Жарияланған күні: 08.10.2018 17:11
Өзгертілген күні: 08.10.2018 17:13

 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды

пайдаланғаны үшін төлемақы

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 589 бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда) сыртқы шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және олардың қандай да бір жер санатына жататындығына қарамастан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алынады.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттігі туындайтын тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 0,1 АЕК есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді. Төлеушілер төлемақы сомасын белгіленген мөлшерлемелерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған күн санын негізге ала отырып, дербес есептейді.

 

Атырау қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

Өндірістік емес төлемдерді

әкімшілендіру бөлімі