Жарияланған күні: 23.07.2018 16:59
Өзгертілген күні: 23.07.2018 17:26

 

«Мемлекеттік сатып алу саласындағы

қылмыстық құқықбұзушылықтар»

 

Мемлекеттік сатып алу –  бюджет қаражаты есебінен мемлекетте  өндірілген тауарлар мен қызметтерді үкімет және мемлекеттік органдардыңмемлекеттік сатып алу туралыЗаңда белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алуы.Бұндай сатып алулар мемлекеттің өзінің қажеттіліктерін,  халықтың тұтыну қажеттіліктерін және резервті қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар сыбайлас жемқорлық және экономикалық сипатқа байланысты Қылмыстық кодексте көзделген. Осы мәселенің толықтығына байланысты мемлекеттік сатып алу құқықбұзушылықтары егжей – тегжей тоқтатылып осы санаттағы қылмыстар Қылмыстық кодексте айқындалған.

Мәселен, мемлекеттік сатып алу саласындағы экономикалық қылмыстарға келесілерді жатқызуға болады: сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу (ҚР ҚК 189 бабы), алаяқтық(ҚР ҚК 190 бабы),мүліктік пайда табу мақсатында, іс жүзінде жұмысты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп жөнелтпей, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген, шот-фактура жазу (ҚР ҚК 216-бабы), заңсыз сыйақы алу (ҚР ҚК 247-бабы), мәміле жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу (ҚР ҚК 248-бабы), параға коммерциялық сатып алу(ҚР ҚК 253-бабы).

Жалпы қиындықтарға қарамастан құқық қорғау органдары осы қылмыстарды алдын-алуға және жолын кесуге міндетті. Осы бағытта құқық қорғау органдарының жұмысы жалғасуда.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден мемлекеттік сатып алу саласындағы орын алған қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша ақпараттар болған жағдайда, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59телефон нөмірлері арқылы хабарлауыңыз сұралады.

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ