Date of publication: 04.06.2015 18:19
Date of changing: 04.06.2015 18:22

 

Атырауда мемлекеттік  рәміздер күні аталып өтті

 

      Мемлекеттік рәміздер әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, патриоттық сезімді оятатын айшықты белгілер саналады. Еркіндігіміздің Көк байрағы көкте желбіреп, Елтаңба төрде орнығып, Әнұран шырқай орындалғанда, ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған егемендігіміздің мәнін шын ұғасың

         Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның Туы, Елтаң­басы және Әнұранының заңна­ма­лық мәртебесін белгілейтін тұң­ғыш заңға қол қойды. Содан бері республика жұртшылығы мем­ле­кеттік рәміздеріміздің мерейлі кү­нін асыға күтіп, жоғары көңіл-күймен атап келеді. Осынау айтулы датаны лайықты қарсы алуды Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті де әркез басты борыш, асқақ парыз санайды.

     

4 маусым күні  Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері   «Мұнайшы» стадионында өткізілген  салтанатты шараға қатысты.

Салтанатты шара «Атамекен» әнін хормен орындаумен аяқталды. Қазақстан қашан да Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбарлы!

 

                                                                                                                                                                Атырау облысы бойынша МКД баспасөз қызметі