Жарияланған күні: 30.03.2016 17:24
Өзгертілген күні: 30.03.2016 17:25

Ашық есік күні өткізілді

Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің  әлеуметтік  бағыты шеңберінде, а.ж. 30 наурызында Атырау облысы бойынша МКД-де Атырау қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттеріне және мектеп бітірушілерге арналған «Ашық есік» күні өткізілді.

Олар Департаменттің басқарма және бөлемдердің жұмыстарымен танысып, содан кейін  Салықтық есептіліктерді  қабылдау және өңдеу орталығы, салық төлеушілер үшін арналған терминал жұмыстарымен танысты.

Персоналмен жұмыс басқармасының басшысы А.Уагисаева қызығушылық танытқан жастарға Департамент жұмысы туралы баяндап, сонымен қатар мамандарды конкурстық негізде  қызметке қабылдау туралы хабарлады.

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы