Жарияланған күні: 22.08.2018 10:14
Өзгертілген күні: 22.08.2018 10:17

 

 

"Салықтөлеуденжалтаруірімөлшердежасалғанболса, - бұлқылмыстықжауапкершілік"

            Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметімен жедел-іздестіру шаралары өткізілді. Іс-шаралар өткізу барысында азамат  "Д" іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау құқықбұзушылық фактісі жасағаны анықталды.

         Яғни, азамат "Д" құрылтайшылардың шешімі бойынша ЖШС директоры болып тағайындалып, кәсіпкерлік қызметпен айналасты. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында азамат "Д" өзінің қылмыстық пиғылын іске асырып, шот-фактураларды дайындап, жөнелтілген жүк құжаттарды өзінің қолымен және ЖШС-нің мөрімен куәландырды. Өз кезегінде, азамат "Д" АҚ контрагенттіне сомасы 44 673 215 теңгені салық төлеуден жалтаруға көмек көрсетті. Анықталған фактілерге қатысты азамат "Д"-ға ҚР ҚК 216-бабы 1б, 28-бабы 5б, 245-бабы 1б бойынша қылмыстық іс қозғалды «Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау», «Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару».

         5 мамыр 2018 жылғы №2 Атырау қалалық сотының үкімі негізінде азамат "Д" ҚР ҚК 216-бабы 1б, 28-бабы 5б, 245-бабы б1 және түпкілікті жаза ретінде 1(бір) жылға бас бостандығын шектей отырып, коммерциялық ұйымдарға басшылық қызметімен айналасуға 1(бір) жыл мерзімге дейін құқығынан айырылды. 

 

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ