Жарияланған күні: 05.09.2018 11:33
Өзгертілген күні: 05.09.2018 11:36

 

Жекелегенқызметтүрлеріменайналысуға

лицензиялардыпайдаланғаныүшінтөлемақытуралы

 

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы мынадай:

1) ойын бизнесі саласында;

2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі;

3) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде алынады.

 Лицензиарлар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәлімет береді.

Тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақы төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы тараудың мақсаттарында – АЕК) мөлшерінде айқындалады.

Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.

Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.

Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.

Төлемақы алу көзделген лицензияны беру бойынша тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақыны  есептеуді, есепке жазуды жүргізеді және төлемақы мөлшерлемелерін қолдану дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ өндіріп алудың толықтығы, төлемақыларды бюджетке төлеудің уақтылығы үшін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.

 

 

Атырау  қаласы  бойынша 

Мемлекеттік  кірістер  басқармасының

бас  маманы Ұ.С.Тлегенова