Date of publication: 29.04.2015 19:12
Date of changing: 29.04.2015 19:23

                                                                                     Ардагерлерді  аялаймыз.

         Ұлы Жеңіске 70 жыл толғалы отыр, ал ол күндердің куәгерлері – сол сұрапыл соғыстың ардагерлері де күн сайын азайып келеді. Бірақ олардың ерлігі кейінгі ұрпақ есінде, ол ешқашан ұмытылмайды.

Ардагерлерді аялау акциялары бүкіл  Қазақстанда жүріп жатыр. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы да бұл акцияға белсенді қатынасуда.

 

2015 жылдың 15 сәуір күні Департамент және Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері Погодаев Александр Ивановичтің және Отрушко Иван Сергеевичтің отбасына барды.

Погодаев Александр Иванович, 1924 жылы туылған, запастағы полковник, ардагерлер хорының белсенді мүшесі, Атырау қаласына белгілі адам.

Отрушко Иван Сергеевич, 1924 жылы туылған, Ұлы Отан Соғысында  1-ші Украина майданында болған. Соғыстан кейін Ішкі Істер Министрлігі әскерінде қызмет етіп,  стратегиялық маңызы бар объект – Атырау мұнай өңдеу зауытын күзеткен. Бұл ардагерлерге гүл шоқтары, үй техникасы және азық – түлік корзиналары табыс етілді.

Сәуір айының бас кезінде ардагер Жаров Владимир Константиновичтің үйінде Департаментің экономикалық қылмысты тергеу қызметінің қызметкерлері жөндеу жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, үй ауласында алаңша және жолдар цементелді, үй шатыры және газ құбырлары сырланды. Жаров Владимир Константинович 1925 жылы туылған. 1943 жылдың ақпан айында Совет Армиясының қатарына шақырылған. Венгрия, Австрия, Румыния елдерін азат етуге қатынасқан, 1949 жылы әскери қызметтен босатылған.

Қала түбіндегі Балықшы елді мекенінде тұратын 88-жастағы Белоусов Алексей Илларионовичте департамент қызметкерлерінің назарынан тыс қалған жоқ. Ол 15-жасында өз еркіменен соғысқа қатынасқан, Еділ өзеніндегі сұрапыл  шайқастардың куәгері, Ұлы Жеңіске де жеткен. Соғыстан кейін Гурьев механикалық зауытында қызмет істеген. Департамент қызметкерлері оған ақшалай көмек көрсетті.

Біздің шефтік қамқорлығымыздағы ардагерлеріміздің бірі Досқалиев Хайролла ағай Махамбет ауданының Жалғансай ауылында тұрады. Ол кісі 1926 жылы туылған, соғысқа жастайынан қатынасқан, жарақат алған, бірнеше Үкіметтік наградалармен марапатталған. Кейінгі өмірін толықтай ауыл шаруашылығына арнаған. Ағайдың немересі Досқалиева Айнагүл ұзақ мерзім кеден қызметінде, бүгінде Департаментте бөлім бастығы қызметін атқарады. Ардагерлеріміз шын жүректен Департамент қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, көрсеткен сый - құрметтеріне, берген көмектеріне алғыстарын айтты. Жас буын қызметкерлерінің өтініштері бойынша, өздерінің қиын- қыстау өмір жолдарын, әскери ерліктерін, соғыстан кейінгі еңбек жолдарын баян етті. Өздерінің жастарының ұлғайғанына бой бермей, әлі де тың, ойларының ашық екеніне куә болдық.

Соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсету- біз үшін үлкен аброй және парыз!

Біз түсінеміз, ол кісілердің ерліктеріне, бізді осы күнге жеткізген еңбектеріне, аспанымыздың ашық болуына деген септіктеріне біздің ұрпақ арқашан қарыздармыз.

Келе жатқан Ұлы Жеңіс Мерекесіменен барлық ардагерлерді құттықтаймыз! Дендеріңіз сау болып, ұзақ өмір берсін деген тілек айтамыз! Сіздерге басымызды иеміз!

 

      Б.Юсупов    Департаменттің басқарма басшысы