Жарияланған күні: 30.11.2016 10:42
Өзгертілген күні: 30.11.2016 10:47

Салтанатты шара өткізілді

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 1 желтоқсан – Бірінші Президент күні мерекесіне арналған салтанатты шара өткізілді. Мерекелік шараны құттықтау сөзбен Департамент басшысының орынбасары Ж.М.Нұржанов ашып, бұл мерекелеудің басты мақсаты - Тәуелсіздік жылдарында, қазіргі уақытта және болашақта да мемлекетіміздің тұрақты дамуының іргетасы болған Елбасының идеялары мен саясаты айналасында шоғырландыру.

Мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлері де Президент саясатын жан-жақты қолдап, Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси тұрақтылықты заңды және әділдік негізінде еліміздің бірлігін нығайтуға, азаматтық Отан сүйгіштік, мейірімділік пен келісімге, халықтары арасындағы бейбітшілікті әрі қарай дамытуға барынша  өз күштерін  салатыны аталды.

Содан кейін Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Б.Д.Юсупов «1 желтоқсан – Мәңгілік елді бастап салу күні, 1 декабря - День начала построения вечного государства» атты лекция оқыды.

Шара соңында Атырау облысы бойынша МКД  және Атырау қаласы бойынша МКБ қызметкерлері үшін  Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы «Человек-эпоха» атты бейнероликті көрсетілді.

 

Атырау облысы бойынша МКД