
«Атырауда ЖШС директоры салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталды»
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында азамат «А» ұйымдардың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны туралы дерек анықталды.
Яғни, 2014 жылдың 26 наурызындағы жеке құрылтайшының шешімі негізінде азамат «А» барлық қаржылық және банктік құжаттарды қол қою құқығымен ЖСШ-нің директоры болып тағайындалған.
Анықталғандай, азамат «А» кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында, жалған шот –фактураларды пайдалана отырып, салық декларацияларына салық және басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде 49 864 012 теңге(оның ішінде КТС 31 165 007 теңге, және ҚҚС 18 699 005 теңге)төлемеуге әкеп соқтырған шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізген.
Анықталған деректер бойынша, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен ҚР ҚК 245-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару)бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп, сотқа жолданды.
№2Атырау қалалық сотының 2018 жылдың 27 қыркүйектегі үкімімен азамат «А» ҚР ҚК 245-бабы 2-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, коммерциялық ұйымдарда материалдық лауазымға және басшы лауазымдарды атқару құқығынан 3 (үш) жыл мерзімге айыра отырып, 2 (екі) жыл бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.
Егер, Сізде, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат болса, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.
Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ