Жарияланған күні: 29.08.2018 18:57
Өзгертілген күні: 29.08.2018 19:00

 

Әдеп жөніндегі уәкілдерге

        Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 12 қадамының аясында, дамыған елдерде қалыптасқан «мемлекеттік қызметтегі комиссар» ретінде, қызметшілер тарапынан әдеп нормаларының сақталуын бақылап, бұзушылықтардың алдын алу үшін Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді.

         Бүгінгі таңда 13 орталық мемлекеттік органдарда және 16 әкімдердің аппараттарында дербес Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілген,  744 мемлекеттік органдарда Әдеп жөніндегі уәкілдердің функцияларын аса мәртебелі және жоғары білікті қызметкерлер орындайды.

Осы орайда, Әдеп жөніндегі уәкілдердің мәртебесін көтеру және мемлекеттік қызметшілер мен халықтың арасында ақпараттылықты жоғарылату мақсатында Агенттікпен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы имиджілік бейнеролик дайындалды(1 мин. 23 сек.).

         Бұдан басқа, Агенттік мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және моральдық-әдептік құндылықтарды ілгерілету мақсатында «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауын өткізеді.

         Байқау нәтижесі бойынша «Орталық мемлекеттік органның Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» және «Жергілікті атқару органының Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» жеңімпаздары анықталып, ал жеңімпаздар қызмет ететін мемлекеттік органдар «ашық (әдепті) мемлекеттік орган» мәртебесін иеленетін болады.

Бұған байланысты, конкурсты өткізу қарсаңында Агенттікпен анонстық бейнеролик қосымша дайындалды (32 сек.).

Аталған бейнероликтер мемлекеттік және орыс тілдерінде Youtube бейнехостигінде «АДГСПК РК» каналында орналастырылған (https://www.youtube.com/watch?v=os3m8C7l4v8, https://www.youtube.com/watch?v=jqpqfQd5ZbIhttps://www.youtube.com/watch?v=YDpVrtKM68Q, https://www.youtube.com/watch?v=shf7OOarPoo).