
Патент негізіндегі арнайы салық режимі
Дара кәсіпкерлер 2020 жылдан бастап келесі қызмет түрлеріне патент негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға құқылы:
сылақ жұмыстарын;
ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
бояу және шынылау жұмыстарын;
такси қызметін;
автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
фотография саласындағы қызметті;
аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;
басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
уыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;
басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
қосалқы білім беру қызметтерін;
өнер саласындағы қызметті;
компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
шаштараз қызметтерін;
маникюрді және педикюрді;
ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.
Тізбеде жоқ қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет:
оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі;
тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;
жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті.
Аталған арнаулы салық режимдерінің бірін қолданатыны туралы хабарламаны 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тапсыру қажет, тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылмайды.
Гулжан Катаевна Кабдрахманова
Атырау облысы бойынша
түсіндіру жұмыс басқармасының
бас маманы