қосылған күннен бастап оның аумағында Кеден одағының кеден заңнамаларын қоса алғанда Одақтың халықаралық шарттары күшіне енеді.

Осылайша, Одақ шеңберінде бірыңғай кедендік реттеу жүзеге асырылады және кедендік бақылауды және декларациялауды қолданбай-ақ ЕЭО мүше мемлекеттерінің аумақтары бойынша тауарларды еркін өткізу қамтамасыз етіледі.

Алайда шекарада ҚР тарапынан шекаралық, көліктік, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау қалады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік шекарада  тауарлар мен көліктік құралдарына кедендік бақылауды жою Еуразия экономикалық одақтың соңғы жазбаша хабарламаны алғандығы туралы хабарлаған уақыттан бастап жүргізілетін болады.

Бірақ, жақындаЕЭО-дан осындай хабарлама алынады деп күтілуде, хабарламаны алғаннан кейін Кедендік шекараның салтанатты ашылуы болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қырғыз Республикасының ЕЭО қосылуына байланысты ЕЭО мүше мемлекеттер арасында тауарлардың импортына қатысты кейбір қағидалар туралы ақпараттандырады.

ЕЭО шеңберінде бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарларды импорттау кезінде егер тауарларды акциздік маркаларды (есепті-бақылау маркалары, белгілері) таңбалауға қатысты осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмесе тауар импортталатын мүше мемлекеттің салық органымен жанама салықтар өндіріп алынады.

Тауарлармен өзара саудада жанама салықты өндіріп алу ҚҚС-тың нөлдік ставкасын қолдану және (немесе) тауарлардың экспорты кезінде акциздерді төлеуден босату, сондай-ақ импорттау кезінде жанама салық салық салу көзделген межелі елдің қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушінің тұрған жері (тұрғылықты жері) бойынша келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей төленеді.

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей қағаз нұсқасында және электронды түрде не тек электронды түрде импортталған тауарлар бойынша жанама салық туралы декларацияны тапсыруға міндетті.   Аталған декларациямен бір уақытта салық төлеуші Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды, оның ішінде Тауарды әкелу және жанама салықты төлеу туралы арызды қағаз нұсқасында (төрт данада) және электронды түрде, не тек электронды түрде салық органдарына ұсыну қажет.

Жұмысты, қызмет көрсетуді атқару кезінде жанама салықты өндіріп алу жұмысты, қызметты іске асырған жердің аумағындағы мүше мемлекетте жүзеге асырылады.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Мемлекеттіккірістер комитеті

баспасөз қызметінің қолдауымен дайындаған

 

    Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

2011 жылғы 20 шілдедегі №463- IVЗРК «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес (бұдан – әрі Заң) мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) жөнелтуді міндетте түрде есепке алатын бақылау аспаптары (бұдан – ЕАБА) арқылы мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының 2016 жылғы 1 қантарынан бастап  және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) 2017 жылғы 1 қантарынан бастап өтуі қажет.

ЕАБА мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолданылады. ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде аспаптар тіркелген тізімі  «КазИнМетр» РМК,http://kazinmetr.kz/si/ сайтында орналасқан.

Сонымен қатар Заңның 8 тармағының 12-1 тармақшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидалар және талаптар» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 27 маусымда бекітілген.

 

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) жүзеге асыру тәртібі

 

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) облыстар бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменттерінде (бұдан әрі-МКД) тіркелген жері бойынша кедендік декларациялау,тауарларды және көлік құралдарын кедендік алып жүру, алдын-ала шешім қабылданған қалалар бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі - МКБ) салық төлеушілердің берілген салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі.

    Әрі қарай, МКБ лауазымды тұлғасы өтініш алған күннен кейінгі бір жұмыс күннен кешіктірмей айқындалған нысан бойынша Растама қалыптастыру үшін МКД Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасына электрондық почтамен сұрау салу жібере отырып, қағаз тасымалдағышында жібереді.

    МКД Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының лауазымды тұлғасы сұрау салуды алған күннен бастап, алты жұмыс күні ішінде оны қарап және төлеушінің мәліметіне тексеру жүргізеді.

    Салыстыру акті қалыптастырылған соң, МКД Мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімшесінің басшысына қол қойғызылып және Растамаға МКД басшысының қолы қойылады.

   Қол қойылған Растама, Мемлекеттік кірістер басқармасына төлем тапсырмасын екі жұмыс күн ішінде қалыптастырып және қол қойып Қазынашылық органдарына жіберу үшін жолданады.  

         Қосымша ақпаратты Есептеу және дербес шоттарды жүргізу бөлімінен алуға болады, телефон 45-18-40.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік  кірістер департаменті

Есептеу және дербес шоттардыжүргізу бөлім басшысының

міндетін атқарушы Гүлмира Мүсрепова

 


Емтихан  өткізіледі

 

         Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алушы үміткерлерге емтихан 2016 жылдың 11 наурызда сағат 10-00 Атырау қаласы, Абай көшесі 8, Оқу-әдістемелік ғимаратында өтетіндігін хабарлайды. Емтиханның өткізілуі туралы сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар  35-41-35, 35-42-09 (ішкі 134).

Кедендік бақылау басқармасы

 


 

   Тауарлардың кедендік құнын бақылау 2010 жылғы №376 «Тауарлардың кедендік құнын бақылау тәртібі туралы» Кеден Одағы комиссиясының шешіміне сәйкес қамтамасыз етілдеді

Кеден ісі саласындағы тауарлардың кедендік құнын бақылау және кедендік құнды түзету сұрақтары бойынша жалпылама тәсілі Кеден Одағы Кеден Кодексінің 8-тарауымен анықталған.

Тауарлардың кедендік құнын бақылау Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауар номенклатурасы және кедендік құн басқармасымен 2010 жылғы №376 «Тауарлардың кедендік құнын бақылау тәртібі туралы» Кеден Одағы комиссиясының шешіміне сәйкес қамтамасыз етіледі (бұдан әрі - КҚТ шешімі).

Осы Тәртіп Кеден Одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылайтын уәкілетті Мемлекеттік кірістерінің кеден қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетін және декларанттардың тауарлар бойынша кедендік құнын бақылау  жұмыстарының жүзеге асырылуын анықтайды.

Тауарлардың кедендік құнын бақылау Мемлекеттік кірістерінің кеден қызметі органдарымен кедендік бақылау жүргізу шеңберінде тауарларды шығарғанға дейін, шығарғаннан кейін де тәуекелді басқару жүйесін қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

Тауарлардың кедендік құнын бақылау декларанттардың Кеден Одағы заңнамасының және Кеден Одағына мүше-мемлекеттің заңнамасымен белгіленген талаптарының, соның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерінің дұрыс таңдалып және қолданылуын, оның структурасын және мөлшерінің, орындалуын сонымен қатар, берілген тауарлардың кедендік құнын растайтын құжаттарын тексеру мақсатында, қамтамасыз етілдеді.

Тауарларды шығарғанға дейін, кедендік құнын бақылау кезінде кеден қызметімен тауарларға берілген мәліметтердің дұрыс емес немесе берілген мәліметтер тиісті жағдайда расталмай, көрсетіліп берілгені анықталса, кеден КҚТ шешіміне сәйкес, қосымша тексеріс жүргізіледі.

Тауарлардың берілген кедендік құны дұрыс емес болған жағдайда, лауазымды тұлға декларанттың берілген тауарлар кедендік құнын айқындау әдістеріне және пайдаланылған деректер мәліметтеріне қарамай, қосымша тексеріс жүргізеді.

Кеден қызметінің лауазымды тұлғасы қосымша тексеріс жүргізу бойынша шешім қабылдайды және декларанттың (кеден өкілінің) қосымша тексеріс жүргізудің себебін және қосымша құжаттарының ұсынылуының мерзімін назарына жеткізеді.

Осыған орай, осы шешімде лауазымды тұлға тауарларды шығару үшін, толтырылған нысандағы ТДТ (тауарларға арналған декларацияға түзетуді) және кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз етілуін көрсетеді.  

Қазақстан Республикасындағы «Кеден ісі туралы» Кодекстің 16-тарауындағы 144-бабына сәйкес, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуінің 5 (бес) тәсілдерімен қарастырылған: ақшамен, банк кепілдігімен, кепілгерлікпен, мүліктік кепілмен.   Төлеуші көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгенін таңдауға құқылы.

Қосымша ақпаратты 8(7122)32-32-34 телефон арқылы алуға болады.

Ғалия  Кұлмұратова, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Тауар номенклатурасы және кедендік күн басқармасының жетекші маманы

 


 Алдын ала шешімді қабылдап, тауарларды  Кеден одағы Сыртқы экономикалық қызметінің  Тауар номенклатурасына сәйкес жіктеу туралы

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 27.04.2015ж. №284  «ҚР мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту»  туралы бұйрығына сәйкес, сыртқы экономикалық көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға болады.

Ол үшін, «Алдын ала шешімді қабылдап тауарларды  КО СЭҚ ТН сәйкес жіктеу» мемлекеттік қызмет көрсету  түрін алдын ала шешімді қабылдау туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің  ( бұдан әрі - Кодекс) 79-81баптарына сәйкес, жүгінген арызды  Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсыру арқылы алуға болады. Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Абай  көшесі,8;  телефон: 8 (7122) 32-32-34.  

         Сонымен қатар, Кодекстің 80-бабына сәйкес, алдын ала шешімді қабылдауға арызыңызға қосымша тауар ілеспе құжаттар және де коммерциялық құжаттар (сыртқы сауда келісімшарты соның қосымшасы, толықтырулары мен келісімдері, есеп шоты), сонымен бірге фото суреттері, сызбалары, бұйымдарының паспорттары, (техникалық паспорттары, қолдану басшылығы),   тауарлардың сынамалары мен үлгілері және де басқа да құжаттар арызданушының мөрімен куәландырылғанын ұсынылады. 

       Ләззат Жұмашева, Тауар номенклатурасы және кедендік  кұн басқармасының басшысы             


       

Электронды шот-фактуралар

 

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылуына орай «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттамасы» (әрі қарай-Хаттама) 2016 жылдың 11 қаңтарында күшіне енді.

Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 14.10.2015 жылғы №59 «Қазақстан Республикасына қатысты ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде қабылданған міндетттемелерге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифінің баж мөлшемелерімен және сондай баждардың мөлшемелерімен салыстырғанда, анағұрлым төмен болатын мөлшерлемелер қолданылатын тауарлардың тізбесі туралы» шешімі (тауарлар тізбесі) қабылданды.

Хаттама тізбеге енгізілген тауарларлардың қозғалысын реттеу тәртібін қамтамасыз етеді.

Хаттаманың 3-бабының 11-тармағын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 09.12.2015 жылғы №640 «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін  ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы (әрі қарай-Бұйрық) қабылданған (бұйрыққа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 718 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді).

Жоғарыдағыларды негізге ала, осы нұсқаулықтың 7-тармағына сәйкес, салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы №77 бұйрығымен бекітілген, Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында белгіленген тәртіпте:

бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

мыналарды:

бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды;

ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды;

бір заңды тұлғаның шегінде тауарларды беруге байланысты, ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен кезде 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап шот-фактураларды электронды түрде жазып береді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 3 желтоқсан 2015 жылғы № 432-V Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізіліп, салық төлеушілер шот-фактураларды электронды түрде жазуға міндеттеу кезекпен кезек көшу қарастырылған, нақтырақ шот-фактураларды электронды түрде:

         -2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап уәкілетті экономикалық операторлар;

         -2016 жылдың 1-шілдесінен бастап кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, кедендік қоймалардың иелері болып табылатын салық төлеушілер;

         -2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап барлық қосылған құн салығын төлеушілері жазады.

 

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы                                                           А. Тойбазарова


Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алушы үміткерлерге емтихан 2016 жылғы 28–29 қыркүйек айында сағат 10-00 Атырау қаласы, Абай көшесі 8, бұрынғы Оқу-әдістемелік орталығы  ғимаратында өтетіндігін хабарлайды. Емтиханның өткізілуі туралы сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар:  35-41-35, 35-42-09 (ішкі 334).


                                            

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

ҚР ҚМ Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2017 жылғы 13 ақпанда«Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 56 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) қабылданғанын хабарлайды.

Аталған Қаулыға сәйкес, барлық кедендік алымдардың ставкаларын ұлттық бағамға (теңге) аудару бөлігінде өзгерістер енгізілді.

         №56 Қаулы 2017 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары

Кедендік төлемдердің атауы

Теңгеменставкасы

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендікалымдар

тауарға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 25000 теңге;

тауарға арналған декларацияның әрбір қосымша парағы үшін 11000 теңге

Кедендік алып жүру үшін кедендікалымдар

50 км дейінгі қашықтыққа 5000 теңге,

50-ден 100 км дейінгі қашықтықта 7000теңге,

100-ден 200 км дейінгі қашықтықта 11000теңге,

200-ден 400 км дейінгі қашықтықта 52000теңге,

400-ден 600 км дейінгі қашықтықта 72000теңге,

600-ден 800 км дейінгі қашықтықта 114000теңге,

800-ден 1000 км дейінгі қашықтықта 155000теңге,

1000-нан 1500 км дейінгі қашықтықта 210000теңге,

1500-ден 2000 км дейінгі қашықтықта 299000теңге,

2000-нан 2500 км дейінгі қашықтықта 353000 теңге

Алдын ала шешім үшін төлем

29000теңге

 

 

Атырау облысы бойынша МКД-ң «Қашаған» кеден бекеті дайындаған

Тел.323787, 323911

 


 

Тауардың кедендік құнын бақылау тәртібі

 

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының назарына Кеден одағы Кеден кодексінің 64-бабына сәйкес егер тауарлар кедендік шекарасынан іс жүзінде кесіп өтсе және осындай тауарлар кедендік шекарадан кесіп өткеннен кейін кедендік транзит кедендік  рәсімін қоспағанда, алғашқы рет кедендік рәсімге орналастырылса, кеден одағының  кедендік аумағына әкелінген тауарлардың кедендік құны анықталатынын хабарлайды. Тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу,  тауарларды шығарғанға дейін және шығарғаннан кейін, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізу аясында кеден органы жүзеге асырады.

Тауарлардың кедендік құнына бақылауды жүзеге асыру тәртібі  Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №376 шешімімен белгіленеді.

Кеден одағы Кеден кодексінің 69-бабына сәйкес, кеден органы тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізген кезде тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтердің дұрыс болмау мүмкіндігі немесе жарияланған мәліметтердің тиісті дәрежеде расталмағандығын көрсететін белгілерді, оларды шығарғанға дейін анықтаған жағдайда, кеден органы осы Кеден одағы Кеден кодексінесәйкес қосымша тексеру жүргізеді, оның мерзімі мен тәртібі Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №376 шешімімен бекітілген. Осыған орай, «ҚР кеден ісі туралы» ҚР Кодексінің 144-бабында қарастырылғандай төлеушімен таңдалған тәсілмен салықтар мен баждарды төлеуді қамтамасыз етіп, декларантпен немесе құзыретті өкілмен тауар мемлекеттік кірістер органына жеткізіледі.

Қосымша тексеру жүргізу кезінде тауардың кеден құнымен ұсынылған  мәліметтерді растайтын қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.   

Қосымша тексеру жүргізу кезінде кеден органымен сұратылатын қосымша құжаттар мен мәліметтердің үлгілік тізімі Кеден одағы комиссиясының 20.09.2010 ж. №376 шешімімен бекітілген Кедендік құнды бақылау тәртібіне №3 қосымшадакөрсетілген, бірақ лауазымды тұлға нақты тізімді тауардың кедендік құны туралы мәлімделген мәліметтердің анықталған жалғандығы белгілерін, сондай-ақ шарттың талаптары мен әкелінетін тауарлардың физикалық сипаттамасын, сапасы мен нарықтағы беделін ескере отырып айқындайды.

Тауарлардың кедендік құны туралы жарияланған мәліметтерді қосымша тексеру қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшесінің лауазымды тұлғасытауарлардың кеден құнына қатысты келесі шешімдердің бірінқабылдайды:

  1. кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасын қайтару жүзеге асырылатын тауарлардың мәлімделген кедендік құнын қабылдау;
  2. тауарлардың мәлімделген кеден құнына түзету жүргізу туралы.

Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшесінің лауазымды тұлғасы тауарлардың мәлімделген кеден құнына түзету жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасы мемлекеттік бюджетке аударылады.

 

Кеден құнын бақылау мәселелері туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауар номенклатурасы және кедендік құн басқармасына 8(7122)32-32-34 телефоны арқылы жүгінуге болады.

 

Тауар номенклатурасы және кедендік құн

басқармасының басшысы

Жұмашева  Л.Қ.


2016 жылғы 30 қарашадағы № 26-VІ Қазақстан Республикасының Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне түзетулер енгізілгендігін атап өткен жөн, оған сәйкес 2017 жылдың1 шілдесінен бастап салықтық/кедендік тексерулердің нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды (бұдан әрі - шағымдар) қарастыру уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте, аталған тәртіп салық төлеушімен (салық агентімен), сондай-ақ  сыртқы экономикалық қызметке қатысушысымен 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап берілетін шағымдарға қатысты қолданады.

 

Кедендік тексеру нәтижелеріне шағым беру құқығы туралы

жадынама

бұл жадынама кеден ісі саласындағы уәкілетті органға

(Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі) кедендік тексеру нәтижелеріне шағым беруге қойылатын негізгі талаптар туралы ақпаратты қамтиды

 

Кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз оның нәтижелеріне сотқа шағымдануға немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға (бұдан әрі - хабарлама) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым беруге құқылысыз (Кеден кодексінің19-тарауы).

Сотқа шағым Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіпте беріледі.

Шағым хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде кеден ісі саласындағы уәкілетті органға берiледi (Кеден кодексінің 175-бабы).

Шағым жазбаша нысанда беріледі және шағым берген тұлға не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды(Кеден кодексінің 176-бабы).

 

Шағымда:

1) шағымға қол қойылған күн;

2) шағым берілетін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның атауы;

3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы;

5) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін (Кеден кодексінің 176-бабы).

 

Шағымға:

1) актінің және шағым берілген хабарламаның көшірмелері;

2) шағым беретін тұлғаның өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі (Кеден кодексінің 176 бабы).

Шағымның көшiрмесi хабарламаны шығарған кеден органына жiберілу тиiс (Кеден кодексінің 175-бабы).

Шағымды қарастыру тәртібі туралы ақпарат және шағым үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kzинтернет-ресурсында орналастырылған.

 

Заң басқармасы

Ә.Қарабалина, Тел.318422


Кедендікбаждар мен салықтардытөлеуді қамтамасыз

етукарточкасын беру тәртібі

 

Кедендікбаждардың, салықтардыңтөленуінқамтамасызетудітіркеуүшінҚР Қаржыминистрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 659 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес төлеушікедендікбаждардың, салықтардыңтөленуінқамтамасызетудіңтаңдағантәсілінебайланыстымемлекетіккірістерорганынаөтінішжолдайды.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 1 тармағына сәйкес, кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:

  1. ақшамен;
  2. банк   кепілдігімен;
  3. кепілгерлікпен;
  4. мүлік кепілімен;
  5. сақтандыру шартымен.

 Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу мемлекетік кірістер органында өтініш тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу туралы Қағиданың1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету Карточкасын ресімдеу арқылы жүргізіледі.

Карточка мемлекеттік кірістер органдарының кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуін есепке алу мақсатында ресімделеді және мемлекетік кірістер органдары үшін, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын құжат болып табылады.

Карточка екі данада ресімделеді:

- карточканың бірінші данасы оны тіркеген мемлекетік кірістер органының бөлімшесінде қалады;

- екінші данасы карточка тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік операциялар жасалатын мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне немесе кедендік операцияны жасауды жүзеге асырушы лауазымды тұлғаға беріледі және (немесе) жолданады.

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету Карточкасын ресімдеуден бас тартқан кезде мемлекеттік кірістер органы бас тарту себептерін негіздей отырып, төлеушіні бұл туралы жазбаша хабардар етеді.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Атырау облысы бойынша МКД Тарифтік реттеу және посткедендік бақылау басқармасына тел. 31-60-90 хабарласыңыз.

 

Тарифтік реттеу бөлімінің бас маманы Ермашева С.

 


 

Жеке тұлғалардың мүлкiне, жеріне салынатын 
салықтарының 2017 ж төлеу мерзімі

 

         Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) 2017 жылда жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық және жеке тұлғалардан алынатын жер салықтарына еңгізілген өзгерістері туралы келесіні хабарлайды.

   Салық кодексінің 391 бабының 1,3 тармақ тарымен 409 бабының 1,7 тармақтарына сәйкес жеке тұлғалардың жер салығының және жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салығы бойынша салық органдары салықты есептеуді , есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, ал салық төлеу мерзімі есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

             Осыған орай,2017 жылға аталған жеке тұлғалардың салықтары 2018 жылы төленуге тиіс. Бұл өзгерістер бір жыл ішінде мүлік және жер иелері өзгерген жағдайда, салық сомаларын қайта есептеу қажеттілігі болмайтынын хабарлаймыз. 

Көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі бұрынғыша- ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.                         

Атырау  қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

 


 

ХАБАРЛАНДЫРУ!

         Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алушы үміткерлерге емтихан  2017 жылғы  27 қарашада сағат 10:00 Атырау қаласы, Абай көшесі 8 үй мекенжайы бойынша орналасқан Департамент ғимаратында өтетіндігін хабарлайды. Емтиханның өткізілуі туралы сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар 31-87-25, 35-42-09 (ішкі 334).

 


 

СЭҚ қатысушыларының және салық төлеушілердің назарына!

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Апелляциялық комиссиямен қабылданған  шешімдерге сенімділік және айқындық дәрежесін көтеру үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.minfin.gov.kz) ресми сайтында«Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 176 шешім орналастырылғанын хабарлайды. Аталған Сіздерге дау туған жағдайда өздеріңіздің құқықтарыңызды қорғауға және олардың санын қысқартуға әсерін тигізеді.                                                          

Тарифтік реттеу және посткедендік бақылау басқармасының

Көшпелі кедендік тексеру бөлімі

31-60-52


 

СЭҚ қатысушыларының назарына!

            Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті барлық мүдделі тұлғаларға хабардар етеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №774 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі №171 қаулысына тауарға арналған декларацияя үшін 20 000 теңге көлемінде тауарларды кедендік декларациялау үшін ортақ кедендік алдымдар мөлшерін белгілеу бөлігіне өзгертулер енгізілген.

            Сонымен қатар, «Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі №171 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадығы №774 қаулысы zan.gov.kz. веб-порталында орналастырылғандығын хабарлайды.

            №774 Қаулысының 2-тармағына сәйкес қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

            Осылайша, жоғарыда көрсетілген №774 Қаулы 2018 жылдың7 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі.      

 

Тарифтік реттеу және посткедендік бақылау басқармасының

Тарифтік реттеу бөлімі

31-60-90


 

Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың назарына

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – жүйе) кеден ісі саласындағы тізілім қызметін (уақытша сақтау қоймалары, өз тауарларын сақтау қоймалары, еркін қоймалар, кеден қоймалары, бажсыз сауда дүкендері иелерінің, кедендік тасымалдаушылардың, кеден өкілдерінің, уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімдеріне, зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу рәсімі) автоматтандыру бойынша жұмыстарды аяқтауда.

Тізілімге енгізуге арналған өтініштерді электрондық нысанда қабылдауды бастайтын күні туралы ақпарат қосымша орналастырылатын болады.

Осыған байланысты ақпараттық жүйесімен алдын ала танысу мақсатымен:

  • http://eokno.gov.kz/ ақпараттық жүйеде тіркеуден өтуді (нұсқаулық қоса берілген)
  • Ақпараттық жүйенің контентімен танысуды
  • Тізілімге енгізу процесі бойынша пайдаланушының нұсқаулығын (электрондық нысанда өтінішті толтыру, оны мемлекеттік кірістер органдарына беру) зерделеуді ұсынамыз. Нұсқаулар онлайн-оқу салымында http://eokno.gov.kz/ сайтының негізгі бетінде орналасқан

 

Мына:

  • жүйеде тіркелумен байланысты сұрақтар бойынша 87172-717980 телефоны бойынша Әубәкіров Әділбек Ғабдулвахитұлына;
  • өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша:

87172-717904 Тощевикова Оксана Александровнаға (УСҚ, ӨТСҚ, ЕҚ, КҚ иелерінің тізілімдеріне енгізу);

87172-718381  Байманова Әсемгүл Маратқызына (БСД иелерінің, кедендік тасымалдаушылардың, кеден өкілдерінің тізілімдеріне енгізу);

87172-718261 Жабағыбаева Диана Арманқызына, 717301 Мырзағали Болат Мырзағалиұлына (зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу);

87172-717070 Секенов Жандос Еркебұланұлына (уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу) жүгінуге болады.

87122- 316061 Джолдыбаева Жемис Уразгалиқызы  (МКД КӘБ қызметкері);

87122 -318725   Мұрат Әлихан Самиғоллаұлы    ((МКД КӘБ қызметкері);       

              87122- 318725  Гереев Абакар Анатольевич ((МКД КӘБ қызметкері).