Жарияланған күні: 22.10.2018 10:44
Өзгертілген күні: 22.10.2018 10:50

 

««Ұлттық индустриялық  мұнай-химия  технопаркі» Арнайы  экономикалық аймағы» қатысушыларына кедендік рәсімдеу туралы ақпарат

 

Атырау қаласынан  37 шақырым қашықтықтаАтырау облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің ««Ұлттық индустриялық мұнай-химия  технопаркі» Арнайы  экономикалық аймағы» кеден бекеті орналасқан.

         «Ұлттық индустриялық мұнай-химия  технопаркі» Арнайы  экономикалық аймағында «РSI Story Industriya» ЖШС газотурбиналық электрстанциясының құрылысын жүргізуде, «Чайна Нэйшнал Кемикал Инжиниринг» Компаниясының филиалы полимер түйіршіктері шикізатын шығаратын зауыттың құрылыс жұмыстарын бастауда,сонымен қатар «Полимер Продакшн» ЖШС полиэтилен пленкаларын шығарумен айналысуда. 

         Еркiн кеден аймағының кедендiк рәсiмi шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, осындай тауарлар АЭА аумағының шегінде немесе оның бөлігінде қойылады және пайдаланылады.

Арнайы  экономикалық аймақта орналасқан бақылау-өткізу пунктінде  кедендік  бақылау  арнайы  бөлінген кезекші ауысымдармен үзіліссіз, тәулік бойы ұйымдастырылады.АЭА аумағына (аумағынан) жеке тұлғалардың кіруі (шығуы),сондай-ақ көлік құралдарының кіруі (шығуы) БӨП (бақылау-өткізу пункті) арқылы жүзеге асырылады.

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының тауарларыҚазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы «Арнайы экономикалық аймақтың кейбір мәселелері және еркін кеден аймағы кеден рәсімі туралы» №247 бұйрығынасәйкесресімделеді.Бұйрыққа  сәйкес,Арнайы  экономикалық аймақаумағына кіру тұрақты немесе уақытша рұқсат қағазын ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.

Тұрақты рұқсат қағазы бір жыл мерзімге он жұмыс күні ішінде, уақытша рұқсат қағазы кеден бақылау аймағында болу мерзіміне сәйкестез арадаресімделіп беріледі.

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелген не әкеткен кезінде ілеспе құжаттары негізінде  көрсетілген нысан бойыншахабарлама толтыруы тиіс.

Ресімделген хабарламалар нәтижесінде Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының арнайы экономикалық аймақтың аумағына 2018 жылдың  01 қазанына дейін тауарларын кіргізуге 2492 хабарлама,тауарларын шығаруға  221 хабарлама ресімделді.Кедендік бақылау аймағына кіру үшін 6700 уақытша рұқсат қағазы берілді. Арнайы экономикалық аймақта жұмыс қарқынының көбейгеніне қарамастан, кеден бекеті мамандары өздеріне жүктелген міндеттерін үлкен жауаптылықпен атқаратыны сөзсіз.