Жарияланған күні: 30.10.2018 11:07
Өзгертілген күні: 30.10.2018 11:10

 

«Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін сотталды»

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен «А» ЖШС-ның директоры азамат «Л.О» -ге бөтеннің мүлкіниемдену, яғни аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық ісі аяқталды.

Атырау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «А» ЖШС-ның директоры«Л.О» деген азамат ұсталды. Ол «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ-мен (бұдан әрі – тапсырыс беруші)Атырау қаласының оң жақ жағалауындағы су жинау және тазарту ғимаратының құрылысын жалғастыру нысаны бойынша жалпы соммасы 294, 9 млн.теңге (соның ішінде, ҚҚС - 31,6 млн. теңге) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаған.

Бұдан әрі, «А» ЖШС директоры«Л.О» жоғарыда көрсетілген объект бойынша құрылыс жабдықтау жұмыстарын толық жүргізілмеуіне қарамастан, өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік ақша қаражаттын ұрлау мақсатында техникалық құжаттарға қол қойып және «А» ЖШС мөрімен растап, тапсырыс берушіге ұсынған.

Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінде көрсетілген, Яғни, орындалған жұмыстар мен орындалмаған жұмыстардың құны арасында 48,5 млн. теңгенің  айырмашылығы анықталған.

Осылайша, «А» ЖШС директоры азамат «Л.О» өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап ету және аса ірі мөлшерде иемдену жолымен бюджеттік қаражаттыжымқырғаны анықталды.

Анықталған деректер негізінде, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері ҚР ҚК 189 бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, қылмыстық істі сотқа жолдады.

№2  Атырау қалалық сотының үкімімен «А» ЖШС директоры «Л.О»ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағыны бойынша кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Егер Сізде, осындай қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат болса, Атырау облысын бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметіне 8(7122) 35-42-10, 31-60-59телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ