Date of publication: 14.06.2019 13:22
Date of changing: 14.06.2019 13:41

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері: мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады.
Кез-келген мемлекет құқықтық жүйесінің негізгі прициптеріне сәйкес, адалдықты және параға сатылмаушылықты, ашықтық пен жауапкершілікті бейнелейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді саясатын жүргізеді.
Өз жұмысына жауапкершілікпен қарау, заң шеңберінде және адал жұмыс атқару – мемлекеттік қызметкерлердің басты қызметтік қағидаларының бірі. Сол себепті әрбір мемлекеттік қызметкер жұмыс жасау барысында сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соқтыратын іс-әрекеттерден аулақ болуы шарт.
Мемлекеттік кірістер саласындағы құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің, жалпы мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамның басты жұмыс бағыттарының бірі және осы мақсатта сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғалармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу шаралары бойынша «Теңіз» кеден бекеті де жүйелі түрде қызмет атқаруда. Осы орайда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғалар үшін кездесулер, «дөңгелек үстел» жиындарын өткізу, БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

«Теңіз» кеден бекеті
8 712 30 23721