
Семинар өткізілді
Атырау қаласы бойынша МКБ Атырау облысы бойынша МКД-мен бірігіп 2018 жылдың 25 қыркүйегінде автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатумен айналысатын салық төлеушілермен семинар жүргізді. Семинарды бастаған департаменттің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы А.Ж.Рахметов аталған семинардың мақсаттары мен міндеттері туралы баяндады.
«Автожанармай құю станцияларында есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру» тақырыбы бойынша баяндамамен МКБ бас маманы И.Шангереев сөйледі. Ол мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер - автожанармай құю станцияларының есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе туралы және ҚР ӘҚБтК 281 бабының 5 тармағының 8) тармақшасына сәйкес мұнай өнімдерінің өткізу және тиеу жауапкершілік туралы толықтай баяндап берді.
Толық ақпаратты Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Акциздерді әкімшілендіру бөлімінен (27-кабинет) немесе 30-35-32 телефоны арқылы білуге болады.
Семинар соңында мұнай өнімдерін АЖҚС арқылы сатумен айналысатындарға жаднамалар таратылып, сонымен қатар семинарға қатысушылардың қойылған барлық сұрақтарына жауап берілді.
Атырау қаласы бойынша МКБ