Жарияланған күні: 25.10.2019 16:00
Өзгертілген күні: 25.10.2019 16:23

 

Кәсіпкерлік саланың құқығы - әрқашанда қорғалуы тиіс!

 

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және кәсіпкерлердің құқығын қорғау" тақырыбындағы Кеңес отырысына Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл Нұрболат Әлібекұлы Сарманов қатынасты.

Кеңес отырысында Н.Сарманов: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы кәсіпкерлік саланың дамуына жасалған қамқорлық бағыттарын түсіндіре келе, салық және кеден заңдылықтарындағы жеңілдіктерді атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда Атырау өңірінде барлық кәсіпкерлік саланың құқығының қорғалатынын, алайда барлығы бірдей адалдық принципін ұстана бермейтінін, олармен күрес жүргізуді берлесіп атқарып тосқауыл жасау керектігін жеткізді.

Кеңес мүшелері күн тәртібінде қаралған кәсіпкердің құқығын толықтай қорғап, қолдау, қорғау тек қана адал кәсіп иелеріне ғана қолданылады деп бірауыздан шешім қабылдады.

                                                                         Атырау облысы бойынша МКД.