
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға құқылы:
- Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану құқығындағы (жерді екінші пайдалану құқығын қоса алғанда) жер телімдері бар болғанда;
- қосылған құн салыған төлеушілер болып табылмайды;
- жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану құқығындағы (жерді екінші пайдалану құқығын қоса алғанда) ауылшаруашылық тағайындалған жер телімдерінің жиынтық ауданы Атырау облысы үшін – 5000 га жайылымнан және 500 га егістіктен аспайды;
- тек қана осы арнаулы салық режимі таралатын қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Бірыңғай жер салығының төлеушілері бюджетке салықтар мен төлемдердің келесі түрлерінің төлеушілері болып табылмайды:
1) шаруа немесе фермер қожалығының қызметінен түсетін табыстардан, соның ішінде осы арнаулы салық режимімен таралатын қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) өтеу үшін мемлекеттік бюджеттің қаражаттарынан алынған сомалар түріндегі табыстарды қоса алғанда, жеке табыс салығының;
2) жер салығының және (немесе) жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнің – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзумен пайдаланылатын жер телімдерін қоспағанда, осы арнаулы салық режимі таралатын қызметте пайдаланылатын жер телімдері бойынша;
3) көлік құралдарына салынатын салықтың – (нормативтің шегінде);
4) мүлік салығының – (нормативтің шегінде);
5) әлеуметтік салықтың – осы арнаулы салық режимі таралатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша;
6) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемнің – осы арнаулы салық режимi таралатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметi бойынша.
Режимді қолдану үшін салық төлеуші уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны ұсынады.
Арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.
Бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектісі (01.01.2020 жылға дейін):
жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен берілген жер телімдерінің бағалау құнын анықтау актісінің негізінде белгіленген жер телімінің бағалау құны болып табылады.
Жер телімдерінің бағалау құнын анықтаудың мұндай актісі болмаған жағдайда жер телімінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен берілген деректерден аудан, қала бойынша орта шамамен 1 гектар жердің бағалау құнының және жер телімі ауданының негізінде анықталады.
Бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері
(01.01.2020 жылға дейін):
- егістіктер бойынша жердің бағалау құнынан 0,15% мөлшерлемесі бойынша жасалады.
- жайылымдар, табиғи шабындықтар бойынша жер телімдерінің жиынтық бағалау құнынан 0,2% мөлшерлемесі бойынша жасалады.
Салықтық есептіліктің нормалары:
Бірыңғай жер салығының төлеушілері үшін мағлұмдаманы (ф 920.00) қағаз тасушыда немесе электронды нысанда ұсынады.
Бірыңғай жер салығын төлеу мерзімдері:
бірінші мерзімі – ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін;
екінші мерзімі – есептік кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін.
Бірыңғай жер салығын төлеу бюджетке жер телімінің орналасқан жері бойынша жасалады.
Бірыңғай жер салығынан басқа:
- төлем көзінен ұсталатын ЖТС-ны (жалдамалы жұмыскерлер үшін);
- жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды;
- жалдамалы жұмыскерлер үшін медициналық сақтандыру аударымдарын төлейді.
Олар бойынша төлеу есептіктен кейінгі айдың 25 күніне дейін ай сайын жасалады.
Бірыңғай жер салығының төлеушілері үшін мағлұмдама есептік салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
Шаруа қожалықтары үшін АСР-дың әрекеті таралмайтын қызмет түрлерінен түскен табыстарды алған кезде, салық төлеушілер есептейді, тиісті салықтарды төлейді және жалпы белгіленген тәртіпте немесе бөлек есепке алуды жүргізу арқылы олар бойынша салық есептілігін ұсынады.
Бұдан басқа, 2018 жылдан бастап ҚҚС бойынша есепке міндетті қою бойынша нормасы ҚҚС төлеушілері үшін шекті мәнінен асып кеткен жағдайда (30 000 еселі АЕК) жойылған.
Қолдануға құқылы:
- Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану құқығындағы (жерді екінші пайдалану құқығын қоса алғанда) жер телімдері бар болғанда;
- қосылған құн салыған төлеушілер болып табылмайды;
- жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану құқығындағы (жерді екінші пайдалану құқығын қоса алғанда) ауылшаруашылық тағайындалған жер телімдерінің жиынтық ауданы Атырау облысы үшін – 5000 га жайылымнан және 500 га егістіктен аспайды;
- тек қана осы арнаулы салық режимі таралатын қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Бірыңғай жер салығының төлеушілері бюджетке салықтар мен төлемдердің келесі түрлерінің төлеушілері болып табылмайды:
1) шаруа немесе фермер қожалығының қызметінен түсетін табыстардан, соның ішінде осы арнаулы салық режимімен таралатын қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) өтеу үшін мемлекеттік бюджеттің қаражаттарынан алынған сомалар түріндегі табысттарды қоса алғанда, жеке табыс салығының;
2) жер салығының және (немесе) жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнің – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзумен пайдаланылатын жер телімдерін қоспағанда, осы арнаулы салық режимі таралатын қызметте пайдаланылатын жер телімдері бойынша;
3) көлік құралдарына салынатын салықтың – (нормативтің шегінде);
4) мүлік салығының – (нормативтің шегінде);
5) әлеуметтік салықтың – осы арнаулы салық режимі таралатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша;
6) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемнің – осы арнаулы салық режимi таралатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметi бойынша.
Режимді қолдану үшін салық төлеуші уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны ұсынады.
Арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.
Бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектісі (01.01.2020 жылға дейін):
жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен берілген жер телімдерінің бағалау құнын анықтау актісінің негізінде белгіленген жер телімінің бағалау құны болып табылады.
Жер телімдерінің бағалау құнын анықтаудың мұндай актісі болмаған жағдайда жер телімінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен берілген деректерден аудан, қала бойынша орта шамамен 1 гектар жердің бағалау құнының және жер телімі ауданының негізінде анықталады.
Бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері
(01.01.2020 жылға дейін):
- егістіктер бойынша жердің бағалау құнынан 0,15% мөлшерлемесі бойынша жасалады.
- жайылымдар, табиғи шабындықтар бойынша жер телімдерінің жиынтық бағалау құнынан 0,2% мөлшерлемесі бойынша жасалады.
Салықтық есептіліктің нормалары:
Бірыңғай жер салығының төлеушілері үшін мағлұмдаманы (ф 920.00) қағаз тасушыда немесе электронды нысанда ұсынады.
Бірыңғай жер салығын төлеу мерзімдері:
бірінші мерзімі – ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін;
екінші мерзімі – есептік кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін.
Бірыңғай жер салығын төлеу бюджетке жер телімінің орналасқан жері бойынша жасалады.
Бірыңғай жер салығынан басқа:
- төлем көзінен ұсталатын ЖТС-ны (жалдамалы жұмыскерлер үшін);
- жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды;
- жалдамалы жұмыскерлер үшін медициналық сақтандыру аударымдарын төлейді.
Олар бойынша төлеу есептіктен кейінгі айдың 25 күніне дейін ай сайын жасалады.
Бірыңғай жер салығының төлеушілері үшін мағлұмдама есептік салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
Шаруа қожалықтары үшін АСР-дың әрекеті таралмайтын қызмет түрлерінен түскен табыстарды алған кезде, салық төлеушілер есептейді, тиісті салықтарды төлейді және жалпы белгіленген тәртіпте немесе бөлек есепке алуды жүргізу арқылы олар бойынша салық есептілігін ұсынады.
Бұдан басқа, 2018 жылдан бастап ҚҚС бойынша есепке міндетті қою бойынша нормасы ҚҚС төлеушілері үшін шекті мәнінен асып кеткен жағдайда (30 000 еселі АЕК) жойылған.
Атырау қаласы бойынша МКБ