Жарияланған күні: 16.08.2018 13:54
Өзгертілген күні: 16.08.2018 13:58

 

«Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру жауапкершілікке әкеліп соғады»

 

         Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметінің басым бағыттарының бірі заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-әрекет болып табылады.

         Ағымдағы жылы Атырау облысың Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен жедел – іздестіру шараларын жүргізу барысында, ҚР  С. есімді азаматымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі анықталды, ол Атырау қаласының аумағында бірнеше үй-жайларда тыйым салынған ойын сайттары мен ойын терминалдарын пайдалана отырып, лотореялық ойындар түрінде заңсыз ойын бизнесін 2 ай бойы жүзеге асырып отырған.

         Атап айтқанда, ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асыру мақсатында, қандай да бір қажетті рұқсат қағаздарын алмай, заңсыз ойын букмекерлік қызметімен айналысып, пайда табуға тікелей ойы пайда болып, бұл ойын жүзеге асыру үшін теледидарлар, «CROWN» комьютерлік жүйелік блогын, мониторлар және қол сканері құралдарын алған.

         Жоғарыда көрсетілген компьютерлік құралдарды орналастырып ойын ойнаушылар бәс тігу арқылы интернет жүйесіне кіргізіп, «Keno», «Fortuna», «Бинго37», «Monkey», «Fruit» ойындарын ойнауға қосылған.

         2018 жылдың 23 ақпаны шамамен сағат 17.30 шамасында                           жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде, ойнаушы-статистерге «Кено» ойнын ойнауға ақшалай қаражаты салынып, ойын ойнау барысында ақшалай ұтыс алыну дерегі анықталып, әшкереленді.

         Аталған факт ҚР ҚК-нің 307 бабының 1 бөлімі «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру»  бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркелді.

         2018 жылғы 10 шілдеде Атырау қаласының №2 сотының үкімімен азамат С. ҚР ҚК-нің 307 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмыстық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шекетеу жазасы және өтеу барысында тұрақты жұмыс орны не оқуда жоқ болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда 240 сағатқа мәжбүрлі түрде еңбекке тарту жазасы тағайындалды.

         Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, егер Сізге заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі мәлім болса немесе  ақпараттар болған жағдайда Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефон нөмірлері арқылы хабарлауыңыз сұралады.

 

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ