
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, есепке алу-бақылау маркаларының қорғау элементтерін айқындайтын аспаптарды (бұдан әрі - аспаптар) қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы хабарлайды.
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының
(бұдан әрі – Заң) 9-бабы 3-тармағының 6) тамақшасына сәйкес алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларының қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларынан (бұдан әрі – ЕБМ) ақпаратты оқитын аспаптары болмаса, алкоголь өнімін сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
Заңның 7-1) тармақшасының 1-бабы бойнша, есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары – уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар.
Сонымен қатар, сіздердің назарыңызды, Заңда қолдануға рұқсат етілген аспаптардың белгіленген тізбесі көзделмегендігіне аударамыз. Алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер нарықта ұсынылған аспаптардың түрлерін өз еркімен таңдай алады, егер ондай аспаптар ЕБМ маркаларының қорғау элементтерін айқындауға және (немесе) ЕБМ-нан ақпаратты оқуға мүмкіндігі бар болған жағдайда және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын болуы қажет.
«Ұлттық ақпараттық технологиясы» АҚ есепке алу-бақылау маркаларының түпнұсқасын анықтайиын API-сервис әзірленді.
Қазіргі уақытта осы API-сервиске 10 компания қосылды («Вайпоинг» ЖШС, «SMT Union», ЖШС «Esepshi Development», «Центр устойчивого развития столицы» ЖШС, «The Boss media group» ЖШС,«Digital Trade System» ЖШС, «Транстелеком» АҚ, "ИнфоСофтПром» ЖШС, «Бухта.кз» ЖШС, ҰАТ АҚ) атқаратын әрекеттері «Wipon» қосымшасына сәйкес келеді – API-сервис арқылы «сұрақ/жауап».