Date of publication: 13.12.2018 16:14
Date of changing: 13.12.2018 16:24

 

«Алаяқтардың қылмысыәшкереленді»

         Атырау облысыбойыншаМемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жедел – іздестіру іс – шараларын жүргізу барысында «С», «К», «К» азаматтары төмендегі жағдайда қылмыс жасаған.

         Яғни, «С» алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, бөтен мүлікке ірі мөлшерде құқықты иемдену мақсатында «И» шаруа қожалығының басшысы «К» - тен жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету бойынша инвестициялық субсидия алуға, өзіне құдық қазып беруге көмек сұраған.

         Анықталғандай, «С» пен «К» адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, ойлаған қылмыстарын жүзеге асыру мақсатында «К» «И» шаруа қожалығының басшысы «С»-ке «Жекеменшік жайылымдар суландыру» атты бизнес – жоспар құрып, тапсырушы тарапынан «И» шаруа қожалығының басшысы «С», мердігер тарапынан «КТМ» ЖШС-нің басшысы «К» өздеріне тиесілі мекемелерінің мөрін қойып, қолдарын қойып жалған құжаттар жасақтаған.

         Жалпы, субсидиялау қағидасының талаптарына сәйкес «И» шаруа қожалығына жалпы сомасы 5 080 000 теңгеге субсидия бөлініп, «С» пен «К»-тың әрекеттерімен мемлекетке 5 080 000 теңге зиян келтіргендері анықталды. Анықталған деректер бойынша, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен ҚР ҚК 190 бабы 3-бөлігінің 1-тармағы «Алаяқтық»бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен тергеліп сотқа жолданды.

         Индер аудандық сотының 2018 жылғы 04 қазанының үкімімен азаматтар, ҚР ҚК 190 - бабының 3 – бөлігінің 1 – тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 190 – бап бойынша мүлікті тәркілеусіз, 3 (үш) жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілеумен, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

         Егер, Сізде, жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат болса, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. 

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ