Жарияланған күні: 06.11.2018 11:24
Өзгертілген күні: 06.11.2018 11:24

«Qazaqstan» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының 01.11.2018 жылы эфирге шығатын қоғамдық-саяси және әлеуметтік –тұрмыстық мәселелерге арналған «NAZAR» ток шоуының кезекті шығарылымы «Салыққа қарыз емессіз бе?»  тақырыбына тікелей эфир өткізіліп, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің борыштармен жұмыс басқармасының басшысы Сарманов Нұрболат Әлібекұлы және бас маман Ергалиев Амангелді Кайыргалиұлы қатысты. Эфирде салық төлеушілердің берешектер мен банкрот бойынша өзекті де, толғандырып жүрген барлық сұрақтарына толық мағлұмат берілді.