Жарияланған күні: 12.03.2019 19:08
Өзгертілген күні: 12.03.2019 19:11

 

«Жалған шот-фактураларды пайдалана отырып, салық төлеуден жалтарған»

 

         Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдардан салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару дерегі анықталды. 

         Атап айтқанда, азамат «С» жәнеанықталмаған тұлғалармен шот-фактураларды пайдалана отырып, салық төлеуден жалтару бойынша қаржылық сызбаны дайындаған. Оларіс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды жөнелтусіз өз жоспарларын іскеасырып, яғни, «Ф» ЖШС-і «Ж» ЖШС-не құм қиыршақтас қоспасын (ПГС) жеткізу жөнінде жалған келісім – шарт және жалған қаржылық құжаттар жасақтаған.

Нәтижесінде, азамат «С» мүліктік пайда табу мақсатында «Ж» ЖШС-і «Ф» ЖШС-неберешегін жасанды түрде құрып, жалған шарттар мен басқада қаржылық құжаттарға қол қойып, мемлекет бюджетіне аса ірі көлемде 140 854 217 тенге залал келтіргендігі анықталды.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен анықталған деректер бойынша азамат «С» қатысты ҚР ҚК 245-бабы 3-бөлігімен(Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару)қылмыстық іс қозғады.

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен азамат «С» ҚР ҚК-нің 245 – бабы 3 – бөлігімен кінәлі деп танылып, оған кәсіпкерлік қызметпен айналасу құқығынан 3 (үш) жыл мерзімге айырып, 5 (бес) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналып, барлық мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, егер Сізде жоғарыда көрсетілген қылмыстар туралы ақпарат болған жағдайда, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-09, 35-42-10 телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Экономикалық тергеу қызметінің

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы