Date of publication: 14.04.2017 17:10
Date of changing: 14.04.2017 17:17

Семинар өткізілді

 

         Атырау қаласы бойынша МКБ Атырау облысы бойынша МКД-нің Түсіндірме жұмыстары басқармасымен бірігіп 2017 жылдың 13 сәуірінде алкоголь өнімдерін көтерме саудада сатумен айналысатын салық төлеушілермен семинар жүргізді. Семинарды бастаған Түсіндірме жұмыстары басқармасының басшысы Б.Д.Юсупов аталған семинардың мақсаттары мен міндеттері туралы баяндады.

      

«Ілеске жүк құжаттарсыз (ІЖҚ) алкоголь өнімдері айналымына жауапкершілік» тақырыбы бойынша баяндамамен МКБ бас маманы Е.Мендигалиев сөйледі. Ол ІЖҚ-н рәсімдеу тәртібі туралы, оның расталу мерзімі туралы және ҚР ӘҚБтК 282 бабының 1,2 тармақтарына сәйкес алкоголь өнімдерінің айналымындағы жауапкершілік туралы толықтай баяндап берді. Одан кейін МКБ Акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Б.Жұмабаев қатысушыларға алкоголь өнімдерін сатумен айналысуға құқылы салық төлеушілердің лицензиялық алымының төлену мерзімі мен мөлшері туралы мәлімдеді:

«Лицензиялық алым әр қызмет нысанына төленіп, көтерме сатушыларға 200 АЕК-ті құрайды, ал бөлшек сатушыларға әкімшілік-аумақтық бірлігіне байланысты сараланады:

  • Облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (226900 теңге);
  • Ауылдық жерлерде – 30 АЕК (68070 теңге).

Лицензиялық алым 105402 БЖК-на төленеді.

Толық ақпаратты Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Акциздерді әкімшілендіру бөлімінен (27-кабинет) немесе  45-15-01 телефоны арқылы білуге болады».

Сонымен қатар салық төлеушілерге темекі өнімдеріне ілеспе жүк құжаттары туралы қосымша мәлімет берілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2016 жылдың 17 мамырындағы «Темекі өнімдеріне ілеспе жүк құжаттарын пайдалану және ресімдеу Ережесін бекіту туралы»№234 бұйрығына сәйкес, темекі өнімдерінің айналымы кезінде темекі өнімдеріне арналған ілеспе жүк құжаттары міндетті түрде ресімделеді (ТӨІЖҚ) делінген.ТӨІЖҚ темекі өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын алушы тұлғаларды қоспағанда, уәкілетті органға алушымен ТӨІЖҚжәне темекі өнімдерін алуды растау немесе бас тарту жолымен бағдарламада ТӨІЖҚ ресімделу күнінен бастап жиырма бес күнтізбе күні ішінде электронды түрде табыс етіледі.

         Семинар соңында алкоголь өнімдерін сатумен айналысатындарға жаднамалар таратылып, сонымен қатар семинарға қатысушылардың қойылған барлық сұрақтарына жауап берілді.

 

 

Атырау қаласы бойынша МКБ