Жарияланған күні: 18.10.2019 15:39
Өзгертілген күні: 18.10.2019 15:42

Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу

 

2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 12.10.2008 жылғы №99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 49 бабына сәйкес 250-бабы «Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарлар» Қазақстан Республикасының Кодексінің 12.06.2001 жылғы №209-II "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі).

Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төлеу ҚҚС төлеушілер келесі тауарлар бойынша тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режимімен не ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:

1) жабдықтар;

2) ауыл шаруашылығы техникасы;

3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;

4) тікұшақтар мен ұшақтар;

5) теміржол локомотивтері мен вагондар;

6) теңіз кемелері;

7) қосалқы бөлшектер;

8) пестицидтер (улы химикаттар);

9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;

Аталған тауарлар тізбесін және оның қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе өндірісі Қазақстан Республикасының қажеттілігін жаппайтын тауарлар енгізіледі.

Салық Кодексінің 250-бабы 1-тармағының ережесі одан әрі өткізуге арналмаған тауарларға қатысты қолданбайды,тек:

1) мүлікті қаржылық лизингке беру;

2) бұрын әкелінген тауарлардың реэкспорт режимінде әкетілуі;

Тауарларды әкелу кезінде ҚҚС есепке алу әдісімен төлеу мақсатында ҚҚС төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар бойынша төленуге жататын қосылған құн салығы сомасының құнын көрсету және көрсетілген тауарлардың нысаналы пайдаланылуы жөніндегі міндеттемені ұсынады.

Міндеттеме Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.

Міндеттеме негізінде тауарларды еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығару кедендік төлемдер және акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда, қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.

Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есептемеге жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.

Салық кодексінің 250-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, тауарларды одан әрі өткізуде, тек өткізуден басқа, көрсетілген баптың 6 және 5-1 тармағында ҚҚС алынуға жатады.

Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, төленуге жатады.

Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізуге олар Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығы салынбайды.

Салық кодексінің 250-бабының 5-1-тармағының ережесі өзінің өндірістік мұқтаждары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде әкелінген, импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өткізген кезде де қолданылады.

Салық Кодексінің 250-бабының 1-тармағында көрсетілген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.

Салық Кодексінің 250-бабының 6-тармағының ережесі 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде өзінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелінген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарлар қаржы лизингіне 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілген кезде де қолданылады.

Сонымен, әкелінген тауарларды қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төлеуде, ҚҚС төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген тауарлар бойынша төленуге жататын қосылған құн салығы сомасының құнын көрсету, Салық Кодексінің 250-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, және көрсетілген тауарлардың нысаналы пайдаланылуы жөніндегі міндеттемені ұсынады.

 

Атырау облысы бойынша МКД
Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының
Көшпелі кедендік тексерулер бөлімі