Date of publication: 20.12.2018 11:42
Date of changing: 20.12.2018 11:43

«Мұнай және мұнай өнімдерінің  заңсыз айналымына жол бермейік!»

       

Жалпы біздің еліміздің  басты байлағы мұнай болып табылады. Қазіргі уақытта  мұнайды "Қара алтын" деп бағалайды. Алайда, бүгінгі  күні  сол мұнай және мұнайөнімдер саласындағы заңбұзушылықтар өте көптеп  кездесуде. Сол себепті мұнай және мұнайөнімдері саласындағы қылмыстарды алдын алу және оларды болдырмау жөнінде көптеген шаралар, лекциялар, мақалалар жарыққа шығуда. Сонымен қатар,  республика  аймағында құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген  шаралар нәтижесімен  мұнай  және  мұнайөнімдерін ұрлау, заңсыз тасымалдау  және  сатумен айналысқан көптеген қылмыстық топтарАқтөбе, Атырау,Қызылордаоблыстары аймағында  қолға түсіпте жатыр. Мысалы қылмыстық топ ұрлаған мұнайды  өзге компанияларға заңсыз сатып, оны кәсіп етіп  өздеріне ірі  көлемде пайда тапқандықтары  әшкереленді. 

Қазіргі кезде, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметімен облыс  аймағындағы мұнай  және  мұнайөнімдерінің (дизель отыны, табиғи  газ) заңсыз айналымының алдын алу, мұнай саласындағы қылмыстарды жою бойынша көптеген рейттер, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Жалпы мұнай біздің еліміздің байлығы болғандықтан, сондай заңбұзушылықты, қылмыстық топтардың заңсыз мұнай тасымалдауына немесе оларды сатуына жол бермей, олармен бірігіп күресуіміз қажет.

Атап айтқанда, көптеген заң бұзушылықтарды болдырмау, оларды алдын алу өзіміздің қолымызда. Сол себепті, еліміздің байлығын бірлесіп  қорғау, тәуелсіз еліміздің алға  қарай  өркендеп дамуы  және келешек  ұрпақтарымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз атсалысайық! «Мұнай  және  мұнайөнімдерінің  заңсыз  айналымына  жол бермейік!».

 

 «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу»  дерегі бойыншаҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197-бабымен қылмыстық жауапкершіліктің көзделгендігін айта кеткен жөн.

 

Жоғарыда көрсетілген айтылғандарды ескере отырып, Сізден мұнай  және мұнайөнімдерінің заңсыз айналымы бойынша ақпараттарды Атырау облысы бойынша МКД-ті ЭТҚ-не 8 (7122) 35 42 10, 31-60-59 телефон нөмірлері арқылы хабарлауыңыз сұралады.

Атырау  облысы  бойынша МКД  ЭТҚ ПЖжББ