Жарияланған күні: 11.09.2019 09:53
Өзгертілген күні: 11.09.2019 09:55

 

 

«Жалпыға бірдей декларациялауға көшу кезеңдері»

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№262-VI ҚРЗ)Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Бірінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:

жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастапзаңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан  бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.

Еgov.kz "Электрондық үкімет" порталында жеке тұлғаның мүлкі туралы мәліметтерді салық декларациясында автоматты түрде толтыру функционалы әзірленді.

Жалпыға бірдей декларациялау қолданысқа енгізілгенге дейін «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» (250.00 нысан) қабылдау қызметі сынақ ретінде жүргізіледі. Осыған байланысты, әр жеке тұлға сынақ ретінде алдын ала декларацияны табыс етіп көру мүмкіндігі бар, бұл ретте, декларацияда көрсетілген мүлік туралы мәліметтердің дұрыстығына ерекше назар аудару қажет.

Сонымен қатар, декларацияны алдын ала табыс етіп көру дайындау-ақпараттық мақсатты көздейтінін ескере отырып, оны ұсыну нəтижелері бойынша пайдаланушының жауапкершілігі туындамайтынын атап ескертеді.

              Атырау облсы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы