
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – ҚР КК) 23-бабының 1-тармағы).
Өз кезегінде, заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады (ҚР КК 24-бабының 3-тармағы).
Жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысының (бұдан әрі-қаулы) 1-тармағына сәйкес – 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін міндеттемелер бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын еңбекақы төлеу қорынан төленетін салықтар мен әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелеріне «0»коэффициенті белгіленеді.
«0» коэффициентін қолдануға арналған қызмет түрлерінің тізбесіне» соның ішінде, ЭҚЖЖ 85.10 «Мектепке дейінгі білім беру (жеке мектепке дейінгі (бастауыш) білім беру)» кіреді.