Жарияланған күні: 09.08.2021 10:16
Өзгертілген күні: 09.08.2021 13:06

Құрметті пайдаланушылар!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті (әрі қарай - Комитет) 04.08.2021 жылы Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 13:35-ден бастап кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне сәйкес тауарлардың тасымалдануын бақылау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кеден органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл, сондай-ақ ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды іс жүзінде әкетуді растау туралы ақпараттық өзара іс-қимыл уақытша тоқтатылатындығын сіздердің назарларыңызға жеткізеді. Қазіргі уақытта Комитет ақпараттық өзара іс-қимылды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жүйенің қалпына келуі туралы қосымша хабарланатын болады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.