Жарияланған күні: 04.06.2018 15:47
Өзгертілген күні: 04.06.2018 16:16

 

Тіркелген шегерім пайдаланылатын

арнаулы салық режимі

 

ҚР Салық кодексінің 690-бабына сәйкес, салық салу объектісі:

1.Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі осы Кодекстің
691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді есепке алғандағы кіріс пен осы параграфта көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс болып табылады. 

2.Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің кірісі осы тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезең ішінде алынуға жататын (алынған) кірістерінен тұрады. 

 Осы парагрфтың мақсаттары үшiн дара кәсiпкердiң кірісі ретiнде:

1) төлем көзiнен мұндай салықтың ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзiнен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;

3) стипендиялар;

4) қайырымдылық көмек;

5) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

6) мүлiктiк кіріс;

7) жұмыскердің кірісі;

8) материалдық залалды өтеудің сот шешiмi бойынша тағайындалған сомасы түрінде өзі алған кірістер қаралмайды.

              Салық кодексінің 691-бабында кірістердара кәсіпкер үшін – осы Кодекстің 690-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық кіріс түрлері қосылады. 

Салық салу мақсаттары үшін кірісті тану күні осы параграфтың ережелеріне сәйкес айқындалады.

              Салық кодексінің 693-бабында,тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті айқындау кезінде  шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасына осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді ескере отырып айқындалған кіріс сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшердегі тіркелген шегерім сомасын қосуға құқылы. 

Бұл ретте осы баптың бірінші бөлігінің ережелерін қолданған жағдайда тіркелген шегерімді қоса алғанда, шегерімге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулер ескеріле отырып, кіріс сомасының 70 пайызынан аспауға тиіс.

694-бабы бойыншасалық салынатын кірісті азайту

1. Салық төлеушінің салық салынатын кірісті мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшеріне және мүгедектер жалақысынан және басқа да төлемдерден есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызына азайтуға құқығы бар. 

2. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті осы параграфқа сәйкес салық салынатын кірісті айқындау кезіндешегерімге жатқызылуға тиіс жұмыскердің кірістері бойынша жұмыс берушінің есепті салықтық кезеңде есепке жазылған шығыстарының 1 еселенген мөлшеріне азайтуға құқығы бар.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген азайтуды салық төлеуші, егер осындай салық төлеуші жұмыскерлерінiң есепті салықтық кезең үшін орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 4 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда жүргізуге құқылы.

              ҚР Салық кодексінің 695-бабында,тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі бойынша салықтарды есептеу,төлем көзiнен ұстап қалатын жеке табыс салығын қоспағанда, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану кезінде төленуге жататын жеке табыс салығы салықтық кезең үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:

осы Кодекстiң 320-бабының 1-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстің 690 және 691-баптарында көзделген  кірістер мен осы Кодекстiң 692 және 693-баптарында көзделген шығыстар арасындағы айырма түрінде айқындалған, осы Кодекстiң 694-бабына сәйкес азайтылған салық салынатын кірістің көбейтіндісі.

              ҚР Салық кодексінің 696-бабында тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық  режимі бойынша салық декларациясын тапсыру мен салықтарды төлеу тәртібі

1. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың
31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде тапсырылады.

2. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу осы баптың 1-тармағында декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізіледі.