Жарияланған күні: 27.11.2018 18:07
Өзгертілген күні: 27.11.2018 18:11

 

ЖАҢА КЕДЕН ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС ТАУАРЛАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ АЙНАЛДЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тауарларды және (немесе) көлік құралдарын мемлекет меншігіне айналдыру ерекшеліктері «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 204, 205, 206 баптарында көрсетілген.

      Тауарлар және (немесе) көлік құралдары:

      1) тауарларды және (немесе) көлік құралдарын тәркілеу туралы сот шешімінің;

      2) мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияның және осындай тауарларды қабылдап алу-беру актісінің негізінде мемлекет меншігіне айналдырылады.

      1. Тауарлар және (немесе) көлік құралдары тауарларды және (немесе) көлік құралдарын тәркілеу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мемлекет меншігіне айналдырылады.

      2. Кеден органы сот шешімінің негізінде тәркіленген тауарларды және (немесе) көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына береді.

      3. Сот шешімі бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлар және (немесе) көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады.

      Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар декларант тауарларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына берген күннен бастап тауарларға арналған декларация және қабылдап алу-беру актісі бойынша мемлекет меншігіне айналдырылады.