Жарияланған күні: 19.06.2019 11:09
Өзгертілген күні: 19.06.2019 11:26

 

Салық төлеушілерге семинар өткізілді

Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен, Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге семинар өткізілді. Семинар қатысушыларына салық заңдылықтары жан-жақты түсіндірлді. Түсіндіру жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинарда салық төлеушілер арасында «Онлайн БКМ қолдануға кезең-кезеңмен көшу», «Біржолғы жиынтық төлем», «Электронды сауда» және «Салықтық рақымшылықтың жүргізу тәртібі» тақырыптарында сауалдар қарастырылды. Кездесу барысында басқарма қызметкерлерімен бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібі туралы, деректерді беру функциясы бар БКМ қолдануға кезең-кезеңмен көшу, POS-терминалдарды қолдану және БКМ қолдану тәртібін бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 284 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қаралатыны, біржолғы жиынтық төлемнің тәртібі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 39 бұйрығы өсімпұл мен айыппұл сомасынан берешегі бар борышкерге заң аясында берілген жеңілдіктер сонымен қатар электронды сауда мен оның жеңілдіктері жөнінде түсіндірме берілді.

Семинар кеңес соңында қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауаптар мен түсініктемелер берілді. Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Н.А.Сарманов және бас маман Г.К.Кабдрахманова жиналысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, салық міндеттемесін мерзімінде орындауға және салықтық рақымшылық мүмкіншілігін пайдалануға шақырды.

Атырау облысы бойынша МКД баспасөз-қызметі