Date of publication: 13.06.2019 14:12
Date of changing: 13.06.2019 14:14

 

Салық рақымшылығы әрекет етуде

 

Атырау облысында ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпы сомасы 1484,2 млн.теңгеге негізгі қарызды өтеген 1599 салық төлеушілерге қатысты жалпы сомасы 326,7 млн. теңгеге өсімпұлдарды есептен шығарды.

Елімізде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтың негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқаны белгілі.

Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есепте тұрған Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 57-1-бабында көзделген салықтар бойынша негізгі борышқа ақы төлеу шартымен, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеу күніне дейінгі кезең үшін көрсетілген бересі сомасына есептелген жағдайда жүргізіледі.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік кіріс органдарына жүгінудің қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару салық төлеу мерзімін кейінге қалдыруды/бөліп төлеуді алған салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушінің өтінішінсіз жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Қазақстанда жақын арада жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасалынады.

Бүгінгі күні ҚР Салық заңнамасына түзетулер әзірленді, олар 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша салықтың негізгі сомасын жеке тұлға төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығаруды көздейді.

Салықтық рақымшылық ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

 

Атырау облысы бойынша МКД баспасөз қызметі