Жарияланған күні: 29.04.2019 11:02
Өзгертілген күні: 29.04.2019 12:08

 

«Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсын өткізу туралы хабарландыру

 

2019 жылдың 05 сәуірнен бастап  «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы басталды (әрі қарай – Конкурс).

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 5 сәуір - 5 мамыр аралығында жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ, сонымен қатар мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес мемлекеттік қызметшілер жіберіледі. 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

  1. №3 қосымшаға сәйкес Конкурсқа қатысу бойынша өтініш;
  2. конкурс қатысушының оның бағасымен бірге сауалнамасы;
  3. «Не себепті мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықтымын» мотивациялық тақырыбына эссе, (500 сөз көлемінде баспа мәтіні, Times New Roman-14, бір жол аралығы) А-4 форматы.
  4. конкурсқа қатысушының  қызметтік тізімі.

Конкурс екі кезеңнен тұрады.

I кезең – өнірлік деңгей (облыстық деңгей) өнірлік конкурстық комиссиялар өткізеді;

Өнірлік конкурстық комиссия (бұдан әрі – Өнірлік комиссия)
9 адамнан және хатшыдан тұрады және Агенттіктің аумақтық департаменттері жанында құрылады және Агенттіктің келісімі бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз эксперттер және өзге де тұлғалар қатарынан қалыптасады.

Құжаттар қабылданып болған соң, өтініш берушілер стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу бойынша Агенттіктің аумақтық департаментінде компьютерлендірілген тестілеуден өтеді.

Тестілуден сәтті өткен қатысушы аймақтық комиссиясында әңгімелесуде бағаланады. Аймақтық комиссиядан оң қорытынды алған жағдайда екінші кезеңге яғни, республикалық комиссияға жолданатын болады.

II кезең – республикалық деңгей.

Республикалық конкурстық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен айқындайтын 9 адамнан және хатшыдан тұрады.

Республикалық комиссия өзінің жеке жобалық жұмысын қорғаған үміткерлермен әңгімелесу өткізеді.

Жеке жобалық жұмысты қорғау – Республикалық конкурстық комиссияның алдында жеке жобалық жұмысын таныстыру және қорғау түрінде рәсімі.

Шешім арнайы әзірленген бағалау өлшемін қолдану арқылы дауыс беру жолымен қабылданады.

Конкурсты өткізу мемлекеттік қызметтің имиджін жоғарылатуға, мемлекеттік басқару жүйесінің үздік өкілдерін анықтауға және көтермелеуге бағытталған.

Құжаттар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментімен қабылданады: Атырау қ., Азаттық 134 А, 3 каб. тел. 8/7122/ 45-65-36.

 

Толық ақпарат, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында орналасқан арнайы Әдістемелік  ұсынымда көрсетілген.