Date of publication: 24.12.2018 10:11
Date of changing: 24.12.2018 10:36

 

«Азамат «Ғ» бекіре тұқымдас балық сатқаны үшін сотталды»

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында азамат «Ғ» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу)бойынша қылмыс жасағаны анықталды.

Атап айтқанда, 2018 жылдың  тамыз айында азамат «Ғ» Атырау облысы, Исатай ауданы, Жамбай ауылының маңындағы Каспий теңізінің жағысына барып белгісіз адамнанбасы мен құйрығы кесілген жалпы салмағы 64 келі болатын «Бекіре» тұқымдас балығы мен жалпы салмағы 500 грамм аталған тұқымдас балықтын уылдырығын сатып алып, пайда көру мақсатында Атырау қаласында сату кезінде Экономиқалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен ұсталған.

Анықталған дерек негізінде Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тереу қызметімен ҚР ҚК 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу)бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ағымдағы жылы№2 Атырау қалалық сотының үкімімен азамат «Ғ» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған үшін кінәлі деп танылып, 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, егер Сізде,аталған қылмыстық заң бұзушылық деректері туралы ақпарат болса, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметіне  8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ