Date of publication: 26.06.2019 16:13
Date of changing: 26.06.2019 16:17

 

Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері төмендетілді

            2019 жылдың 2 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

            Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-V ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексіне сәйкесінше өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

             Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 747-бапқа «Пайдалы қазбаларды өндiру салығы» 85-тараудың мақсаттары үшін өндірілген кең таралған пайдалы қазба және емдік балшық көлемінің бірлігі бір текше метр немесе бір тонна болып танылып, нақтылау енгізілген.

Осылайша, кең таралған пайдалы қазбаларға пайдалы қазбаларды өндіру салығының (бұдан әрі – ПҚӨС) мөлшерлемелері бір текше метрге немесе бір тоннаға белгіленген.

            748 баптың 1-тармағында Салық кодексінде көзделген кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесі анықталған. Аталған тізбеге метаморфалық жыныстар, магмалық тау жыныстары, шөгінді тау жыныстарына жататын барлық кең таралған пайдалы қазбалар жатады.

            Метаморфалық жыныстарға: мәрмәр, кварцит, кварцтық-далалық шпат жыныстары;

            магмалық тау жыныстарына: гранит, сиенит, диорит, габбро, риолит (липарит), андезит, диабаз, базальт, вулкандық туфтар, шлактар, помпалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан);

            шөгінді тау жыныстарына: жұмыртастар мен қиыршық тас, қиыршық тас-құмды (құмды-қиыршық тасты) қоспа, құм және құмтастар, саз және сазды жыныстар (саздақ топырақ, алевролиттер, аргиллиттер, сазды тақта тастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде қабықшалар, борлы жыныстар, доломиттер, әктас-доломитті жыныстар, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), табиғи пигменттер, шымтезек жатады.

Сонымен бірге, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап кең таралған пайдалы қазбалардың шөгінді жыныстарына ПҚӨС мөлшерлемесі  өндірілген кең таралған пайдалы қазба көлемінің бірлігі үшін 0,04 АЕК-тен 0,015 АЕК-ке дейін төмендетілді.

 

Резидент еместерге салық салу

басқармасының бас маманы

                                               Султанова Г.Ж.