Жарияланған күні: 23.01.2020 19:06
Өзгертілген күні: 23.01.2020 19:07

СЭҚ қатысушылар назарына!

 

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Қазіргі заманғы қоғамға Сыбайлас жемқорлық жағымсыз құбылыс болып табылады. Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық мүдделілікті төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміздің проблемасы ғана емес, бүкіл әлемнің проблемасы болып табылады. Қазіргі таңда барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз үлгілерін қайта қарап жатыр, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдайды. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін тұрақты түрде мұқият зерделеуді, жүйелік ұстанымды, кешенді және жедел қарсы іс-қимылдар талап етіледі.