Жарияланған күні: 13.05.2015 20:32
Өзгертілген күні: 13.05.2015 20:35

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушіні беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды міндеттейтін (бұдан әрі - беру функциясы бар БКМ) норма күшіне енеді.

      Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 2015 жылдың 12 мамырында беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданудың жаңа тәртібіне көшуге қатысты дайындық жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық қызмет көрсету Орталықтары басшыларының және «Қазахтелеком» АҚ АФ-ның өкілдерінің қатынасуымен мәжіліс өткізілді.

  Мәжілісті жүргізу барысында мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Ж.Нұржанов мәжіліске қатынасушыларға  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің  беру функциясы бар БКМ техникалық талаптары туралы 2014 жылғы 29 қазандағы № 431 бұйрығын  және фискалдық деректердің операторы болып «Қазақтелеком» АҚ анықталғаны туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1393 қаулысын таныстырды. Сол сияқты қайта жаңалайтын бақылау- касса машиналарының үлгілері, жаңа тәртіпке көшу басқа да сұрақтары талқыланды.

Сонымен қатар мәжіліске қатынасушыларға  беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданудың жаңа тәртібіне көшуге қатысты  фискалдық деректердің операторы мәліметтері туралы  www.oofd.kz веб - ресурсында орналасқандығы ескертілді

 З.Қ.Нұрмашева - мемлекеттік қызмет көрсетулер

сапасын бақылау бөлімінің басшысы