Жарияланған күні: 30.03.2018 18:56
Өзгертілген күні: 30.03.2018 19:00

 

ХАБАРЛАНДЫРУ !

 

       Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ҚР «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 38-бабының 2 тармағына сәйкес Мерзімнің өтуі салықтық міндеттемені орындау мерзімінің басталуы айқындалған нақты оқиға немесе заңды әрекет орын алған күннен кейінгі күннен басталады.

       Мерзім салықтық кезеңнің соңғы күнінің соңында аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

      Осыған орай, Мемлекеттік қызметкерлер үшін 2017 жылға тапсырылатын (230.00нысанды) жеке табыс және мүлік салығы бойынша декларациясының табыс ету мерзімінің 31 наурыз соңғы күні жұмыс күні болмағандықтан, табыс ету мерзімі келесі жұмыс күні  2 сәуірде аяқталатындығын хабарлайды.