Жарияланған күні: 23.10.2018 10:13
Өзгертілген күні: 23.10.2018 10:40

 

 

«Ұйымдасқанқылмыстықтопты (ҰҚТ) құружәнебасқаруүшінжауапкершілік)»

Казіргі қоғам көптеген проблемалармен бетпе-бет кездеседі, олардың бірі жаппай және ұйымдасқан құқыққа қарсы адамдардың әрекеттері. Мемлекеттің негізгі міндеті қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіп, өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Ұйымдасқан қылмыс бүкіл қоғамның өміріне жылдам тамырын жаяды. Оның пайда болуы мен тез өсуі, шешілуі қиын әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық және құқықтық мәселелерді тудырды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) – бұл тұрақты табыс табу мақсатында қылмыстық жазалануға жататын әрекеттерді жасау үшін біріккен екі немесе одан да көп адамның бірлестігі.

Қылмыстың жай-күйін алдын ала талдау бойынша соңғы жылдары қолданыстағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың белсенділігінің артуымен сипатталатын күрделі криминогендік жағдай қалыптасатынын көрсетеді.

Жасалатын ұйымдасқан қылмыстарды былайша топтастыруға болады:

- зорлық-зомбылық;

- экономикалыққызметсаласында;

- салықтық қылмыстар;

- сот төрелігіне қарсы қылмыстар

- қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар;

- денсаулыққа және қоғамдық имандылыққа қарсы қылмыстар;

- кедендік саладағы қылмыстар.

Әрине, бұл қылмыстар көптеген жағдайларда бір-бірімен салалас, атап айтқанда, ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілігі жоғары болып табылады.

Қылмыстық сипаттағы дәстүрлі қылмыстардан басқа ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтар соңғы жылдары «қайтарымсыз» тауар және ақша несиелерін, тауарларды контрабандалық жолмен алу, салық төлеуден жалтару, қылмыстық іс-әрекет нәтижесінде алынған ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру және «жылыстату» үшін пайдаланатын жалған фирмалар құруға байланысты экономикалық қылмыстар саласын белсенді түрде игеруде, коммерциялық құрылымдар мен банктерге жария етілген ақша қаражатын сала отырып, заңды экономикаға белсенді түрде енгізуді көздейді.

Мұндай көрініс ұйымдасқан қылмыс көлеңкелі экономиканың қалыптасуы мен жұмыс істеуіне айтарлықтай дәрежеде әсер ететініне күмән келтірмейді.

Сол себепті, құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы күресті күшейту және қалыптасқан криминогендік жағдайдыңалдын алу мақсатында   тиісті шараларды қабылдауы тиіс.

Заңдарда қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастырғаны үшін адамдардың жауаптылығы көзделген. Оның белгілері ҚР ҚК-нің 262-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықа жатады(Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу1. Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету – мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.2. Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу –  мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер – мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан ай айыруға жазаланады.)

Егер Сізде ҰҚТ құру және басқару туралы ақпарат болған жағдайда, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметіне 8(7122) 35-42-10, 31-60-59 телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ