Жарияланған күні: 27.11.2018 15:34
Өзгертілген күні: 27.11.2018 16:14

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША ҚҰРАЛДАРЫН ТАСЫМАЛДАУЫ

 

 Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаттарын және (немесе) ақша құралдарын Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тасымалдауы 2010 жылғы 5 шілдедегі  Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаттарын және (немесе) ақша құралдарын Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тасымалдауының тәртібі туралы Шартқа сәйкес шектеулерсіз жүзеге асырылады. 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол ақша қаражаттарын және (немесе) жол чектерін Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тасымалдағанда, әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол ақша қаражаттарының және (немесе) жол чектерінің барлық сомасын көрсете отырып, оларды жазбаша түрде мәлімдеу қажет. Егер де қолма-қол ақша қаражаттарын және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы 10 мың АҚШ доллары баламасынан кем немесе оған тең болғанда не, ондай ақша қаражаттарын және (немесе) жол чектерін жеке тұлға өзінің тілегі бойынша  жазбаша түрде мәлімдей алады. Жол чектерін қоспағанда, Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын ақша құралдарын олардың сомасына қарамастан мәлімдеу қажет болады.​ Кедендік мәлімдеу кезінде жеке тұлғалардың тасымалдайтын қолма-қол ақша қаражаттарына және (немесе) ақша құралдарына жолаушылар кеден декларациясы қолданылады​, соның ішінде Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 шілдедегі № 287 Шешімімен бекітілген «Қолма-қол ақша қаражаттарының және (немесе) ақша құралдарының декларациясы» қосымша формуляры да толтырылуға жатады. Бұл ретте қандайда бір рұқсат құжаттарын көрсету талап етілмейді. ​

 

Атырау облысы бойынша МКД

Кедендік бақылау басқармасы

тел. 31-60-61