Жарияланған күні: 22.11.2019 13:33
Өзгертілген күні: 22.11.2019 13:43

 14 қарашада  Атырау қаласында, Sultan Palace банкет залында жеке тұлғалар мен ШОБ субъектілері үшін салықтық рақымшылық жасау, БЭК, ЕЭО елдерінен тауарларды заңсыз әкелу және камералдық бақылау мәселелерін талқылау бойынша семинар болып өтті.
Семинар жұмысына ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Ж. Инкербаев, ҚР ҚМ МКК аудит департаменті берешектермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы А. Садикбаева, ҚР ҚМ МКК салық әдіснамасы департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының бас сарапшысы Д. Бисеналиев, ҚР ҚМ МКК жедел бақылау департаменті экспорттық бақылау басқармасының өкілдері Қ. Исмағұлов және ҚР ҚМ МКК қашықтықтан мониторинг басқармасының өкілдері А. Сүлейменов, Атырау облысы мен Атырау қаласы МКД басшылары мен мамандары, салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылары қатысты.

Атырау облысы бойынша 3696 ШОБ субъектісі рақымшылық жасауға жатады. 2019 жылдың 14 қарашасына 2 151 субъект 1838,7 млн теңге көлемінде бересіні төледі.

2019 жылдың 14 қарашасында жеке тұлғалар қатарынан борышкерлер саны 58 мың адамды құрады, олар мемлекетке 520 млн теңгеден астам қарыз, бүгінгі таңда 14 120 ФЛ бойынша өсім есептен шығарылды.
Семинар барысында Қазақстандағы салықтық рақымшылық қорытындылары, салық берешегін өндіріп алу, камералдық, экспорттық бақылау және өндірістік емес төлемдер бойынша жұмыстармен байланысты аспектілер талқыланды.
Семинар барысында аймақ салық төлеушілеріне салық салу саласындағы мамандарға сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар семинарға қатысушылардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер қаралды.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі