Жарияланған күні: 06.10.2020 16:32
Өзгертілген күні: 06.10.2020 16:39

Темекі сатудың жаңа шарттары 2020 жылдың 1-қазанынан бастап күшіне енеді

 

Сандық таңбалауды енгізудің бірінші кезеңінің аясында, 2020 ж.1-қазанынан бастап темекі өнімдерін сату жаңа шарттарда жүзеге асырылады, оған сәйкес темекі өнімдері міндетті түрде таңбалануы тиіс. Темекі өнімінің кез-келген айналымында шығарылған мерзімнен бастап 2D-сканер қолданылуы тиіс, аталмыш сканер кажетті мәліметтерді оқуға және оларды фискалды деректер операторларына беруге мүмкіндік береді. Егер өндіруші өз жұмысында 2D-СКАНЕР қолданатын болса, оның жаңасын сатып алудың қажеті жоқ.

⠀Таңбалау – тауардағы арнайы шифрланған белгі, ол өндіруші туралы толық ақпарат, сериялық нөмір және бұзудан сақтайтын кодтан тұрады. Тауарларды таңбалауда DataMatrix бірегей коды пайдаланылады.

⠀Кәсіпкерлерге ыңғайлы болуы үшін Сандық таңбалауды енгізу мен тауарларды қадағалау жөніндегі ұлттық оператор нарықта сатылатын сканерлерді тестілеуден өткізіп, сандық таңбамен қолдану талаптарына сай келетін құрылғыларды таңдап алды. Олар туралы мәліметті келесі сілтемеге өту арқылы білуге болады - https://www.ismet.kz/ru/main/equipment-scanners.

Толық ақпарат үшін келесі телефон нөмірлеріне 8 (800) 080-65-65 (қоңырау шалу тегін) немесе https://www.ismet.kz/ru/main/about-marking сайтына хабарласуға болады