Жарияланған күні: 15.06.2023 13:02
Өзгертілген күні: 15.06.2023 13:08

«Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 қаулысы (бұдан әрі-ҚР Қаулысы) 30.05.2023 жылы ресми жарияланды.

ҚР Қаулысының 3-тармағына сәйкес, ҚР қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан, яғни 2023 жылғы 10 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Бұған дейін Комитет бөлшек салықтың арнаулы салық режимін (бұдан кейін – АСР) қолдану мақсатында қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны (бұдан кейін – АСР бойынша хабарлама) ұсыну мерзімін ретроспективті түрде, 01.01.2023жылдан бастап ҚР Үкіметінің жоғарыда аталған қаулысы қолданысқа енгізілгенге дейін ұзарту жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осы режимді қолдану ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңның нормаларына сәйкес ҚҚС төлемейтін салық төлеушілер ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін тиісті АСР бойынша хабарлама ұсынуы тиіс болатын.

Осылайша, бұрын жарияланған түсіндіруіне келесіні хабарлаймыз, көрсетілген салық режиміне көшу үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлемейтін салық төлеушілер ағымдағы жылдың 9 маусымын қоса алғанға дейін АСР бойынша хабарламаны беруі қажет.

Бұл ретте 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті түрде бөлшек салықтың АСР-не көшу үшін «Бөлшек салықтың АСР-не G.» АСР бойынша хабарламасының 2-бөлімінде және себебін «АСР қолдану шарттарына сәйкессіздікте» жолында 01.01.2023 жылғы күнді көрсету қажет, осы режимді осы күннен бастап қолдануға мүмкіндік береді.

Осы АСР-не көшу үшін ҚҚС төлеушілер АСР бойынша хабарламаның көрсетілген күніне дейін (2-бөлімінде «Бөлшек салықтың АСР-не G.» және «Ерікті шешім қабылдау А.» себептерін белгілей отырып), қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын және ҚҚС бойынша есептен шығару туралы салықтық өтінішті МКБ-на ұсынады.

Осылайша, 2023 жылғы 10 маусымнан бастап салық төлеушілердің бөлшек салықтың АСР-не ауысуы туралы АСР бойынша хабарламаларды қабылдауы 01.01.2023 жылдан бастап тоқтатылады және бұдан әрі салық төлеушілер жалпы қабылданған қағидалар бойынша бөлшек салықтың АСР-не, яғни АСР бойынша хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап ауысуға құқылы («А. ерікті шешім қабылдау» себебі бойынша «Бөлшек салық АСР-не G.» деген 2-бөлімде белгі қойылған).

Бөлшек салықты АСР қолдану мақсаттары үшін ҚР Үкіметі айқындаған қызмет түрлеріне қатысты

Салық төлеуші кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде ЭҚЖЖ кодын таңдауға дербес жауапты болады. Бұл ретте ЭҚЖЖ барлық кодтары ҚР Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілуге тиіс.

Бұл ретте қызмет түрін ЭҚЖЖ кодына жатқызу, ЭҚЖЖ кодын айқындаудың дұрыстығы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының құзыретіне жатады.

Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын (бұдан әрі – КТС/ЖТС) есептеуге арналған ставкаларға қатысты

КТС/ЖТС ставкалары:

- 4 % - ҚР-да және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) барлық кірістер бойынша. Бұл ретте жергілікті өкілді органдардың ставка мөлшерін 50% - ға, яғни 4% - дан 2-ге дейін төмендетуге құқығы бар % (Ставка мөлшерін төмендету туралы шешімді жергілікті өкілді орган ол енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды. 2023 жылға мұндай шешімді ЖАО а. ж. 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдауы тиіс);

- 8 % Кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша, мұндай шығыстарға шегерімдер сомасын құжаттамалық растау қажет болған жағдайда (сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып, электрондық шот-фактура жазып немесе чек бере отырып). Бұл мөлшерлеменің мөлшері төмендетуге жатпайды.

Осылайша, егер бөлшек салық ставкасын қолданатын салық төлеуші сатып алушыға шығыстарды шегерімге жатқызуды растау мақсатында электрондық шот-фактураны жазып берсе, мұндай табысқа 8% мөлшерінде КТС/ЖТС ставкасын қолдана отырып салық салынуға тиіс.

Электрондық шот-фактураны жазып берудің қалған жағдайларында тиісінше табысқа 4% мөлшерінде КТС/ЖТС ставкасын қолдана отырып салық салынуға тиіс.

Өздеріңіз білетіндей, жергілікті өкілді органдар бөлшек салық ставкасының мөлшерін 50% - ға, яғни 4% - дан 2% - ға дейін төмендетуге құқылы, осыған байланысты 1-қосымшаға сәйкес мынадай ақпаратты ұсыну қажет.