Жарияланған күні: 22.07.2020 17:31
Өзгертілген күні: 22.07.2020 17:34

Сыртқы экономикалық қатысушылардың назарына!

 

 

Гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін 2019-nCoV коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға және алдын алуға бағытталған тауарларды ресімдеу туралы келесіні хабарлайды.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 80-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына сәйкес кедендік алымдарды төлеуден акцизделетiн тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін тауарлар босатылады.

«Кедендік алымдардың салуынан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидасын бекіту туралы» 2018 жылғы 14 ақпандағы № 179 бұйрығының
3-тармағына сәйкес акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін тауарлар, тауарлардың кедендік декларациялауында кедендік алымдары төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар:

- тауарды жөнелтішінің, гуманитарлық көмек ретiнде бағытталған тауарларды растайтын құжат (соның ішінде шет тілінде жасалған растамасы) немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген консулдық мекемелердің әкелінетін тауардың гуманитарлық көмек ретiнде өтеусіз негізде берілетін мақсатыны көрсетету тауарды әкелу туралы;

- гуманитарлық көмек ретiнде тауарлар әкелу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасның халықаралық шартынаң көшірмесі болып табылады.

Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы Хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 6 Қосымша) 3-тармағы 5-тармақшасына сәйкес одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін (әкелінген) гуманитарлық көмек ретінде және (немесе) дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарын жою мақсатында әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату түрінде тарифтік жеңілдіктер беріледі.

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 «Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібі туралы» шешімінің 8-тармағы 3-тармақшасына сәйкес егер гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар өтеусіз көмекке (жәрдемге) жататынын куәландыратын құжаттың нысаны мен беру тәртібі, сондай-ақ үшінші елдер, халықаралық ұйымдар, үкіметтер желісі бойынша қайырымдылық мақсатында, оның ішінде техникалық көмек көрсету (жәрдемге), Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалмаса, онда мұндай тауарлар гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар үшін кеден органына мынадай құжаттарды ұсынған кезде кедендік баждардан босатылады:

- тауарларды әкелу мақсаты көрсетілуі тиіс көліктік (тасымалдау) не коммерциялық құжаттар және (немесе) дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;

- тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын тауарларды жөнелтушінің растауы;

- алушының тауарларды мақсатты пайдалану туралы міндеттемесі.

Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық комиссиясының Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 21 Шешіміне (бұдан әрі - Шешім) сәйкес осы Шешіммен бекітілген Тізбеге енгізілген, мүше-мемлекеттердің 2019-nCoV коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға және алдын алуға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар кедендік әкелу бажынан босатылады.

Көрсетілген жеңілдік тауарлар декларациясын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін тіркеген жағдайда, мүше-мемлекеттің атқарушы билік органы немесе мүше-мемлекеттің атқарушы билігінің өзге де уәкілетті органдары (Беларусь Республикасы үшін-Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) берген және осындай тауарлардың номенклатурасы, саны, құны туралы, сондай-ақ әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын әкелінетін тауарлардың нысаналы мақсатын растауды мүше-мемлекеттердің кеден органдарына ұсынған жағдайда беріледі.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодекс) 399-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына сәйкес акцизделетіндерді тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

«Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) 2018 жылғы 23 ақпандағы № 267 бұйрығының 8-тармағына сәйкес Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тауарлардың импорты кезінде:

- өтеусіз негізде әкелінген тауардың мақсатын көрсете отырып, ізгілік көмек ретінде тауарларды бағыттауды растайтын тауардың жөнелтушісі жасаған құжат;

- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылатын тауарларды ғана мақсатты пайдалану туралы алушының, міндеттемесі табыс етіледі.

Бұл ретте гуманитарлық көмек ретінде арналған тауарларға қатысты шығарылым Кодексінің 194–бабына сәйкес тауар декларация тапсырылғанға дейін жүзеге асырылуы мүмкін.