Жарияланған күні: 28.05.2018 10:41
Өзгертілген күні: 28.05.2018 10:51

     

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясын қолдаңыз...

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Каржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруы негізінде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының қолдауымен Қазақстан Республикасы аумағында 2018 жылдың 21 мамырынан бастап «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы жарияланып, белсенді тұтынушылар арасында құнды сыйлықтар белгіленіп, бас жүлдеге автокөлік тігіліп ойнатылатынын хабарлайды.
Акцияның басты мақсаты халықтың азаматтық белсінділігін көтермелеу мен салықтық сауаттылығын дамыту, халықпен ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру, азаматтардың тауар, жұмыс немесе қызмет тұтынушы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, БКМ заңнамасының талаптары туралы салық төлеушілер мен жұртшылықты ақпараттандыру, салық төлеушілердің бақылау-касса құралдарын пайдалану арқылы салық тәртібін арттыру есебінен бюджетке салық төлемдерін ұлғайту, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Акция электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлерінде пайдалануға болады. Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызметтер үшін берілген бақылау - касса машинасының фискальды чектерінің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 
Егер фискальды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым бере алады. Шағымды Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 8(7122) 451879, 303550, 303329 сенім телефондары арқылы беруге болады. Ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді. Финалдық ұтыс автокөлік ағымдағы жылдың желтоқсан айында өткізіледі. 
Сыйлықтарды ұтып алуға қатысыңыз! Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты арта түседі. Қайталанып жіберілген чектер ұтысқа қатыспайды.